Ақын ағам, Алатаудай шыңымсың!

(М. Мақатаевқа арналады)

Еңбексүйгіш,ерінгенге жаны қас,

Мұқаң сынды ғажап ақын табылмас.

Поэзия  тасын өрге сүйреді-ау,

Сонда-дағы басынан сор арылмас.

Мұқағали – бауырмалдық иесі,

Адал, пәк, нәзік еді жүрегі.

Нағыз дос боп, мұңын шаққан Фаризаға,

Ақ көңіл де адал жанның бірі еді.

Әрбір жанның көз алдында жүресің,

Айтқан сөзі нысанаға тиетін.

Үлгі болар айтқан сөзің киелі,

Жаттап жүр ғой, талай қазақ баласы.

10 жасында ән шығарып әжесіне,

Меңгерген сөз қадірін тым-ақ ерте.

«Фантазия» өлеңінде жеті қат бар,

Ғаламаттар туылған өлеңінде.

Ұлттың ұлы арманымен ұрықтас,

Әрбір сөзің көкіректе құлыптас.

Ақиығым, Ұлы дала өзіңді —

Және өлең-жырларыңды ұмытпас.

Ақын ағам, алатаудай шыңымсың,

Ар-намысым, ақиқатым, шыңымсың.

Жанындасың, мәңгілік қазағыңның,

Арналады өзің үшін жырым шын!

 

Ақниет Маратқызы,

Нұра орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі