Алматы облысы

Қарасай ауданы

Жамбыл ауылы

«Жамбыл атындағы орта мектеп МДШО» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі : Багатаева Б.П

 

Жаңартылған білім бастауы.

Қазіргі заман талабына сәйкес білім беру мазмұны түбегейлі өзгерді.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімнен аспанға жол салынар — деп халықтың даналы сөзі көпке терең ой салады. Шынымен де қарап отырсақ білімнің дамығаны соншалық, біліммен аспанға, яғни ғарышқа жол салып  жатыр. Сондықтан да жаңартылған білім, білім бастауы деп айта аламыз.

Жаңартылған білім мазмұны оқушылардың дамуына баса көңіл аударған. Бұл жаңартылған бағдарлама оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға, оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыру, белсенді сөздік қорын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі басқару, топты басқару, қорыту, бекіту, өз пікірін ашық айту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.

Жаңартылған білім бағдарламасы ұсынылып отырған мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, қалалық және ауылдық жерлерде қолдану бағдарламалық материалды «жақсы» және «өте жақсыға»  меңгерген оқушылардың саны едәуір артты. Жаңа бағдарлама аясында жұмыс бастаған алғашқы жылы мұғалім сабақтардың құралымын, формасын және мазмұнын өзгертеді. Мұғалімнің өз рөлі де түбегейлі өзгереді. Көп жағдайда мұғалім оқу процесін басқарып қана, оқушылардың өзіндік дербес танымдық қызметін ұйымдастырды.

Мұғалімге оқушылардың белсенді оқу қызметін ұйымдастыру формаларын мұқият ойлап әзірлеуге тура келеді. Ұйымдастырушы, кеңесші рөліне көшу мұғалімнен өзінің сана-сезімін, оқушыларға қатынасын эмоциялық және ақыл-ой қуатын қайта құруды талап етеді.

Жаңартылған бағдарлама бойынша білім беру, білім барысында түбегейлі өзгеруді талап етіп отыр. Мұғалім алғашқы жыл тәсілдерді сынауға арналған, оны жаңа бастаған мұғалім ойға алғанының бәрі аспағандықтан , көбінесе ыңғайсыз, қанағаттанбаушылық сезімде болады. Кейде мұғалімнің шарасыздығы байқалуда, ал бұл оқушылар назарынан тыс қалмайды. Өзің жете түсінбеген жаңартылған бағдарламаны әп – сәтте меңгеріп кету кім-кімге де оңай соқпасы анық. Сабақтағы мұғалімнің мазасыз жай-күйі, балалардың өздеріне тосын жаңа ойындарды сынықтан өткізу  барысындағы қиындықтар салдарынан біраз уақытты өткізіп алу осы кезең оқушылардың  білім деңгейін біршама төмендетеді.

Жаңарту шеңберінде білім берудің екінші жылы оқу процесі біршама тұрақтандырылады. Мұғалім мен оқушы өздеріне нық сезініп, өз күштеріне сене бастайды. Ендігі таныс болып алған оқыта үйрету ойындары (сабақтарда олардың тек мазмұны ғана өзгереді) мұғалім оларды жүргізу ережесіне кететін уақытты үнемдейді. Оқушылар өзара сөйлесіп, өзара қатынаста болуға төселеді, бұл олардың өз ойларын дұрыс қиыстырып, сыртқа шығарып айтуға мүмкіндік еркін береді. Үшінші жыл көптеген оқушыларда пәнге тұрақты қызығушылық пайда болумен сипатталады.

Бұл кезеңде оқушылар оқу процесін осылайша ұйымдастырудың артықшылықтарын түсіне бастайды, өйткені үй тапсырмасының көлемі азаяды, оқу материалы есте жақсы сақталады, оқушының сөйлеу тілі, қисынды ойлауы дамиды, қорқыныш, мазасыздық сенімі жойылады, өзін таныту мүмкіндігі, оқушының өзіне деген сенімі пайда болады. т.б.

