2019 –Жастар  жылынан    жағымды   жаңалық !

 

«Қазақ  поэзиясының хан Тәңірі–Мұқағали !»

Елбасы   Н. Ә. Назарбаевтың    2019 жылды    «Жастар   жылы !»    деп   жариялағанынан   бері    колледж    студент жастары  да     бұрынғыдан  бетер  көптеген  бастамалар  көтеріп, ал   өнерлі  өрендер    білімге     де  , мәдени іс  — шараларға    де  уақыт    табатынын   дәлелдеп  келеді.

Қаратау технология, білім  және бизнес   колледжінде   «Қазақ поэзиясының  хан   Тәңірі –Мұқағали!»    атты  әдеби  -сазды  іс -шара  өткізілді.

Әдеби сазды  іс  -шараны    директордың  оқу және  тәрбие жұмыстары  жөніндегі  орынбасары  Баян Айтқалиқызы  Жилбаева  арнайы  құттықтап,    ақиық ақын Мұқағали   Мақатаевқа    арналған   және    туған  күніне  орай  ұйымдастырылып  отырған,   іс — шараны   ашып  берді.

Баян Айтқалиқызы    Мұқағали  туралы    сырларымен    бөлісіп,   «бүгінгі   қазақтың   Абайдан   кейінгі   біртуар  ақыны  , Алаштың   ақиығы  Мұқағали Мақатаев  турасында  естеліктер  айтып, ақын   туған   Қарасазда   «педагогикалық    тәжірибеден»  өткен   кезде    ол кісінің анасынан      ақ  батасын  алып, ақынды  да    өз  көзімен    көргені  турасында   толғаныспен  жеткізді.   Сонымен  қатар,    ақынға   арналған   үлкен   даңғылдар , мектептер   бар  екендігін, Алматы   сияқты   әсем  қалада   Мұқағали Мақатаев  атындағы    гимназия     мұғалімдері мен   оқушылары   ақынның    бір — бір  өлеңін  жатқа  айту     үрдіс   болғандығы»   турасында қызғылықты    ойларын  ортаға  салды.

Бағдарламаны бастан аяқ  жүргізген оқу озаты Сауранбек Динара ақынның бала  кезі   соғыс    уақытына     тап  келіп,   көптеген   қиындықтар  көргені турасында, алайда  талантты  адамдарды  қиындықтар  шыңдап, оның   таланты   ,ешкімге  ұқсамайтын  өзіндік  қолтаңбасы     сол  кездегі  студенттерге  жігер  беріп,  ақынның   көз майын  тауысқан,    еңбекқорлығы , аудармашылығы, қара  сөзбен де   жазған   мақалалары туралы   сөз  етті.

Ақынның  кітаптары      кеңес  дәуірі    жастарының    жата-  жастана  оқитын  шығармаларына  айналғаны  бәріміздің  есімізде !

« ….Ақын  радиода   да қызмет  етті, Алматыда   пәтерден   пәтерге  көшіп  жүруге   де     мәжбүр  болды, тағдырлы   ақын,  зор  талант иесі Мұқағали Мақатаев   басын  тасқа  да тауға   соқты.  Қазақ  жігіттерінен  дос  таба  алмай    Фаризаға    , Фариза Оңғарсыноваға     « жан  сырын» ақтарды»  деді Б.Жилбаева  апай  ақын туралы    үлкен  тебіреніспен ақынды  Тәуелсіз   ел  жастары   жаттап ,  ерекше  қадірлеуі  қажеттігі  турасында  ой салды.

Мұқағали Мақатаевқа  арналған     әдеби  сазды   кеш  ақынның    студенттерге   ұнайтын ән  жырларын  жатқа   оқумен  жалғасын  тауып  жатты.

2-курс   студенті   Абдиназаров Елдос  «Шеше    ,сен  бақыттысың,  » атты   жырын   жатқа    оқып, тыңдап  отырған    көпшілікке өзінің  жағымды  даусымен , мәнерлеп аудиторияны баурап алды.

2-курс   студенті    Әшірбек Сейітжан да «Сенің   көзің »   атты  лирикалық  пафоспен орындалатын  ақынның  әнін ілтифатпен орындағаны  сонша    тыңдармандардың   лирикалық  сезімдерін  байыта  түсті. Ақынның    « Аққулар  ұйықтағанда»   атты  поэмасының  желісімен  байытылған   көрініс    ,    барлық көрермендерге    абиғаттың ерке құсы ,махаббат

Символына   деген   ерекше    құрметтен  туған секілді.

