Мектеп: «Қамысты ауданы білім беру бөлімінің Бестөбе орта мектебі»  ММ

Мұғалім : Кузембаева Арайлым Бакибайқызы

Тақырыбы: ДОС БОЛУДЫ ҮЙРЕНЕМІЗ Құндылық:дұрыс әрекетҚасиеттер: адалдық, сенім, өзара жауапкершілік пен қамқоршылық
2 «А» сынып

Барлығы: 5 оқушы

Қатысқаны: 5 оқушы

Мақсаты: «дос», «достық» ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері: Білімділік: «дос», «достық» ұғымдарының мәнін дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;

Дамытушылық: адалдық, сенім, өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік: айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адалдыққа, сенімділікке, өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттеріне тәрбиелеу

Ресурстар:( белсенді тақта, кітап, дәптер,ғаламтор желісінен жаңа ақпараттар, сюжетті суреттер)
Сабақ барысы

  Ұйымдастыру кезеңі:

5 Т – ережесі

-тәртіп

-тазалық

-тыныштық

-талап

-татулық

Тыныштық сәті.Аяқ-қолымызды айқастырмай, тік отырамыз, көзімізді жұмамыз. Арқамызды тік ұстап, қол-аяғымызды айқастырмаймыз.Қолымызды тіземізге коюға болады.

5 Т ережес5 Т ережесі
  Үй тапсырмасын тексеру

  Әңгімеде кешіруге бірінші болып қадам жасады?

  Диманың қандай әрекеті Гришаға сабақ болды?

  Әңгіме неге «Өткел» деп аталған?

  Өздеріңнің осылай татуласуға бірінші болып қадам жасаған кездерің болды ма? Оны қалай жасадыңдар? Әңгімелеп беріңдер?

оқулық 64 бет
Кіріпе

Жарайсыңдар балалар !!!бүгінгі біздің тақырыбымыз «Дос болуды үйренеміз» деп аталады. Яғни дос қандай болу керек деп ойлайсыздар ?

Дұрыс айтасыздар дос деген адал,жомарт ,адамгершілігі мол,сабырлы,салмақты,кек сақтамау,жауапкершілігі мол,төзімді,ақылды,мейірімді,қарапайым,кешірімді болуы қажет.

Өсиет- әңгіме Ертеде бір ақылды қария болыпты.Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:-Ақсақал,мен қандай жігітпін? Сынаңызшы,-депті.Қарт жігітке:-Жолдасыңды көрсет,сонан соң айтамын,-депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті.Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп,ақырында жігіттің өзін шақырыпты.Жігіт келген соң,қарт:-Шырағым,жаман жігіт емессің,-депті.-Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой?-депті жігіт.Қарт күліп:-”Жігітті жолдасына қарап бағала”  дейді халық,-депті.-«Жігітті жолдасына қарап бағала” дегенде нені түсінесіңдер?•      (оқушылардың жауаптары тыңдалады)•      Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас,дос болады.Шын жолдас,достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады,бойына сіңіреді,олар бір-біріне өте жақын,бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді.Осындай жолдастық,достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі-адалдық

 
  Жағымды ой-пікірДостықты достық шақырады. Абай ҚұнанбаевДәйексөзді қалай түсінесің? Оқулық 69 бет
  Әңгімелеу.Оқулықтағы Ы. Алтынсариннің «Жаман жолдас» мысал әңгімесін айтып беремін.

  Аю неліктен әлсіз, ауру адамға тимеді.

  Шындығында оған аю сондай ақыл айтты ма?

  Ауру адамға ақылды сөзді не айтқызып тұр?

  Осындай қиын жағдайларда өздерің қалай әрекет етер едіңдер?«Достық» ертегісі Оқушылар ертегіден түйген ойларын айтады.

