26 ақпан 2019 жылы Түрксіб ауданындағы 142 жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып оқушылар арасында қалалық » Мұқағали Мақатаев оқулары»байқауы өтті. Байқауға Алматы қаласының 8 ауданының оқушылары бір кісідей ат салысты. Байқауға Алатау,Алмалы,Түрксіб аудандарының оқушылары ерекше дайындықпен келді. Түрксіб ауданы бойынша 198 мектеп оқушысы Сүндетбек Азат 1 дәрежелі дипломымен,142 мектеп оқушысы Алтынбекқызы Жанереке,162 мектеп-гимназиясының оқушысы Құдайберген Көркем,59 мектеп-гимназиясының оқушысы Маликқызы Мадина, 74 мектептің оқушысы Байжан Кәусар 2 дәрежелі дипломымен,76 мектеп оқушысы Шексізбай Жаһангер,195 мектеп Ұланұлы Ахан 3 дәрежелі дипломымен марапатталды. Республикалық » Media Bilim» журналының редакторы 198 мектептің оқушысы Сүндетбек Азатты 1 дәрежелі дипломмен және 142 мектеп оқушысы Алтынбекқызы Жанерекені 2 дәрежелі дипломмен марапаттады.