Оқушылар өзара сөйлесудің, топпен, жұптық, жекеше жұмыстардың артықшылығын көреді.

Оқу материалына бірнеше мәрте оралу, бір күрделілік деңгейінен екіншісіне қиындықсыз өту оқушының біршама жоғары балл алуына мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың өз күшіне сенуіне мүмкіндік береді. Оқушылардың оқуға деген жағымды қызығушылығын қалыптастырады.

Дарынды балалар сабақта жүйелі түрде, үнемі аса жоғары күрделілік деңгейінде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады, » қабілеттері » бар оқушылар өздерін танытады. Бұл бағдарламалық    материалды басқа оқушыларға қарағанда тез орындағанда ғана мүмкін болады.

Үшінші жылдың соңына қарай біз бағдарламалық материалды «жақсы»  және  «өте жақсы» меңгерген оқушылар санының тұрақты түрде артқанын байқадық. Оның үстіне мұғалім оларға қойылатын талаптар деңгейін төмендетпейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасын үш жылға жуық уақыт бойы меңгерген бастауыш сынып мұғалімі әртүрлі деңгейдегі оқушылардан тұратын сыныптарда оқу процесін нәтижелі, тиімді ұйымдастыра алады.

Бұл жаңартылған білім берудің тиімділігі әр бөлімнен кейін алынған  тест, бақылау, сынақтар біздің экперимент барысында алған мәліметтерімізді растай түседі. Бұл жаңартылған білім жүйесінің артықшылығы жоғары, орташа, төмен білім деңгейлерін балалармен жұмыс істеуде гимназиялық, лицей сыныптарда жалпы білім беретін қалалық немесе ауылдық мектептерде де қолдануға болады.

Зерттеу барысында гимназия және лицей мектептерінде оқушылардың көпшілігі II және I деңгей тапсырмаларын тыңдап, оны жақсы орындайды. Білім деңгейі орташа сыныптарда III, II деңгейлі тапсырманы орындайды, тек кейде ғана оқушы I деңгейлі тапсырманы орындайды. Білім деңгейі төмен оқушылар III деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеуден бастайды.

Алайды, бұл шешілмейтін мәселе емес, бастауыш сынып мұғалімі 4 жыл бойы тұрақты бір сыныппен жаңартылған білім бойынша толыққанды жұмыс жүргіссе, неғұрлым жоғары деңгейлі тапсырманы орындайтын білімді балалар санын көбейтуге болады. Соның нәтижесінде аудандық, облыстық, Қазақстан Республикалық Кіші Ғылым жеңімпаздары  болатын оқушылар санын арттыруға мүмкіндік береді. Осы зерттеулер нәтижесінде жаңартылған білім аясында еңбек етіп жүрген ұстаздарымыздың берген білімдерінің арқасында көп жетістікке жетуде.

Шарықтап білім шыңына,

Қол созып жетем демеймін,

Саналы ұрпақ алдында,

Саналы білім іздеймін.

 

 

Жақұттың жарық сәулесін,

Білімнен ғана іздеймін.

Жаңартылған білім бастауын,

Болашақ үшін бастады,

Шәкіртке терең ой салып,

Білімге бастар жол тапты,- дей отырып, болашақ ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру үшін, бар күш-жігерімізді жиып, алдымызға қойған мақсатқа жету үшін заман талабына сай даму, әлеуметтік желі т.б. АКТ құралдарын  меңгеру. Оқушыларға нақты білім беру үшін, өзіміз білімді болуымыз керек. Егер ұстаз өзі білімді болса, оқушы жүрегіне білім нәрін ұялата алады. Күнделікті білімді жетілдіру арқылы көштен бір елі қалмауымыз керек.

«Білім басы – бейнет,

Соңы зейнет»- деп халық даналары айтқандай, оқушы жүрегінен жол таба білейік.

Білімді, білікті ұрпағымыз бар болса, біз алмайтын қамал жоқ, жаңартылған білім беру арқылы өзіне сенімі мол, алға қарай нық басатын саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз деп есептеймін.