Жаналиева Адеми Жаксылыковна

Ш. Смағұлов атындағы

Алматы облыстық дарынды

 балаларға арналған мамандандырылған

 физика –математика орта

 мектеп — интернаты

 

 Білім беру мазмұнын жаңарту мән мәтінінде интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбие процесіне педагогикалық- психологиялық жетекшілік ету.

Ең алғашқы дамуында тежелуі бар балаларға арналған арнайы мектеп сыныптары 1897 жылы Альфред Биненің бастауыш мектептің психологиялық мәселелеріне арналған еңбегінің жарық көрінуінен басталған. Ол Францияның білім министрлігінен мектепте жалпы бағдарлама бойынша білім ала алмайтын балалардың мәселелерін зерттеуге рұқсат алып, зерттеушілерінің нәтижесінде ақыл-ой дамуында тежелуі бар балаларды анықтауға мүмкіндік беретін Бине Симон тестінің тууына себепші болды. Нәтижесінде дамуында тежелуі бар балаларға арналған арнайы мектеп сыныптар ашылды. 1909 жылы Францияда алғашқы кәсіби мектептік психологиялық қызметі пайда болды.

1913 жылы Англияда Цирил Берт алғаш мектеп психологі жұмысын жасады, ал АҚШ та 1915жылы Гассель мектеп психологі қызметін алғаш бастағандардың бірі болды.

1970 жылдан бастап Францияда мектептегі психологиялық қызметінің жұмысын ұйымдастыру формасы ретінде топтық психологилық-педагогикалық көмек қарастырылды. Бұл топтарда үш түрлі мамандар қызмет атқарды:

  1. Мектеп психологі маманы
  2. Психологияны оқыту бойынша маман
  3. Психомоторлық дамуын зерттеу бойынша маман

Енді, біз білім беру ұйымдарында  педагогикалық- психологтың тәрбие процесінде атқаратын қызметі туралы баяндасақ. Қызметтің бастапқы кезеңі- диагноз қою. Диагноз психологиялық тексерулердің нәтижесі бойынша қойыла салмайды, міндетті түрде алынған тексерулердің белгілерінің арақатынасын болжайды.

Осы диагностикалық жұмыстарының қорытындысының негізінде нұсқаулар беріледі. Сонымен қатар, психолог ұйымдастыру шараларына кеңестер береді. Бұл баланы арнайы немесе қосалқы мектептерге, бастауыш сынып шеңберіндегі арнайы сыныптарға, арнайы балалар бақшасына қабылдау. Ол оқытудың тиімді типтерін анықтауға көмектеседі.

Енді бала мектеп интернатқа орналасқаннан кейін, педагог- психологтың міндет- мақсаттарын қарастырып өтсек:

Интернаттық білім беру ұйымдарындағы педагог- психологтың мақсаты: оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, олардың шығармашылық

мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеті мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу,

олардың психологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу, оқушылардың бойындағы ауытқушылыққа , кешеуілдеуіне психокоррекциялық, ағартушылық жұмыс жасау, мұғалімдер ұжымында жағымды психологиялық сауаттандыру және мектеп интернатта сабақтарының дұрыс ұйымдастырылуына көңіл бөлу.

Ал, психологиялық көмек көрсету жұмысы 5 бағыт бойынша жүргізіледі:

  1. Диагностикалау
  2. Бала дамуын түзету

3.Балада басқа ауытқуының алдын-алу

4.Психологиялық кеңес беру

  1. Баламен ағарту жұмысын жасау

Диагностикалық жұмыстың өзі 2 этаптан тұрады:

Бірінші этапта, педагог-психологтың арнайы көмегін қажет ететін оқушыларды анықтау жүргізіледі.

Екінші этапта,осы оқушылардың деңгейіне терең, индивидуалды баға жасалып, аталған оқу орнына бейімделуіне арналған жұмыстар жүргізіледі.

