ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУДЕ  ПӘНДІ  ОҚЫТУДЫҢ  ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Каракушекова Ф.Н.,

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы

                                                                                                Алматы облысы бойынша ПҚБАИ

«Ғылыми — жаратылыстану

                                                                                (гуманитарлық)  пәндерін оқыту әдістемесі

                                                                             мен инновациялық технологиялар» кафедрасы аға оқытушысы

                                                                                   Алмыты, Қазақстан

Резюме

 

Қазақстан өз тарихында жаңару мен жаңғыру кезеңдерін бастан өткеріп жатыр. Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында ел дамуындағы маңызды мәселелерге тоқтала отырып, білім берудің бәсекеге қабілетті болуына ерекше басымдық береді.

Күнде өзгеріп жатқан ғаламда уақыт талабынан қалмай, бәсекеге қабілетті болу үшін бүгінгі білім беру жүйесіне түбегейлі өзгерістер керек. Білім саласындағы басты өзгерістердің бірі ретінде білім мазмұнының жаңаруын айтуға болады. Білім мазмұнының жаңаруы барлық пәндерді оқытудың жаңа механизмдерін, озық тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр.

Еліміздегі білім беру саласы жаңа жүйеге көшу барысында ұлтымыздың болашағына тірек болар азаматтардың білім деңгейі жоғары, ой өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуді басты фактор ретінде қарастырып отыр.  Біз біліктілікті арттыру институттары педагог мамандарға жаңа мазмұнда оқыту бойынша тренингтер жүргізіп, пәннің мазмұнын беру жолдарының әдіс-тәсілдерін көрсете отырып, оны тәжірибеде қолданудың егжей-тегжейлі түсінеді. Сонымен қатар курста білім мазмұнындағы критерийалды бағалаудың ерекшеліктеріне де назар аударылады. Критерийалды бағалаудың оқу мақсаттарына негіздей отырып шығарылатыны талқыланады. Осыған орай тапсырмаларды саралап, оқушылардың мақсатқа жетуге ықпал етілетіні және оқуға жетелейтіндігі туралы талқыланады. Бұрында да тапсырмалар деңгейге бөліп қарастырылған, оқушылардың дарындылығын дамытуға ықпал ететін. Бүгінгі күннің де талабы солай, бірақ

тапсырмаларды саралап оқушылардың өздері түсініп, бір-біріне түсіндіруге ықпал етеді. Ол оқушылардың сөйлеуіне өздерінің жасаған жұмыстарын басқаға айтып бере алатындай жағдайға жеткізу. Әсіресе информатика пәнінде айтылым дағдыларын дамытуға көп көңіл бөлуіміз керектігін ескертеді. Бұл дегеніміз бұрын қазақ тілінде ғана терең қаралатын төрт дағды (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым)  бүгінгі күнде информатика пәнінде де дамыту керектігі айтылады. Бағдарламада тілдік дағдыларға ерекше назар аударылған. Тілдік дағдылар дегеніміз — ол өмір сүруге қажетті дағдылар. Адам тыңдайды, оқиды, сөйлеседі, жазады. Информатиканы оқыту тек қана компьютерде ғана жұмыс жасап қоймай, оны басқаша әдіс тәсілдермен беруге болатынын айқындап көрсетілуде. Жалпы педагогтар бағдарламаны өте жақсы қабылдауда, оларға қолданған тренингтер мен әдіс-тәсілдер педагогикалық біліктіліктерін тереңдетеді.

Ал жаңартылған бағдарламаның артықшылықтарын айта кеткім келеді. Ең алдымен көңіл қойып, ой түйетін маңызды сәттер: шиыршықты оқытудың мазмұны, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары және қысқа мерзімді жоспар құрастыру. Дәстүрлі сабақта тәрбиелік мақсатты қою мұғалімдерге қиындық келтіретін, ал қазір оқушыларды жеті құндылыққа негіздеп тәрбиелеудің ұтымдылығы басым.

Шиыршық оқытудың маңыздылығы бір сыныпта оқыған тақырыбы келесі сыныпта кеңейтіліп, күрделеніп беріліп отыратындығы. Ол оқушылырдың тақырыптың аясында білімді кеңейтеді және ұмытып қалмауына ықпал етеді.

Қысқа мерзімді жоспарды жасаудың жолдары. Оқу бағдарламасында стандартты оқу мақсаты берілген, ол мұғалімдерге сабақтың мақсатын саралап шығаруға септігі мол. Сабақтың мақсатын барлық, көпшілік және кейбір оқушыларға арнап негіздейді. Сонымен қатар бағалау критерийлерін де осы мақсаттарды негізге ала отырып шығарады.

«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет [1, 57-бет] деп мұғалімге арналған нұсқаулықта тұжырымдалған.

Бағалау қалыптастырушы және жиынтық болып келеді.

Қалыптастырушы бағалау — сабақтың өн бойында жүріп тұрады. Оқушылардың сабақ кезінде жіберіп жатқан кемшіліктерін түзету арқылы, олардың еңбектерін, ынтасын мадақтап, мақтап бағалап отырады. Бұл жерде кері байланыс та маңызды роль атқарады. Кері байланыс арқылы сабақта қойылған критерий бойынша қай баланың нені меңгергенін және меңгермегенін зерттей отырып, келесі сабақтағы әдіс-тәсілді соған негіздеп өзгертуге мүмкіндігі жоғары. Қалыптастырушы бағалауда тапсырмаларға  дескрипторлар жасалады. Тапсырманы орындаған оқушы сабақты қаншалықты меңгергенін дескрипторға қарап анықтап отырады.

Жаңартылған білім беру  бағдарламасының аясында оқушылармен бірге мұғалімдердіңде шығармашылық ізденістері арта түсітініне және оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратынына сеніміміз мол.

.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
  2. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде Информатика пәндері бойынша педагог кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы.  Астана,2016
  3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Астана,2016