Оқулық 69 бет
  Шығармашылық жұмыс,

Менің досым кластер жасайды сұрақтарға жауап береді.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, дос туралы мақал-мәтелдерді оқыңдар, өздерің де мақал-мәтел құрастырыңдар.Адам-адамға дос, жолдас бауыр….,.Досы жақсының, өзі  де жақсыКөп ақшаң болғанша, көп досың болсын.Дос-досқа айнаТиісті сөздер: дос, айна, бауыр, өзі, досың3 тапсырмасыДәптермен жұмысДосыңның жақсы қасиеттерін жаз. Досыңа тілек жаз.

тапсырмалар
Сергіту сәті

Көңілді күн биін билейді.

Балалар, достық заңдарын білуге ​​тырысайық. Достық үшін қандай қасиеттер қажет? Достық заңдарын жасау:1. Мұқтаж досыңызға көмектесіңіз.2. Досыңызбен қуанышты бөлісіңіз.3. Досыңыздың кемшіліктеріне күлмеңіз.4. Егер бірдеңе жаман болса, досыңды тоқтат.5. Көмек алу, кеңес алу.6. Досыңызды алдап алма.7. Қателеріңізді мойындаңыз.

 
Достық туралы коллаж жасау  
Достық үйі

Енді назарымызды тақтаға аударамыз.Тақтада «достық үйін» көріп тұрмыз.адарымызда тек қана достыққа жататын сөздерді ғана таңдап ажыратып тақтаға әкеліп жапсырамыз.

«Достық үйін салу» жаттығуы — Енді достықтың қандай екенін, дос болу деген нені білдіретінін, шынайы досының қандай қасиеттері бар екенін анықтауға тырысамыз  Үйіңізді жылы, жайлы жерде ойлаңыз; сізді сүйетін жақын адамдарыңыз қарсы алады. Достарыңызбен қарым-қатынасыңыз да жылы әрі жақын болуы керек. Достық үйін құруға тырысайық. Үй қандай тұрады? (Негізінен, қабырғалардан, шатырдан) Кез-келген үйге ұқсас, біз негізін саламыз. Бізде сенім артатын карталар бар. «Достық» сөзі карталарда жазылған. Бұл сөздегі әр хат бірдеңені білдіреді және сіз «достық» сөзін сипаттайтын сөздерді таңдауыңыз керек. (сөзге жарамды)

Д дос , дыбыс , домбыра

О отансүйгіш

С сенімді,сыпайы , салмақты

Т тату,төзімді

Ы ынталы

Қ қуаныш , қарапайым

Енді біз қабырғаларды саламыз. Мұны істеу үшін, шынайы досымызға қажет қасиеттерді таңдағанымыз жөн. Досым кім деп аталады? Дос — бұл біреудің достығымен байланысты адам.

Мейірімділік, мейірімділік, ашкөздік, адалдық, сезімталдық, немқұрайдылық, мақтаныш, қамқорлық, назар, қызғаныш, адалдық, құрмет, жалқаулық, шыдамдылық, сыпайылық, өзара көмек, дөрекілік, адалдық, ашкөздік, адалдық, алдау, әділеттілік, жомарттық, махаббат

Дос болу деген нені білдіреді? Дос болу — бір-біріне құрмет көрсету, бір-біріне көмектесу, сенімді қарым-қатынас жасау, достарымен шынайы қарым-қатынас жасау, табысқа жету және олармен бірге қуану. 

 
  Үй тапсырмасы«Құм мен тас» өсиет әңгімесін оқу «Адал дос» туралы шағын эссе жазу Оқулық 71 бет оқу
  Сабақты қорытынды сәті

Достық ағашы

Енді қазір тақтаға назарымызды аударамыз біз не көріп тұрмыз?ия ағаш көріп тұрмыз , енді осы ағашқа қазір жапырақ жапсырамыз . Мен қазір сіздерге жапырақ беремін сол жапыраққа сабақ несімен ұнады соны жазамыз да ағашқа алып келіп ілеміз.

Тыныштық,тыныштық бар жерде ,

Тыныштық ,тыныштық бүкіл әлемде.

Ағаш пен жапырақ
.   Топпен ән Дос болайық бәріміз әні