Қостанай облысы

Амангелді ауданы

Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебіның химия пәні мұғалімі Сейдахметова С.Е.

 

 

 

 

 

                           Білім беру жүйесі қарқынды дамуда.

 

Әлем жылдам өзгеруде, сонымен бірге қазіргі білім беру жүйесі де қарқынды өзгерістерді қажет етеді. Өзгеріс жасауда осы салада қызмет жасайтын мұғалімдер қауымы да қапы қалмау керек. Қоғам көзқарасы  жаңа, ойы ұшқыр тұлғаны  жасауды үздіксіз ізденіс үстіндегі  жаңа форматты мұғалімге бағыттап отыр. Әлемдік білім беру мен дәстүрлі білім беруді салыстыра отырып, оқушыларды өмірге бейім етіп,  қабілетін ашуға  қоғамдағы тұлғаны қалыптастыруға, оқушының жетістігін айта отырып, өзіне-өзінің сенімділігін арттыруға, оқушылардың меңгеру қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру арқылы пәнге деген қызығушылығын оятуға ықпал жасайды.

Кез келген әдіс-тәсілдің  табысты болуы мұғалімнің тиісті деңгейде талап қоя білуінде және оқушының білуге деген ынтасының арқасында мұғалімге тәуелді болуында. Осылайша оқушылардың  метатанымдық дағдыларын өрістетіп, өз бетінше ізденуіне, зерттеушілік қабілетін оятып, тіпті ғылыми жобамен айналысуына жол салуға болады деп ойлаймын. Сабақтарда  топтастырудың әр түрлі әдістерін /конфеттер, геометриялық фигуралар, түстер, тыныс белгілері арқылы/  қолданудың өзі  оқушылардың көңіл күйлерін көтеріп, сабақты ерекше ынтамен бастауына көмектеседі.

Дәстүрлі сабақтарда көбіне дәріс беріп, интерактивті тақтадан қосымша  ақпараттар көрсетіп, онан соң сол ақпараттың оқушыға қаншалықты жеткенін тест алумен шектелетінбіз. Бағдарлама модулдерінің бірі ақпараттық технология  мүмкіндіктерін пайдалану арқылы да білім алушылардың ынтасын оятуға болады. Оқушыларды критералды бағалауды  үйлестіруде қиындықтар кездеседі. Өзара немесе өзін-өзі бағалау кезінде бір-бірінің көңілдеріне қарап , өздерін де, өзгені де жоғары бағалайды. Бағалау бұл жерде шынайы көрінбейді. «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс» деп ұлтымыздың ұлы ұстазы Ы.Алтынсарин айтқандай бұл кедергіні жою  үшін балаларға түсіндірме жұмысын жүргізіп, келесі сабаққа бағалау критериймен  дескриптор жасау керек. Бағалаудың бұл түрі арқылы бір –бірін әділ бағалауға дағдыланады. Сонымен қатар бөлім бойынша жиынтық баға қорытындысын шығару үшін әр тапсырманы қалыптастырушы бағамен ынталандырып отыру керек. Қалыптастырушы бағалау оқушыны өзін-өзі бағалауға үйрету қандайда бір өзінің нәтижесін беретіндігін аңғардым. Жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі бағыты мұғалімнің оқушыларды ынталандырып отыру дағдысын қалыптастыру. Алдымен психологиялық дайындық жүргізіп, таңдаған топ атаулары бойынша жағымды мінездеме берген уақыттан бастап олардың көтеріңкі көңіл-күйге ие болғанын байқау керек. А.Маслоудың «Қажеттіліктер иерархиясы » теориясын тақырыпқа сәйкес  ынталандырудың әдіс тәсілдерін іс-әрекетпен көрсетіп отыру керек деп ойлаймын. Мысалы: «ұялы телефонға смс жолдау, жасырын спикер» сынды әдістер сыныптағы тұйық, ойын еркін жеткізе алмайтын оқушыларды сөйлетуге, ұялшақтықтан арылуға , тіл байлығын жетілдіруге септігін тигізеді.

Мұғалімдердің оқу мен оқытуды тиімді ұйымдастыруда оқушылардың оқуға деген ынта-жігерін оятатын ынталандыру материалдарын тиімді пайдалану дағдысының қалыптасуына ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Қазіргі білм беру мазмұны  мұғалімнің жаңа бағытқа қарай өзгеруіне зор ықпалын тигізеді. Білімін жетілдірген мұғалім қазіргі таңда: кәсіби өскен, коммуникативті, өз-өзіне сенімді, құзіреттілігі дамыған, стратегиялық мақсат қоя алатын, рефлексивті жаңа  формация мұғалімі болады.

Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманында ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі  жаңашылдығымыз арқылы , жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткізуге болады. XXI ғасыр-білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.