11Батыс Қазақстан облысы,

Орал қаласы

№35 «Шұғыла» бөбекжай  МКҚК тәрбиешісі

Сул ейменова Эльмира Сериккалиевна

«БАУЫРСАҚ» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЕРТЕГІСІНЕ САЯХАТ» ӘЛДЕ «ЖОҒАРЫДА-ТӨМЕНДЕ. АЛЫС-ЖАҚЫН. ЛОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР»

(Ата-аналармен бірігіп өткізген ұйымдастырылған оқу қызметі)

 

Білім беру салалары: Таным, Шығармашылық, Денсаулық, Коммуникация

Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Мақсаты:

Білімділік: Жоғарыда-төменде,алыс-жақын; үлкен-кішкентай, жуан-жінішке; түстері- сары,қызыл, жасыл;пішіндер- шаршы, дөңгелек, үшбұрыш түсініктерін қалыптастыру, өзіне тікелей бағыттағы кеңістікті ажырата білуге үйрету. Тәуілік бөлігімен таныстыруды жалғастыру. Қоршаған ортада басқа геометриялық фигураларға сәйкес келетін заттарды табуды жалғатыру.

Дамытушылық: Еске сақтау, логикалық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Бірігіп жұмыс жасау қызығушылығына тәрбиелеу.

Көрнекіліктермен қажетті құрал-жабдықтар: «Баурсақ» ертегісіне кейіпкерлер, ұзындығы әр- түрлі жолдар, тұзді қамырдан түрлі пішінді, түрлі түсті печениялар, әр балаға жұмыс дәптері, жай қарындаштар.

Алдын− ала жүргізілетін жұмыс: «Баурсақ» ертегісін сахналау, сурет бойынша әңгімелесу, тұзді қамырдан түрлі пішінді, түсті печениялар мүсіндеу. Ата-аналармен дайындық жұмыс жүргізу.

Полигвалдік компонент: жоғарыда-вверху-above , төменде-внизу-below , қызыл-красный-red-,жасыл-зеленый-green, сары-желтый-yellow;шаршы-квадрат-square, үшбұрыш-треугольник-трайэнгел, дөнгелек-круг-circle.

Әдіс−тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету, түсіндіру

Мотивациялық қозғаушылық:

Шаттық шеңбері

Дос болып біз жүрейік,

Ойнайық та күлейік.

Достық деген тамаша

Міне, тұрмыз жараса.

— Өте жақсы, балалар, бізге көптеген қонақтар келіп қалды, амаңдасайықшы.

Балалар сендер ертегіні жақсы көресіндер ме? Қандай ертегілерді білесіндер? Балалардың жауабы

Ғажайып сәт: Мен бүгін таңертен балабақшаға келе жатқанда ертегі кейіпкерді кездестірдім. Ол сендермен кездесіп, көңілді саяхатқа шаққысы келеді. Сендер онымен кездескіңіз келе ме?  Онда жұмбақты шешіндер:

Терезенің алдында жатқысы келмей,

Қашып кетті орманға…

  • Дұрыс. Бауырсақ . Міне ол. (үстелдің үстіне шаршы пішінді бауырсақты қоямын).

(Шаршы бауырсақтын артынан шеңбер Бауырсақты шығарамын).

Балалар, сендер «Бауырсақ» ертегісін білесіңдер ме? Ертегінің сонында не болды? Балалар пікірлерін айтады.

—           Біз бүгін математиканы жақсы көретін  «Бауырсақ» жаңа ертегісіне саяхатқа барамыз.

Мен Бауырсақпын зулаған,

Қаймаққа шыланған.

Атаданда қаштым,

Әжеден де қаштым

Орманға домаладым.

Математикамен достастым.

Ізденушілік-Ұйымдастырушылық: — Балалар, саяхатқа немен барамыз? Балалардың жауабы

Иә, поезбен барамыз. Поезбен бару үшін билет алуымыз керек (геометриялық пішінді билеттер)

— Бұл не?Балалардың жауабы

— Вагондардын терезелері әр- түрлі пішінді. Сендердің қолдарында әр-түрлі пішінді билеттер бар.Билет вагоннын терезесіне сәйкес пішінді болу керек.

— Мен кондуктор боламын, билеттерінді дайындандар, қандай пішінді және неге ұқсайды (- Геометриялық пішіндер)

(дөнгелек- күнге ұқсайды; үшбұрыш- үй төбесіне, шаршы- терезеге)

— Жолға шығайық (музыкамен) Орманғада жеттік.

