«№8 мектеп  білім беру  орта  мектебі»КММ

Эссе

Тақырыбы:

Ойын  элементтерін   қолдану   арқылы  оқушылардың  білімін  апттыру

Орындаған:Шомбылова  А И

 

   Ойын  элементтерін   қолдану   арқылы  оқушылардың  білімін  арттыру

Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қазіргі қоғам алдындағы басты мақсаттардың бірі.Әрине жас ұрпаққа  жан-жақты білім мен тәрбие беру,әрбір ұстаздың міндеты. «Қырық жыл ұстаз болсанда,қырық бес минуттық сабағыңа тиянақты әзірленген»деген қағида бар.Әрбір мұғалім өзінің сабағына жан-жақты әзірленіп,заман талабына сай әдіс-тәсілдердің тиімдісін қолданып,оқушының тақырыпты игеруін көздейды.Тандаған әдіс-тәсілдің тиімділігін неден көруге болады?Оқушылардың білімін арттырудағы ең тиімді тәсіл сабақта ойын элементтерін қолдану деп ойлаймын.Ойын дегеніміз-халықтың баланы әдептілікке,сауаттылыққа баулитын құралдың бір түрі.Мектепте тәрбиенушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда жұмыс түрі ойын әрекеті.

    Сабақта ойын элементтерін енгізу оқушының білім алу үрдісін жеңілдетеді.Ойынды балалардың өз бетімен ерікті атқаратын іс-әрекеті,ойын арқылы адамның жан дүниесінің барлық қырлары жүректілігі,ерік-жігері қалыптасады.Сабақта тиімді қолданылған ойын кезінде балалар тез сергіп,тапсырманы жылдам,дұрыс орындайтын болады.Ойын түрлерын оқу барысын пысықтау,жаңа сабақты қорытындылау кезеніңде,қайталау сабақтарында пайдалануға болады.

Ойын элементтерін пайдаланып,әрбір баланын қабылетін ашуға болады.Ойын кезінде балалардың ортамен қарым-қатынасы кенейіп ,таным қабілеті өсіп, мінез-құлқы қалыптасады,ойынның сан алуандығы балаларды достыққа,адамгершілікке тапқырлыққа,шапшандыққа баулиды.Өздігінен жұмыс жасауға үйренеді.Сөздік қоры байиды,зейіні қалыптасады,сабаққа қызығушылығы артады. «Математика патшалығында» сыныптан тыс шара ұлттық ойындардың бірі «Бәйге» ойыны арқылы ұйымдастырылып,әріптестерім арасында жоғары бағаланды.Өз тәжіребиемде мынадай ойын түрлерін қолданып келемін. «Күн шуағы» «Аңдарды құтқару», «Сақина тастау».Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ оқушының жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді,жеңіл келеді.Сабақта тиімді қолданылған ойын технологиясы-мұғалімнің түсіндіріп отырған жаңа материалын оқушылардың зор ынтасымен тындап,жемісті,сапалы менгеруіне сенімді көмекші бола алады.Ол үшін сабақта сыныптағы оқушының барлығын қызықтыратындай ойын түрлерін құрастыру қажет.Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды жақсы қызығушылықпен,белсенділікпен орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Эссе

Туған жерге тағзым

 

Туған  жер  біз үшін  әрқашанда  ыстық.Ол жердің  тау-тасына  дейін  өзіндік  жылуы  болады.Бізді  өткенімізбен болашығымызбен  байланыстырады.             Сондықтан,кішкентай  кезімізден  бастап,отанға  туған  жерге  деген  махаббат     сезімі  оянады.Ал, туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген сөзбен сәйкес десен артық айтпаймыз. Елбасымыздың  өзі айтқандай-Отансыз адам қай жерде жүрседе бейшара адам.Сол  үшін өзіннің туған жеріңе,отаныңа адал болуын керек.Неліктен туған жерімізден жырақ кетсек оны сағынып аңсаймыз?Себебі,біріншіден,ең алғаш кіндік қаның тамған жер және ол жердегі әрбір кошелер көзіңе ыстық болып көрінеді.Екіншіден,достарың,құрдастарың барлығы сол жерде болған соң оларды сағынып аңсайсың.Үшіншіден,туған жерде өмірге дүниеге келген сәттен бастап тұрып жатқан соң,мейлі 1 күнге болсын алыс кеткең,мұнайып,тезірек оралуды ойлайсың.Осы үш дәлел арқылы туған жерге сағыныш сезімін оятын белгілерді білуге болады.Қорына  айтқанда,туған жеріміздің дамуын,көзге көрікті болуын өзіміз де жүзеге асыра аламыз.Сол жердің қара тасын да құрметтесек,біздің қаншалықты Отан сүйгіштігіміз,кіндік қанымыз тамған жерге деген құрметімізді айқын көрсете аламыз.