Тарих  —  құрметтей   білуді   жақсы  көреді !

«Ұлы  даланың жеті қыры»   атты Елбасы  мақаласы   кез — келген   Қазақстан  Республикасы азаматының   ойынан  шығып,  жүрегімізде   кең  даламызға   деген  мақтаныш  сезімін  оятты.

Жалпы,  еліміздің  басынан  кешкен  тарихынан    тағылым алар   тұстары  көп  екені  айқын.

Елбасы   мақаласында    еліміздің   сонау    қола  заманынан   басталған   кемел   ескерткіштерінің   тамаша  үлгілері  туралы   таңғаларлық  дәйектер  келтіріледі.

Тарих  нағыз  жады , еліміздің   басынан  кешірген небір  зұлматтарынан  бөлек , мақтаныш  оятар  тұстарымыз   баршылық  екен.    Елбасы      тарихымызды   білу арқылы     жастарымызды  адал  болуға , патриот болуға  шақыратыны  айдан анық.

Сондықтан,  археологтарымыздың    топырақ пен  тастардан аршып алған  жәдігерлерімізді    әлемге  паш  ететіндей       , туристер  таң  қалатындай, , еліміздің  өркениетіне   әлем қызығатындай         жаңаша     ғылыми   тұжырымдамалар  жасалғаны   дұрыс  сияқты.  Біз      еліміздің  тарихы  арқылы  әлемдік  тарихқа   енсек   ,  танылсақ  үлкен   зор  моногрфиялар   жазылса ,   ол   құнды  еңбектер   әлем  тілдеріне  аударылса   құба  құп  болар  еді.

Елбасы        «атқа  отыру»  өнерінің    дамызда  кең   қанат  жайғаны  туралы  айтып    кетті,     сол  мақалада  айтылғандай  шынында  біздің  еліміздің     қанатты аттары   «Алтын адам »   қорғандарынан  табылып,  еңсемізді    көтеріп  отыр.    Сол  алғашқы   «Алтын  адамның »    бас  киіміндегі  « қанатты аттар»    бізге   мәңгілікке  қызмет  ете  берері  сөзсіз!

«Ұлы  Жібек    жолы»  бойындағы   қалалардың   орындары   елімізді   қуатты    көршіміз-  Қытай Халық Республикасымен     тату-  тәтті  көрші  болуға   мәңгілік  өсиет  еткендей  ғой ,тіпті !

Жалпы,  тарих   дегеніңіз  кешегі  күннің      дәлелі, ата -бабаларымыздың  ұлы

мұраларына    үлкен  жауапкершілікпен  қарауды    талап  ететін секілді.

Мысалы, Елбасы  өз  мақаласында   жазған   «Отырарды»  алайық,       елімізде   Отырар  болған  тұста  200 –дей  елді  мекен  болған  екен, ал  тарихта   ерекше   көзге   түскені    де «Отырар!!.

Себебі , онда  үлкен   тарихи  шайқастар,  ерліктер , опасыздықтар  да   орын  алған  болатын, Елбасы    жазғандай  тарихи   қаланы  қалпына  келтіру – туристерді    қызықтыруға  да  сеп  болары  сөзсіз!

Тарих     жалпы,   ертеңімізге  ерекше   киелі   орындарымызды аман  жеткізуге   үндеп отырғандай.

Елбасы  бізге архивтер,яғни елімізден шет  жерде орналасқан архивтердегі еліміз атрихына қатысты мұраларға  -тереңнен   зерделеп қарауды  мұқият  тапсырып отыр!

Ол  кезде    ғалымдар оны  өздерінің     саяхаттауына айналдырып жібермей,   көптеген  архивтегі   тың    құжаттармен    терең  отыра,  академиялық  түрде  жұмыс  жасаулары  қажет   деп ойлаймын !    Елбасының  түрлі бастамалары   әсіресе ,тарих саласына  қатысты  болып  келегені  өте  керемет  болды!     Біз ,еліміздің тарихшылары  тыңнан  түрен салып,  игі бастамаларды  қолдап  һәм   өз шама шарқымыз жеткенше  үлес қосуға  да  міндеттіміз  ғой !

Менің  КазМУ-дегі  ұстазым,  кезінде  сабақ берген ағайым Қайсар Құсайынов  айтып еді  , 2013 жылы   :  «Сіздерге  айтайын, мынау  тұрған көрші  ел ,  Ресейде  біздің   Ресей мен Қазақстан  қарым қатынастарына арналаған  500 томдық  құжаттар  жатыр ! » деп, сол кезде керемет таң  қалған едім, шынында  мен  таңқалдым :

Енді міне, Елбасының кемел саясаты  арқасында   жаңа  жобалар  қолға алынып, еліміз тарихы   жаңа  деректермен толығып,   еліміздің мәртебесі биіктей берері хақ!

Әсіресе, Жамбыл облысы,  осы  Талас өңіріндегі    тұрақтар   сол  келешек ғалымдар назарынан  тыс қалмаса  екен  деп ойлаймын !

Біздің Талас ауданы ,  алғашқы адам  мекендеген құтты  өңір екені  айқын дәлелденген,  еліміздің  тарихын  жаңа  түрен салар уақытта    алғашқы ата бабалыларымыз да  тарих   оқулықтарынан  шет қақпай  болмаса  деген ойыммды айтқым келеді .

Ондағы  байлықтар   сол 1957 жылы Хасен Алпысбаев атамыз   археолог Алматыға алып кеткенімен,  бірен саран  тас  құралдар   әлі де кездесіп  қалады.

Мен өзім  де  екі  үш   қырғыштарды      көріп, алғашқы ата баба   еңбекқұралдарын  қолмен ұстап, таң тамаша қалумен келемін.

Шынында,  ол  еңбек құралдары  тастан  долбарлап жасалған,    үшкірлеу,  тіпті  басбармақ  іздері  және  саусақ ііздері  айқын  қалып қалған,    оны  қолға  ұстап  ,көргенде түлі  ойларға  жетелей  жөнелгендей  болары  сөзсіз )!

 

 

                                                                                                   Алима Джумабаева,

                                                                       Қаратау технология,білім  және  бизнес  кі тарих  пәні  оқытушысы