«М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі» КМҚК

«1201000  — Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу, пайдалану» мамандығының «1201072  — Автокөлікті жөндеу слесары» біліктілігі бойынша өндірістік оқыту шебері Әділбаева Салтанат Мұхтарқызы

 

 

ӨНДІРІСТІК АШЫҚ САБАҚ

 

Сабақтың тақырыбы: Майлау жүйесінің жұмысы.

 

Сабақтың білімділік мақсаты: Білім алушыларға майлау жүйесінің жұмысын құрылысын түсіндіру. Майлау жүйесінде кездесетін ақауларды тауып, жөндеу жұмыстарын үйрету. Қажетті бөлшектерді тазалау жұмысы. Білім алушылардың білімге  деген көзқарасын қалыптастыру.

 

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың  мамандыққа ынтасын, шеберлік қабілетін арттыру.  Білім алушылардың  бойында құрал — саймандарды  күтіп ұстау, материалдар мен шикі заттарды үнемді пайдалану еңбек қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау, білім алушылардың  мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Білім алушыларды  ұжымда бірлесе жұмыс жасауға, жұмысқа жауапкершілікпен қарауға, тазалыққа, өз мамандығын сыйлай білуге, құрал-саймандарды ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.

 

Сабақтың материалды — техникалық құрал-жабдықтары: 

Интербелсенді тақта, видеоролик, технологиялық карта сызбалары, техникалық макеттер поршень, шатун, май сүзгісі және майлардың түрлері, сүртіп — тазалау, өлшеу құрылғылары, кілттер жиынтығы т.б.

 

САБАҚ БАРЫСЫ

 

І. Ұйымдастыру кезеңі: (5 минут)

1.1 Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру.

1.2 Оқушылардың арнаулы киімдерін тексеру.

 

ІІ.Кіріспе нұсқау: (45 минут)

2.1 Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

2.2 Оқушылардың білімін тексеру.

 

 

            Өткен сабақты қайталау; (үйге берілген тасырма бойынша шолу жасау)

а)  Тежеуіштің түрлері қандай?

ә) Автокөлік тежеуіш жетектерінің қандай түрін қолданады?

б) Тежеуіш механизмдері қандай жұмыс атқарады.

в) Жеңіл автокөліктер тежеуіш жетектерінің қандай түрін қолданады?

г) Тежеуіш жүйесінің негізгі ақауларын атау.

ғ) Техника қауіпсіздік ережелерін сақтау жолдары.

 

Жаңа сабаққа нұсқау беру;

                  а)  Майлау жүйесінің жұмысы және қозғалтқышқа пайдаланатын майдың                       түрлері мен май ауыстыру жолдары. Қозғалтқыштың жұмыс істеу кезінде         оның қозғалатын бөлшектері өте          күрделі қозғалыстар жасайды. Сол кезде олар әрі          қозғалмайтын бөлшектерге жанасып үйкеліседі. Жоғарыда айтқандай, ондай          үйкелетін беттерді қаншалықты    мұқият тегіс етіп өндегенге қарамастан, оларда        микробедерлер сақталып қалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Егер сол беттер өзара үйкелетін болса, сол  бедерлер бір — бірімен айқасып,

бөлшектердің жылжуына үлкен кедергі келтіреді.  Сондықтанда сондай құрғақ

үйкелісті, сұйықтық үйкеліске айналдыру          қызметін майлау жүйесі іске асырады, яғни бөлшек бедерлерінің ой жерлері      сұйық майға толады да екі қырдің бір-біріне айқасу құбылысын болдірмайды.            Әрі қарай бөлшектердің жылжуы енді сұйық     майдың жылжуына байланысты             болғандықтан, үйкеліс мүлде жеңілдейді. Үйкеліс беттеріне майлайтын сұйықты  жеткізуғе байланысты, майлау жүйесін үш   түрге бөлуге болады.

