Мектеп:

«№10 қазақ мектеп-гимназиясы»КММ

Мұғалімнің аты жөні: Даниярова Р.А.

Пәні: Физика

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:7.2

Күні: 07.03.2019ж

Сынып: 7

Сабақ тақырыбы:Механикалық жұмыс. Қуат

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтеме)

7.2.3.8- Механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану .

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар : Механикалық жұмыс пен қуаттың анықтамасы мен формуласын біледі.

Oқушылapдың бacым бөлігі: Алған білімдерін іс жүзінде ұштастыра алады.

Кейбір оқушылар: Механикалық жұмыс барысын түрлендіріп қуатты есептей алады.

Бағалау критерийі

— Механикалық жұмыс және қуаттың ұғымын біледі және формуласын жазады.

— Механикалық жұмыс пен қуаттың формуласын түрлендіреді.

— Механикалық жұмыс және қуаттың формуласын есеп шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:механикалық жұмыс пен қуат туралы өз пікірлерін негіздей алады.

Пәндік лексика және терминология

Орындалған жұмыс, күш, уақыт, қуат, механикалық жұмыс , жұмыстың орындалу терминдерімен танысады:

Қазақша орысша ағылшынша
Күш

Жұмыс

Қуат

Энергия

Кинетикалық энергия

Потенциалдық энергия

сила

работа

мощность

энергия

кинетическая энергия

потенциальная энергия

strength

work

power

energy

kinetic energy

potential energy

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларға индустрия және инновациялық, экономикалық өсу үдерісін дәріптей отырып, қуатты двигательдерді жасауға ықпал ету.

Пәнаралық байланыс

Математика, тарих, география, әдебиет, информатика.

Алдыңғы білім

Біледі: Жұмыс пен қуат ұғымының физикалық мағынасын біледі.

Білуі керек: Жұмыс пен қуаттың формуласын пайдаланып есептерді шағаруды үйренеді.

Қосымша білім: теорияны практикамен байланыстыра алады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

 

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)

Мұғалім

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

I.Ұйымдастыру: -оқушылармен сәлемдесу:сабақтың мақсат –міндетімен таныстыру ; 1-2-3 сандар арқылы 3- топқа бөлу.

II.Оқушылардың алдынғы тақырыпты қалай меңгергендерін тексеру .

Стикерлер

Парақшалар

«Кім алғыр?» ойыны арқылы өткен тарау материалдарын қайталау сұрақтары беріледі.

  1. 1. Денелердің жүзу шарттары қандай?

Дене батады Дене ортасында жүзеді Дене бетінде қалқып жүреді.

Fа > FА. Fa < FА. Fa = FА

  1. Неліктен мұз суға батып, оның ішінде жүзіп жүреді?

(Дене материалдарының тығыздығы сұйық тығыздығына жақын болса, дененің көбірек бөлігі сұйық ішінде болады.

Рмуз═900кг∕м3; рсу═1000кг∕м3; мұздың оннан тоғыз бөлігі су ішінде болады.)

  1. Денелердің жүзу шарттары қандай шамаға байланысты? (ρ сұйық және ρ дене )
  2. Сұйықтың тығыздығын қандай құралдың көмегімен анықтайды? (Ареометр)
  3. Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын күшті қалай атаймыз? (Архимед күші)
  4. Архимед күшінің формуласы қандай? ( F = ρс g Vд)
  5. Архимед күші қандай шамалардан тәуелді? (ρс– сұйықтың тығыздығы және Vд – дененің көлемінен)
  6. Архимед күшінің бағыты қалай бағытталады? (жоғары)

Дескриптор:

-Денелердің жүзу шарттарын біледі.

-Денелердің жүзу шарттары қай физикалық шамаға тәуелді болатынын сипаттайды.

— Сұйықтың тығыздығын қандай құралмен анқтайтынын айта алады.

— Архимед күші қандай күш екенін түсіндіреді.

-Архимед күші қандай шамаларға тәуелді болатынын біледі,күштің бағытын анықтай алады.

 «Бас бармақ» арқылы топтық өзара бағалау

 

Суреттер

Үй тапсырасын сұрау.  (7 мин)

« Кім алғыр?» әдісі

Сабақтың ортасы (12 мин)

«Джигсо әдісі» топтық жұмыс

Суреттер сөйлейді.

Денені бір орыннан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы механикалық жұмыс деп аталады.

Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің механикалық жұмысы күшке де жүрілген жолға да тура пропорционал.

Мұндағы: А-жұмыс;

Ғ-күш;

s – жүрілген жол.

Жұмыстың өлшем бірлігіне 1 Ньютон күштің денені 1 метрге жылжытқандағы жұмысы алынады. Жұмыстың өлшем бірлігі ХБЖ-да джоуль алынады.

1Дж=1Нх1м=1Н∙м.

