Ұлы Даланы  ұлықтайық !

Өлкеміздегі  «Қотыр әулие  бұлағы »   туралы  не  білеміз   ?

Елбасы  « Ұлы Даланың  жеті қыры»  атты мақаласында   көптеген  ой  қозғады.

Еліміздегі   ,даламыздағы   ұлы  есімдерді  жаңғырту  туралы  көптеген тапсырмалар  берілді.   

 

 

Жамбыл облысы , Талас ауданы —  бір қарағанда,шөлді   және  шөлейітті   аймақ  болғандығына  қарамастан  шипалы   суларымен  де  белгілі  болып   отыр.

Сол  сөздерімізге   айғақ  келтіретін   болсақ,  онда  есімізге  ең  алдымен  оралатыны

бірнеше   маңызды бұлақтар мен  сулар ,киелі орындар  баршылық  болып отырғаны  өте  қызғылықты.

Тамды  ауылына  жақын орналасқан ,   «Қотырбұлақ әулие  бұлағы»  туралы  түрлі  түрлі  зерттеушілер    көптеген  қызғылықты материалдар  жинаған.    Олардың  ішінде  ерекше  бөліп  айтсақ,   филология ғылымдарының  докторы, профессор         Жанғара  Дәдебаев  «Талас   аңыздары»  кітабында  , Саулембай  Әбсадықов   Талас  ауданының  90  жылдығына  арналған    жинақ  кітапта     ерекше      кеңінен  зерттеу  мақалаларын  жазған.

Мені  қызықтыратыны,  бұл  мекендегі  бұлақтың   топонимі   болып отыр.  Медицина  ғылымы  қанша  дамыса  да кейбір ауруларға   шамасы  келмей  жататын жағдаяттары  да аз емес, сондай да  есімізге  соңғы  кездері  неден болатыны   белгісіз  тері  аурулары  да    жазылуы  оңай емес  екендігі  белгілі.

Тері  аурулары түрі мен өршу  себептері   де  әр қилы  болғанына    қарамастан  бір  ғана сөзбен   «қотыр» деп  сипатталып   жатады.

Халық ауыз  әдебиетінде  «өз  қотырын  өзі  қасып, »  немесе   «қотыр   қолдан  жұғады »

деген  сияқты  түрлі   мақал  -мәтелдер    бұл    дерттің     халыққа   біраз   әурешілік  әкелгенінен  хабардар    етіп  тұрғандай, және  айта  кетерлігі   түрлі  сықпамайлар ,  дәрі-  дәрмектер  сатып  алу   да  науқастардың    жүйкесіне  әсер  етпей  қоймас.

Ал,   «Қотырбұлақ    әулие   бұлағы » жайына   келсек  ,  ертегі   секілді  түрлі     афсаналар    —     өз   қолындағы   барды   бағалай  алмайтын ,   аңғалдығымызды     анық  аңғартып  отырғандай.Себебі,  бұлақ    суы     адамдарға  үлкен шипа  беріп  келгені   туралы  аңызға  бергісіз  фактілер  дүйім  елдің  аузынан   жиі — жиі  шығып  қалады.

Әулиелі  бұлақ  басында  отыратын   шырақшылар   айтатын   әңгімелері  қиял  -ғажайып   ертегілері   секілді   көрінгенімен ,   Қотырбұлақ  суына      үш  рет   түсіп,  балшығын   жарасына   жаққан   адамдар  айығып ,  құлан  таза   айығып  кететіндігі      облысымыздан   алыс   аймақтарға   да    жеткен ,  сол үшін  де  Қазақстанның  ең   ұылы қаласы  Алматыдан ғана емес , Ресейден  де   ем  алушылар  келген  сыңайлы.

Себебі,  тері  аурулары      оңайлықпен     адамнан  кете  қоймайды,      осыдан  соң    қияннан      болса  да   келіп,  ем -дом  алып  кетуді  жөн  санайтын     қалталы   азаматтар  жеке   көліктерімен  келіп,  науқас  болған  туыстарын  суға   шомылдырып,

ерекше   алғысын  айтып  та ,ерекше    белгілер  де  қойып кеткен.Сөзімізге  дәлел : бұлақ  басына Қырықбаев Тоқсанбай әулетінің  атынан тас  белгі   қойылған.

Дегенмен ,    бір    айта  кетейін  дегенім  —  ғалымдар    келіп,  сылдыраған   бұлақ  суының    құрамын  тексеріп,  шын  мәнінде  қандай   ауруларға  ем  болатыны  турасында  нақты  ғылыми  тексерулер   жүргізсе дұрыс   болатын  сияқты. Бұлақтар  бала  кезімізден  белгілі  көз сияқты   мөлдір,  суы  таза,  әсіресе  шөлдеп  келе  жатсаң, бір сіміріп  алғанда   мейірің  қанады  емес  пе?

(Мен  өзім  ,  Түркістан  облысы , Сайрам  ауданында   «Қайнар  бұлақ »   деп  аталатын  кеңшардың    Ленин атындағы  бөлімшесінен   едім  ғой, қазіргі  Түркістан  облысы   атаулары «Қара бұлақ»,  «Бадам»,  «Бөген »,  «Ақсу»,  «Қара су»,  «Қошқар ата »

деп аталып,бұлақ  ,өзен,сулардың аттарымен   аталып,  Түркістан  облысында  — судың  мол екендігінен  хабардар  етіп тұрғандай. )

Жалпы, Талас  ауданының   облыс  орталығынан  алыс   жатуы  ,  шипалы  бұлақтың    қасиетіне  сай      құрметтеу ,зерттеп, зерделеу    жетпей  жатқандығы  аян.

Бұлақ    суынан   шипа  алған  адамдар есебі  сансыз  көп  екен,ал  оларды    санап , есеп  қисабын   да     алып   жатқан    ешкім   жоқ.

«Қотырбұлақ  әулие     бұлағы»   басында        көптеген  зираттар  да   бар  екен,   ол  кісілер   кезінде   ислам  дінін  таратқан     қасиетті    жандар   болыпты,  ол  кісілдердің    аттары  да  : «Кәрім »,  «Мысыр» , « Ықылас»   ,       деп   аталады  да     әулиелер  ме  ,   «  Египеттен     келген  кісілер  ме»  деген  сұрақтар  оятады.

Ыбырай  Алтынсарин     атамыздың   «Мөлдір  бұлақ !»  атты     әңгімесінде        бұлақтың суын   татып  көргендер  түрлі  ойларын  айтып, «    Болсаң  осы   бұлақтай  бол ! »    деген  жолдардың      мағынасына   талас  туып , әркім    өз  ойын  айтатын   керемет   тұстары   бар   деі  ғой,  шынында    табиғатта     сыры  ашыла   қоймаған    түрлі  құпиялар    кездесе  берері  сөзсіз !

Адамдардың   немқұрайдылығынан  көптеген  азаматтарға   шипасы   тиетін   осы  бір  «Қотырбұлақ   әулие  бұлағы»   да   өзіне     деген  қамқорлықты  ,   жалпы  үлкен  ықыласты   күтіп  жатқан  болар  !