 

 

 

 

                

 

 

 

 

 

 

 

                 Бірінші үйкеліс беттеріне үлкен қысыммен беріледі де  үйкелетін екі бөлшек

тіпті  бір-бірімен тек сұйық қабат арқылы жанасады десе де болады. Екіншісі

               үйкеліс беттеріне майды қысымсыз ағызып немесе шашып береді. Бұл кезде

үйкелетін екі бөлшек жартылай сұйықпен, жартылай өзара жанасады. Үшінші

               түрі             үйкеліс беттеріне әрі қысыммен, әрі шашып береді.  Мұны     құрама майлау

жүйесі деп атайды.

 

 

 

Мотор жақсы жұмыс жасау үшін ондағы майды жиі ауыстырып тұрған       дұрыс, ауыстырған сайын оның сапасы жақсы әрі қозғалтқыш пен машина ұзақ        қызмет етеді. Жақсы майдың құны да арзан емес, өндірушіге және бағасына қарай,           бір мотор майын таңдау керек. Сонымен қатар, қазіргі кезде жасанды май        өндірушілер көп. Ондай жағдайда, жасанды майды сатып алмау үшін тексерілген          сатушылардан, арнайы компаниямен келісім-шартқа отырған кәсіпкерден сатып   алу керек. Сонымен қатар, өзіңе ұнаған мотор майының сапасы туралы басқа         пайдаланушылардың пікірін де байқап көріңіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сүзгі де солай. Кейде бізде май   ауыстырғанмен оның сүзгісі «әзірге жарайды» деген немқұрайлылықпен       ауыстыруды кейінге қалдырылады.

Бұлай болмайды. Мотор майымен бірге жаңа           сүзгі орнатыңыз. Әсіресе, табиғаты жел, шаңға толы біздің облыста жиі ауыстырып            тұрған абзал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ә) Майлау жүйесінің құрылыстары мен  ақаулары. Картер, май насосы, май    сүзгісі, май өлшегіш, қозғалтқыштағы майланатын қажетті бөлшектер. Мотор         жақсы жұмыс жасау үшін ондағы майды жиі ауыстырып тұрған дұрыс, ауыстырған сайын оның сапасы жақсы әрі қозғалтқыш пен машина             ұзақ             қызмет           етеді. Жақсы майдың құны да арзан емес, өндірушіге және бағасына  қарай,           бір мотор майын таңдау керек. Сонымен қатар, қазіргі кезде жасанды май         өндірушілер көп. Ондай жағдайда, жасанды майды сатып алмау үшін тексерілген        сатушылардан, арнайы компаниямен келісім-шартқа отырған кәсіпкерден сатып          алу керек.

 

Сонымен қатар, өзіңе ұнаған мотор майының сапасы туралы басқа   пайдаланушылардың пікірін де байқап көріңіз. Сүзгі де солай. Кейде бізде май   ауыстырғанмен оның сүзгісі «әзірге жарайды» деген немқұрайлылықпен             ауыстыруды кейінге қалдырылады. Бұлай болмайды. Мотор майымен бірге жаңа             сүзгі орнатыңыз. Әсіресе, табиғаты жел, шаңға толы біздің облыста жиі ауыстырып тұрған абзал.

б)  Майлау жүйесіне техникалық қызмет көрсету жұмыстарынытүрлері           мен орындалатын жұмыстары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

в) Техника қауіпсіздік ережелерін сақтау жолдары. Автокөлік шығаратын зауыт рұқсат берген майды ғана қолднау керек. Қозғалтқыштарды, беріліс қорабын, басқару жүйесін және басқа да бөлшектерді майлау үшін сол автокөлікке арналған нұсқауда көрсетілген майларды пайдаланған жөн. Қоршаған ортаны қорғау және таза ұстау мақсатында картерден шыққан майды еденге, есік алдына, жердің құнарлы бетіне, су жүретін арықтарға төгуге  және май мен жұмыс жасаған кезде шылым немесе сіріңкеге тыйым салынады. Майлармен және майлағыш материалдармен жұмыс істеген кезде жанасудың негізгі аймағы – көз бен қол. Кейбір процестер тыныс алу жолдарына еркін кіре алатын майлы тұманды тудыра алады.