1 килоджоуль (1кДж)=1000 Дж=103Дж

1 миллиджоуль (1мДж)=0,001 Дж=10-3Дж

1 микроджоуль (1мкДж)=0,000001 Дж=10-6Дж

Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шаманы қуат деп атайды.

Мұндағы: N-қуат; А-жұмыс; t-жұмыс істеуге кеткен уақыт.

Қуатты өлшеудің бірлігіне 1 секундта істелетін 1 Джоуль жұмыс алынады.

Өлшем бірлігі ватт.

 

1 киловатт (1кВт)=1000 Вт=103Вт

1 милливатт (1мВт)=0,001 Вт=10-3Вт

1 микроватт (1мкВт)=0,000001 Вт=10-6Вт

 

Суреттер сөйлейді.

Дескриптор:

-Жұмыс пен қуаттың физикалық мағынасын түсінеді.

-Жұмыс пен қуаттың формуласын біледі.

-Өлшем бірліктері біледі, ХБЖ жүйесіне түрлендіре алады.

— Жұмыс пен қуаттың біздің күнделікті тұрмыстағы маңызын мысалдар арқылы түсіндіре алады.

Қима қағаздар.

«Кім жылдам » әдісі есептер шығару (10 мин)

 

Тапсырма:

№1.Моторының тарту күші 3000 Н,машина 54 км /сағ жылдамдықпен қозғалып келеді машина 10 с қанша жұмыс атқарады.

Ж:450кДж

№2. Қуаты 50 Вт желдеткіш 5 минутта қанша жұмыс істейді?

Ж:15 кДж

  1. 7,5 с уақытта 30 кДж жұмыс атқарады қуатын анықта?

Ж:4 кВ

Дескриптор:

есептің шартын құрады.

-жұмыс пен қуаттың өлшем бірліктерін ХБЖ-не келтіреді,

— жұмыс пен қуаттың формуласын біледі

-формуланы қорытып, есептерді шығара алады.

Тест

Өзін-өзі және бірін-бірі бағалау арқылы қорытынды жасау

(5 мин )

1.Механикалық жұмыс қалай анықталады?

А) F=gm

Ә)A=FS

Б) FA=pcy gVg

2.Жұмыстың өлшем бірлігі қандай?

А) Паскаль

Ә) Ньютон

Б) Джоуль

  1. Көтергіш кранның көмегімен массасы 2500 кг жүкті 12 м биіктікте көтереді. Осы кезде қандай жұмыс істеледі?

А) 30кДж

Ә) 50кДж

Б) 90кДж

4.Қуат қалай анықталады?

А) A=FS

Ә)N=A/t

Б) F=gm

  1. Қуаттың өлшем бірлігі қандай?

А) Ньютон

Ә) Ватт

Б) Паскаль

  1. Штанг көтергіш массасы 125 кг штанганы 70 см биіктікке 0,5 секундта көтереді. Спортшының бұл кездегі қуаты қандай?

А) ≈1,75 кВт

Ә)≈2,02 кВт

Б) ≈1,95 кВт

Дескриптор:

1.Механикалық жұмыстың формуласын анықтайды.

2.Қуаттың формуласын біледі.

3.Формуланы қолданып, есептегі сан мәнднрді анықтайды.

4.Өлшем бірліктерін ажыраты алады.

Интерактивті тақта

Сабақтың аяғы

(2 мин)

Рефлексия

Кері байланыс: (стикер беріледі).

Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығын үш түрлі жемістер арқылы көрсетеді.

Лимон – мен күткендей болмады, түсінбедім

Ананас – ұнады, бірақ ұсыныстарым бар

Алма – маған қызықты болды, үйрендім

 

 

 

 

Стикерлер

Үй тапсырмасы

(1 мин)

Механикалық жұмыс пен қуат.

Оқулық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың меңгерген білімдерін қалай тексеруді жоспарға енгізіп отырсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын қорғау

Оқушыларға сұрақ беріп жұмысты орындатуда, деңгейлік тапсырмаларды оқушының ұғыну қабілетіне қарапайым есептер беру арқылы оңайдан күрделіге талпынуға ынталандырамын, бағыттаймын.

Оқушыларды тақырыпты оқу арқылы бір бірін сыйлауға, ойларын ашық айтуға ұжымдықпен жұмыс жасап, сыны тұрғыдан ойлауға дағдыларын қалыптастырамын.

Тест арқылы оқушылардын жетістігіне жетуге қолжетімділік жасаймын.

Жетістік критерийлеріне сәйкес тапсырманы орындап мақсатқа жетуіне байланысты жетті немесе талпынды деп кері байланыс беру арқылы бағаланады.

Математика, тарих, жаратылыстану пәндерімен пәнаралық байланыс бар. Таныстырылым қолданылады, Интерактивті тақтаны 20 — 25 минуттан артық қолдануға болмайды

Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Барлық оқушылар ОМ жетті ме? Егер жетпесе неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттары сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неге?

Осы бөлімде сабақ туралы ойланыңыз. Сол жақтағы бағанның негізгі сұрақтарына жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?