Психолгиялық кеңес беру :

— оқуында қиындық кездесетін тәрбиеленуілерге көмек көрсету;

— Тәрбиеленушілерге өзін- өзі тануға, пайда болған мәселелерді шешуге және самоанализ жасап сәтті білім алу үшін өзіндік қабілеттерін аша білуге;

— тәрбиеленушілердің ата-анадларына және тәрбиешілерге оқушылардың жас ерекшеліктері туралы бағыт-бағдар беру;

-Стрестік, конфликтілі және шектен тыс уайымшыл жағдайдағы балаларға психологиялық көмек көрсетіп, кеңес беру.

Кеңес беру топтық және жеке түрде жүзеге асырылады.

Балада ауытқушылықты алдын-алу бағыты:

— Тәрбиеленушілердің таным үрдістерін дамыту;

— бала қорқыныштарымен күресе білу және алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру;

-Тәрбиеленушілердің әлеуметтенуіне жағдай жасау.

Профилактикалық бағыттың ең басты міндеті- баланың әр даму сатысында жеке тұлға ретінде өсіп- дамуы үшін жайлы психологиялық жағдай жасау. Жұмыс жасау бағыттары : кеңес беру, әңгімелесу, сабаққа қатысу, іс-қағаздарымен танысу және тренингтер түрлі дамыту ойын- жаттығуларын жүргізу.

Мектеп интернаттарда психолог маманнан психологиялық білімді мектеп тәжірибесіне қолдану мен психологиялық көмек көрсету жоғары дайындықты, білімділікті талап етеді. Бұл туралы ҚР Конституциясының 6-тарау, 33- бабында көрсеткен.

Мектеп интернат тәрбиеленушілермен жұмыс жасау барысында  мынадай шаралар ескерілу тиіс:

-жұмыс барысында қолданылатын педагогикалық бағыттың мазмұнын, түрін, тәсілдерін қамтамасыз етуді;

-жеке тұлғаға әсер ететін медициналық-психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік жағдайларды зерттеуді;

-балалар мен үлкендердің қарым-қатынастарының  дұрыстығына бағытталған әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттілікті ұйымдастыруды;

-бұзақылық жасаған жасөспірімдерге көмек беруге,  қайта қалпына келтіруге жағдай жасауды;

-әлеуметтік жетімдердің отбасы жағдайын анықтап, мүмкіндігінше жасөспірімдердің отбасына немесе балалар үйіне оралуына жағдай жасауды; -деңгейінің жоғарылауына көмектесу, балалардың мүддесін қорғау олардың отбасымен, әр түрлі қоғамдық инстанцияларымен қарым-қатынасын ұйымдастыруды. Мұның барлығы әлеуметтік-педагогтың міндеті болып есептеледі.

Дегенмен, қоғамның дамуы әрбір тұлғаның бойындағы ізгі қасиеттерінің сапасына, әлеуметтенуі мен оның жалпы адамзаттық құндылықтарды игеру және қоғам игілігі үшін пайдалану қабілетіне байланысты болады.

Сондықтан, жас ұрпақты қоғамға әлеуметтендіру барысында олардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіре отырып, олардың ар-намысына тимеуге, абыройларын, ар-ождандарын құрметтеуге рухани-адамгершілік пен әдептілікке баулу, адамды сүйе, сыйлай, құрметтей, қадірлей білуге үйрету, қоғамның шынайы иесі болуға талаптандыру қажет.

Соңғы жылдардағы көптеген әлеуметтік зерттеулер мектеп интернаттарда орналасқан балалар мен бітірушілердің  әлеуметтік бейімделуінің күрделі мәселелері барын көрсетті. Бұл мәселелерді шешу бүгінгі таңдағы кезек күттірмес міндеттердің бірі. Сондықтан да психологиялық тұрғыдан бұл мәселе қазіргі уақытта әр-түрлі себептермен  балалардың қоғамға бейімделуі, әлеуметтенуі үшін өзекті болып саналады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.ҚР Конституциясы

2.Мақашқұлова Г. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің психикалық ерекшеліктер. Қазақстан мектебі 2015 ж.

  1. 3. «Психолог в детском доме» Вольхина Е.Н,2010г
  2. 4. «Система работа педагога- психолога специальной школы- интерната для детей сирот» Наумова Н.Е