 

 

 

 

 

 

 

Теріге тиген кезде  Жеке және ортақ гигиена қағидаларын қатаң сақтанымыз жөн.  Денеге тимеу үшін: майға төзімді қолғапты пайдалану және қорғау  деңгейі жеткілікті киімді киіу керек, май сіңген киімді кимеңіз, теріден майды  кетіру үшін мұнай мен бензин сияқты еріткіштерді пайдаланамыз. Көзге тиген кезде  Егер көзге майдың шашырандысы тию қаупі болатын болса, қорғағыш көзілдірікті кию керек. Май көзге тиген кезде 15 минут бойы көзді шайып, егер тітіркену кетпесе, дәрігерге көріну керек.

            

    Сұрақтар:

  • Автокөліктің май жүйесі не қызмет атқарады?
  • Май жүйесінің құрылыстары қандай қызмет атқарады?
  • Қандай техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіледі?
  • Майды ауыстырған кезде қандай сақтық шараларын сақтаған жөн?
  • Жалпы қозғалтқыштың ақауын анықтау.

 

Құралдарды пайдалана отырып, жаттығу жұмыстарын көрсету; (25 минут)

а) Автокөлікке техникалық қызмет көрсету жұмысына арналған жұмыс орнын

талапқа сай ұйымдастыру.

ә) Майлау жүйесінің құрылыстарын реттеу жұмыстары.

б) Майды ауыстыру және тот басқан бөлшектерді тазалау жұмысы.

в) Майдың қысымен жүретін  май каналдарын табу.

г) Картердегі майды ауыстыру жұмысы.

д) Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау.

 

 

 

 

 

ІІІ.Ағымдық нұсқау: (180  минут)

Оқушылардың жаттығу жұмыстары;

  1. Білім алушыларды жұмыс орындарына бөлу.
  2. Білім алушыларға тапсырмалар бөліп беру.
  3. Технологиялық нұсқау карталарын тарату.

Білім алушылардың технологиялық нұсқау карталары бойынша жұмыс жасауларын бақылау мақсатында, жұмыс орындарын аралау:

1 — аралау. Білім алушылардың жұмыс орындарын ережеге сай ұйымдастырылуын

тексеру.

2 — аралау. Жұмыста қолданылатын құралдардың жұмысқа жарамдығын

тексеру.

3 — аралау. Жұмыстың уақтылы басталуын білім алушылардың  іс — қимылдарының

дұрыстығын, құралдарды қолдану әдіс — тәсілінің  дұрыстығын  тексеру.

4 — аралау. Жаттығу жұмыстарын орындау барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталуын

қадағалау.

5 — аралау.  Құралдарды қолдану және олардың жұмысын жасау әдістерін

орындау кезінде білім алушылардың жіберген қателіктерін ескертіп,

түзету және қосымша нұсқау беру.

6 — аралау. Білім алушылардың орындаған жұмыстарын қабылдап алу, тексеру.

7 — аралау. Жұмыс орындарының тазалығын, құрал — аспаптардың жиналуын тексеру.

ІV.Қорытынды нұсқау: (15 минут)

4.1 Сабақты қорытындылау, бағалау.

4.2 Оқушылардың тапсырманы орындау белсенділігін сараптау, әр оқушыға жеке — жеке

тоқталып, жұмыстарын атап өту, сабақты өндірістік тұрғыдан меңгеруін бекіту.

4.3 Үйге тапсырма беру:  «Майлау жүйесінің жұмысы»

Қолданылған оқулық аты: «Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы»

П.Ж.Жүнісбеков.  §7, 75-79 бет.