Казір қай жыл мезгілі? (Балалардың жауабы)

Күз мезгілінің ерекшеліктерін аттаңдаршы

Орманда не өседі?  — Ағаштар.

— «Ағаштар қандай болады» ойын.

Биік-аласа (қимылдарымен көрсетеді)

Бұтақтары қанша болады? (Көп)

— Жуан-жінішке

— Діні бір, бұтақтары…?

— Жел тургенде, ағаштармен не болады? (Тербеледі)

— Міне қоян

— Сәлеметсиз бе қоян! Неге мұнайып тұрсын?

— Жөғары-төменді ажырата алалмай тұрмын

1.Тапсырма

-Сатының жоғарғы жағында кім тұр?

-Сатының төменгі жағында кім тұр?

-Қыз баланың жоғарғы жағында болу үшін не істеуі керек

-Сонда ол қай жерде болады?

-Бала сатының төменгі жағында тұру үшін не істеуі керек?

-Сонда, ол қай жерде болады? (Балалардың жауабы)

Сергітту сәті

Қасқырмен кездестреді:

  • Баурсақты жібермеймін

Оны мен жұтып қоямын

(Балалар жемеуін өтінеді)

— Жақсы мен жемеймін, ал сендер маған көмектесесіндер. Мен достарымен дауластым: түнде – ойнаймыз, кешке балалар балабақшаға барады, таңмен үйықтайды…

— Дұрыс емес қасқыр, біздің балалар біледі қай тәуілік уақытында не істейтінімізді

«Не қашан болады?» суреттер арқылы ойын

Қасқыр: Рахмет сендерге балалар! Тәуілік бөліктерін үйретіндер маған

Мен сендерге жол көрсетемін. Ең ұзын жолмен жүресиндер

—           Міне жүретін жолдар. Канекей, нешеу, санайықшы.

-Түстері қандай?

— Ұзындығы бірдей ма?

Қай жол ең ұзын?

— Қай жол ең қысқа?

— Қай жолмен біз жүруіміз керек? (Балалардың жауабы)

Саппен жүреміз

— Аюғада келіп қалдық.

-Аю сен неге мұнайып тұрсын?

— Біз орманға серуенге кеткенде, Маша келіп, заттарымызды шатастырып тастады.Енді қай ыдыс, қай орындық, қай керует кімдікі екенін түсінбей жатырмыз. Бізден көмек сұрап жатыр.Көмектесеміз бе? Канекей, есімізге түсірейік, әкесі қандай үлкен  әлі кішкентай ма?

— Канекей, аю-папасына үлкен заттарды ең үлкен коропшаға саламыз, анасына-орташа коропшаға, ал ең кішкентай коропшаға – қоңжыққа

(Балалар заттарды 3коропшаға салады)

Түлкінің үйішігіне келеді

-Түлкі салеметсиз бе!

(Түлкі анғылшын тілінде амандасып, баурсақты көріп, қуанады)

-Бауырсақ, Бауырсақ мен сені жеп қоямын

— Біз балаларымызбен печения пісіріп алып келдік, олар жәй пешения емес, түрлі түсті және пішінді.

— Мен түстерді және пішіндерді ажыры алалмаймын- деп мұнаяды

(Балалар печениялардын  пішіндерін атап, түстері бойынша ыдыстарға салады)

 «Шаршыны тап және қорша» ойыны.

-Балалар, маған мына суреттегі заттарды атап беріндерші?

Балаларға суреттен шаршыға ұқсайтын заттарды тауып, атап көрсетуді және оларды қоршап сызуды тапсырады. (Балалар суреттегі заттардың атын атайды: үй, күн, алма, шырша, шар, теледидар, текше, үшбұрыш. Мысалы: балалар текшені, теледидарды қоршап сызады)

Жеке жұмыс жүргізіледі.

Алдарынан әже шығады. Балалар әжеге Бауырсағын аман-есен жеткізеді.

Әже балаларғы алғысын айтып, түрлі пішінді печения береді.

Топқа оралады. Қорытындылау.

Күтілетін нәтиже:

Білу:кеңістіктегі бағыттарды бір-бірінен ажырата білуді және атап көрсетуді: алыс-жақын, жоғары төмен.

Үйрену: заттардың кеңістікте орналасу бағдарын: жақын-алыс.

Меңгеру: заттардың геометриялық фигуралармен салыстыру дағдысын.