Қызылорда облысы Шиелі ауданы № 155 Д. Шыныбеков атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі С.Ш. Маханбетова

 

Қазақ тілі Мерзімі: Мектебі: № 155

ЖББОМ

Мұғалім: С. Маханбетова
Сабақтың атауы 4-сыныпта өткенді қайталау
Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Мәтін,сөйлем құрауға қажетті тапсырмалар
Жалпы мақсаттар Білімділігі: өткен тақырыпты саяхат жасау арқылы пысықтау, сурет бойынша сөйлем құруға дағдыландыру.
Дамытушылығы: ауызша және жазбаша тілдерін дамыту. Сөздік қорын және байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Тәрбиелігі: адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, шапшаңдыққа баулу.
Оқыту  нәтижесі
Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз мезгілі 1 — топ, қыс мезгілі 2 — топ, көктем мезгілі 3 — топ, жаз мезгілі 4 — топ болып бөлінеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Психологиялық дайындық.
Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып

Біз демалып алайық.

 

 

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Үй тапсырмасын сұрау

 

4-сыныпта өткен ережелерді сұрау.
Қызығушылықты ояту «Немене» аулына саяхат жасаймыз. «Немене» ауылы сендердің сөйлем тақырыбын қалай меңгергендеріңді сынамақшы. «Сиқырлы сандық» әзірлепті.
— Қане, сандықты ашып қарайық. (сандықтан сұрақтар оқу)
1 — оқушы: Сөйлемдегі сөздер бір — бірімен қалай жазылады?
2 — оқушы: Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?
3 — оқушы: Сөйлемнің соңына қандай белгілер қойылады?
4 — оқушы: Сөйлемдегі сөздер қандай болады?
5 — оқушы: Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай білеміз?
6 — оқушы: Қазақтың тұнғыш ғарышкері кім?
Енді бәріміз «Ұшты — ұшты» ойынын ойнаймыз
Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Оқулықтағы жаттығуларды топтарға бөліп тастау.

Шығармашылық тапсырма

1 — парақша «Балалар» сөзін қатыстырып сөйлем құра.
2 — парақша «Ойыншықтар» сөзімен сөйлем құрау.

Фонетикалық жаттығу.
— Еске түсіріп көрейік, үйрек ашуланғанда қандай дыбыс шығарады?
Ш-ш-ш, Ш-ш-ш, Ш-ш-ш, Ш-ш-ш

Дарынды оқушымен жұмыс

Бес жолды өлең құрастырыңдар

Сергіту сәті Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

 

Оқушылар денелерін жаттықтырады

Ой толғаныс Жұмбақтарды шешіңдер.

Жылт — жылт еткен,
Жырадан өткен. (су)
Өнерде бар, Талапта жоқ.
Өрмекте бар, Оюда жоқ (ө)
Мейізде бар, өрікте жоқ.
Киізде бар, Сырмақта жоқ (з)

Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырманың қалғанын үй жұмысы ретінде беру Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  Бағалау парақшалары арқылы