Баганова Айслу Маратовна,

                                                                        СҚО,Мағжан Жұмабаев ауданы,

                                                           Қарақоға орта мектебінің

Қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

 

 

Тілге құрмет —  елге құрмет

 

Мақсаттары:

  1. Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сұрақтарға тез, дұрыс жауап беруді меңгерту,
  2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, ауызша, жазбаша сөздік қорларын дамыту; монологты сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;
  3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру; отаншылдыққа, мемлекеттік тілге деген құрметті, көптілді маман болуға тәрбиелеу, тілдің үштұғырлығын насихаттау.

Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар жазылған қиықшалар, таблица, эпиграфы жазылған плакат, 1 — ден 10 — ға дейін сандар.

Эпиграф:

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы —

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.

Ж 1 — Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, тілі дамыған,
Үлгі алайық балалардан!

Ж 2  Армысыздар, құрметті көрермендер!

Ж 1Сәлеметсіздер ме, өнер сүйгіш халық!

Ж 2- Құрметті ұстаздар, ата — аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 6-7 — ші сынып оқушыларының арасында «Тілге құрмет —  елге құрмет» атты интеллектуалды ойынын өткізгелі отырмыз.

Ж 1  Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Ж 2  Бүгінгі сайысқа өнерлі де, білімді, танымы жүйрік, өз халқының нағыз патриоттары қатысқалы отыр.

Ж 1- Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.
1 «Жігер» тобы
2 «Болашақ» тобы
3 «Білім» тобы

Ж 2   \Кіріспе сөз\
Тіл — өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт — дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі — өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.

Ж 1   — Бүгінгі интеллектуалды ойын 8 бөлімнен тұрады:
1“Кім тапқыр?»
2.“Тұлғаны тани біл”
3.“Сандар сыры ”
4. .«Жанды дауыс»

5 “ Мың бір мақал  ”

6.«Ақ тілеудің белгісі — бата»
7.«Өлең- сөздің патшасы»

8.«Биле-биле»

Ж  2Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
— деп сайысымыздың 1 — бөлімін бастаймыз.

Ж1І — кезең.“Кім тапқыр?” деп аталады.
Бұл сайыста  буындардан сөздер құрау керек. әр топқа 10 буын беріледі. Әр сөз 1 ұпаймен есептеледі.

Ж 2II — кезең“Тұлғаны тани біл”сайысын бастаймыз.
Бұл сайыста көрсетілген тұлғалар туралы өз білгендерің айтасыңдар.

Әр топқа 3 тұлғадан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан беріледі.
\ Мұхтар Әуезов,  Роза Рымбаева, Бауыржан Момышұлы, Тоқтар Әубәкіров, Әлия Молдағұлова, М. Жұмабаев, С.Мұқанов , т. б.\

Ж1Сөз әділқазы алқасына беріледі.

Ж 2ІІІ – кезең «Сандар сыры»
Бұл кезеңде берілген сандардың еліміздің мерекелік атаулы күндерімен сәйкестігін атайсыздар. Бұл тапсырма ортақ. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
8, 16, 1, 22, 7, 6, 9, 30

Ж1IV кезең «Жанды дауыс»  \ән айту сайысы\

Ж  2 V кезең “Мың бір мақал»
Бұл турда мақалдың бірінші жартысы беріледі, ал Сіздер сол мақалдың жалғасын табуларыңыз қажет. Әр топқа 5 мақал — мәтелден беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
 

Күш білімде,

Наданмен дос болғанша,

Ананың көңілі балада, …
Досы көпті жау алмайды, …

Өнер алды …

Өз тілің — бірлік үшін,

Күлме досыңа,

Өзге елде сұлтан болғанша,…
Білекті бірді жығар,…
Туған жердің күні де ыстық, …
Еңбектің наны тәтті,…
Бірлік болмай,…
 

Туған жердей жер болмас,…
Оқу – білім бұлағы,…
Оқу инемен ….
Білім қымбат,…
Дос жылатып айтады, дұшпан ….
 

Ж 1VI кезең  «Батамен ел көгереді, жаңбырмен жер көгереді» деп қазақ халқы бекер айтпаған.

Келесі кезең «Ақ тілеудің белгісі — бата» деп аталады.

ал біз болсақ қатысушыларымызды кезегі бойынша ду қол шапалақпен ортаға шақырамыз.

Ж 2VII кезең «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» жазғы М. Жұмабаевтың  өлең жолдарын мәнерлеп оқу сайысы

Ж 1VIII кезең  «Биле-биле» деп аталады . Би билеу сайысы

Ж 2- Қорытынды жасаймыз.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Сайыстың жеңімпазын марапаттау
— Осымен «Тілге құрмет —  елге құрмет»  білім сайысы аяқталды. Қатысып өз білімдерін көрсеткен барлық оқушыларға рахмет.

 

 

 

 

 

 

 

«Қарақоға  орта  мектебі» КММ

КГУ « Карагугинская средняя школа»

 

 

 

 

«ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ- ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ»

сыныптан тыс іс — шараабаев  ауданы

КММ «Қара қоға  орта  мектебі»

                                «Қарақоға                                  «Қарақоға  орта 

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Баганова А. М.

Провела: учитель казахского языка и литературы Баганова А. М

 

 

 

 

2018-2019  оқу жылы

2018-2019  учебный год