Ал, әрине  студенттеріміздің  ерекше  адамға  әсер  беретін    қойылымды   образға  ене  отыра  орындауы   ,олардың    драмалық  шиеленісті   көз алдымызға  келтіруі   оңай   болды  деп ойламаймын.     Алайда,    өнерлі  жастар    шығарманың   мән  мағынасы,  қасиетті    құстарға    деген  адамзаттың   сүйіспеншілігіне    бөленген   аппақ құстар –аққуларды  аялау  қажеттілігін    барынша    түсінді    деп ойлаймыз. ,   айта  кетерлігі  2-курс   студенті Құрманбекова Ұлжан    аққынның   өлеңдерін ,ондағы    қайшылықты  , аяусыздықты,  бала  үшін аққуды  атуға   барған   қатыгездікті      шынайы  көрсете  білгені  сонша,    сол  оқиғаның  ішінде жүргендей  әсер  алдық.

Абдиназаров Елдос      поэмадағы     жігерсіздеу   жанды    нанымды етіп көрсетті.      Ал,      көз алдымызда    аппақ  боп     аққулар    билерін 1-курс  білімалушылары   Жанат Анар , Суханберди Нұрлайым   аққу   билерін     ерекше   жеңіл  билеп кетті. Қаһарлы   шалды     Әшірбек Сейтжан  тым нанымды    етіп  көрсетті.     рольдерін   аса  үлкен  әртістік  шеберліктерін  көрсетіп,  аққуларға    деген   аяныш   оятып,  көрермен   болып отырған    оқытушылар көздеріне  жас   алды.

2-курс    білімалушысы Адыхан Қазбек орындаған   «Ауыртпа  ,Алла  анамды ! »  әні   де   тыңдармендардың  көздеріне  жас  үйірді. Балаларды    кейде  балалар  үйлеріне өткізіп  кеткенде ,   анасына Алладан денсаулық тілеу      қандай  адамгершілік  десеңізші !

Мұқағали   Мақатаев   сынды  ақиық ақынның  бүткіл шығармашылығы   түрлі   жастағы   ата-  аналардың   да сүйіп оқитын    өлеңдері  екені   белгілі.

Іс -шара  барысында   1-курс   білімалушысы Амантай Сания , Жанат Анар, Суханберді  Нұрлайым   өз   өнерлерінің  тамаша   екендіктерін  паш етті.

Студенттердің  қиялдары    ұшқыр  екені  даусыз,     2-курс  студенттері    оқу  озаттары  Сауранбек    Динара,  Мұхан Мәншүк    «Испан  биін»,   Жанат Анар мен   Суханбердиева Нұрлайым    «Үнді   биін» көпшіліктің   сұрауларымен      мың  ырғала  билеп    берді.Жалпы, олар  бұл   биді  ұлттық  киімдермен  билеп, алып отырған әсерімізді   молықтыра  түсті.

Әшірбек Сейтжанның   , Сауранбек Динара , Мұхан Мәншүк, Құрманбекова Ұлжан   Абдиназаров Елдос  пен Адыхан Қазбектер — 2-курс  студенттері  болса, олардың  ізін  басып  келе  жатқан  1-курс  білімгерлері    Суханберді Нұрлайым, Жанат Анар, Бердалы Арғын, Амантай Сания, Абдрахманов Ерасыл,Бердалы Арғын, Әмірбай Нағашбай  секілді  студенттер   алдыңғы  толқын   аға-әпкелерінің    ізін  жалғастырып, бірі  «Туған  өлкем»

деп ән  шырқаса,  енді кейде   «Жастар  биіне »  де  кезек  беріп, іс- шараның  қызықты  өтуі үшін аянбай   атсалысты.

Қаратау  технология, білім және  бизнес  колледжі   студенттері   қандай  өнерлі,  сабақта   белсенді, ақын   өлеңдерін  жатқа   айтып, жалпы  тыңдармандарға  ерекше   естен  кетпестей  әсер  силады.

Студент  жастар  әдіскер  Ерлан Берсайдұлының  жетекшілігімен «әдеби  өлкетану » сабақтарына  қатыса отыра, түрлі облыстық  жарыстарға  қатысып, колледждің   абыройын   асқақтатып та отыр. Іс шара  соңы естелік  фотоға түсумен  өз мәресіне  жетті! Ақынның  өмірбаянына  ,  туыстарына  арналған   видео көрсетілім  арқылы  да  ақынның  кітаптары    көпшілікке паш етілді, жалпы    Қаратау  технология,білім және  бизнес  колледжі  студентттері —  ақпанның    суықтығына  қарамастан өз   өнерлерімен жан  жүрегімізде  ақынға  деген  сағыныш пен  мақтаныш,жылылық    оятты!

Алима Джумабаева ,

 Қаратау технология,білім және бизнес  колледжі

 тарих және қоғамтану пәндерінің  оқытушысы,

Қаратау қаласы ,

Жамбыл облысы