№ 15 орта мектеп Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім.  Таулар сыры. М. Мақатаев «Мен таулықпын»
Сабақ тақырыбы:  М. Мақатаев «Мен таулықпын»
Күні:19.10.2018 Мұғалімнің есімі:Тауханова Данна Абилкайровна
Сынып: 6-сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаты: 6.1.4.1- шағын поэзиялық шығармалардың мазмұнын талдай отырып, кейіпкерлерге сипаттама жасау;

6.2.6.1- тірек сөздер арқылы сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру.

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар   өлеңнің мазмұнын сұрақтар негізінде талдайды.

Оқушылардың басым бөлігі   тірек сөздерге сүйеніп кейіпкерлерге сипаттама жасайды.

Кейбір оқушылар: сюжетті суреттердің желісі бойынша шағын әңгіме құрастырады.

Бағалау критерийлері: —        М. Мақатаевтың «Мен таулықпын» өлеңінің мазмұнын сұрақтар негізінде талдайды,  өлең туралы өз ойын айтады, сұрақтарға жауап береді.

—        — тірек сөздер арқылы кейіпкерлерге сипаттама жасап, сюжетті суреттердің желісі бойынша тірек сөздерді қатыстыру арқылы шағын әңгіме құрастырады.

Тілдік мақсаттар: Тілдік дағдылар: Сын есімдерді еркін қолданады.
Арнайы пәндік лексика мен терминология: алып жүрек, таулықпын, еміп, ержеткенмін, қуат алып, жаратылғам, бүркеніп, жай оты, бесік, желпиді.
Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер мен фразалар: тауға арналған, Қарасаздан шыққан.
Талқылауға арналған сұрақтар:  Ақын өз өлеңінде неге тауды анаға теңейді?
Құндылықтарды дарыту Қазақтың біртуар, ақиық ақыны М. Мақатаевтың шығармашылығын оқып үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

«Мәңгілік Ел» жалпықоғамдық құндылығы:

—        — шығармашылық жәнe сын тұрғысынан ойлау;

—        — қарым-қатынас жасау қабілeтіне үйрету;

—        — өзгeлeрдің мәдeниeтінe жәнe көзқарастарына құрмeтпeн қарау;

— тарихи мұрамызды мұқият сақтау

Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы:

—          ұлттық бірегейлікті сақтау;

Пәнаралық байланыстар тарих, жаратылыстану
АКТ қолдану дағдылары Ғаламторды пайдаланып, қажетті ақпаратты табады.
Алдыңғы оқу\ Бастапқы білім М. Мақатаевтың ақындығы, оның шығармалары туралы біледі.  Оқушының бастапқы білімін жетекші сұрақтар қою арқылы білемін.
Саралау: Сіз қосымша көмекті қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?  Сабақ басында үй тапсырмасын сұрау кезеңінен бастап оқушылар бүгінгі сабақта өз таңдаулары бойынша А және В деңгейдегі тапсырмаларды таңдап орындайтынын айтамын. Сабақтың өн бойында тапсырмалар жай және күрделі түрде беріледі. Тапсырма мен оның критерийлері анықталысымен оқушылар қалаған топқа орын ауыстыруына мүмкіндік беремін.

·         Қабілеті жоғары болған екі- үш оқушыға тілші, ақын және ақынның досы арасындағы сұхбат құруға тапсырма беремін.

 

Бағалау: «Бағдаршам», «Басбармақ», «Өзін – өзі бағалау», «Интервью»
ЖОСПАР
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы

2 минут

 

 

 

 

 

 

6 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Психологиялық ахуал қалыптастыру. Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін  ең алдымен оқушылар кіру билетін алады. Осы кіру билетінің екінші бетінде тауға байланысты әдемі, ұлы, көркем, тамаша, шипалы, мықты, жомарт, асқар, биік, сұлу, заңғар, бай, ғажайып деген сын есімдер жазылып тұрады. Оқушылар бір- біріне осы сын есімдерді пайдаланып тілек айтады. Мысалы: Диас сен таудай ұлысың. Мөлдір сен таудай ғажайыпсың.

Қызығушылығын ояту. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту үшін және үй тапсырмасын сұрау мақсатында «Кіру билетінде» берілген сұрақтарға бір сөйлеммен жауап беруді сұраймын. Кіру билетіндегі сұрақтар А және В деңгеймен беріледі. Сұрақтар:

А Деңгей 1.М. Мақатаев кім?

2.М.Мақатаевтың туған жерін білесің бе?

3. Мұқағали туған жерде қандай тау бар?

4. Мұқағали неше жасында қайтыс болған?

5. М.Мақатаев қашан туған?

6. Мұқағалимен дос болған композитор кім?

В деңгей.

7.Мұқағалидың азан шақырып қойылған аты қандай? (Мұқаметқали)

8. «Ақиық» сөзінің ауыспалы мағынасы қандай?

9. «Дариға, домбырамды берші маған » әні қалай туған?

10. «Саржайлау» әні қалай шыққан?

11. Ақиық деген не?

12. «Шеше, сен бақыттысың!» өлеңі қалай туған?

13.Мұқағали туралы 3 тың дерек айт

Топқа бөлу. Алған сұрақтарына қарай А және В тобына бөлінеді.

Мәтіналды жұмыс. Тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырамын.

алып жүрек-крепкое богатырское сердце, таулықпын-горец, еміп-вскормленный, ержеткенмін-я вырос, қуат алып-получив энергию, силу, жаратылғам-был создан, бүркеніп-прикрываясь, жай оты-огонь молнии, бесік-колыбель, желпиді-веет, обмахивает.

Оқытамын, аудармасын айтқызамын, қиын сөздерді бірге аударуға көмектесемін. Жаңа сөздердің дұрыс айтылуына назар аудартамын. Жаңа сөздерді қатысырып сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырамыз.

Дескриптор:

-жаңа сөздерді дұрыс айтады, аудармасын біледі;

-сөздік жұмысын жүргізеді;

Қалыптастырушы бағалауды өзім мадақтау айту арқылы жүргіземін.

тренинг жазылған парақшалар

«Кіру билеті»

сұрақ жазылған парақтар

 

 

Суреттер Сөз Аудармасы
алып жүрек крепкое богатырское сердце
таулықпын я горец
еміп, вскормленный
ержеткенмін взрослел
қуат алып получив энергию
жаратылғам родился (быть рожденным, родиться)
бесік колыбель

Сөздік

Ортасы

6 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 минут

Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс істеу негіздерін қалыптастыру үшін оқулықтағы мәтіннің мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін талдауға арналған тапсырмаларды орындатамын.  

Тыңдалым Оқылым

3- тапсырма. Топтық жұмыс. «Орнын тап!»

мақсаты критерийлері дескриптор
Жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру

 

-жаңа сөздерді мәтіннен тауып, түсінеді

-жаңа сөздерді синониммен алмастырып айтады

 

-жаңа сөздерді табады;

-сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді

-жаңа сөздерді синонимімен алмастырып айтады

А деңгей.

Керекті жаңа сөздерді тауып, қажетті жеріне қойып, оқиды.

 

В деңгей.

Керекті жаңа сөздерді табады, оны сол сөздің синонимімен алмастырып, қажетті жеріне қойып оқиды.

Тау дейтін ——— ана туған    (алып жүрек- кең жүрек)

Мен ——— !                           (таулықпын-тауда туғам)

Таудан мен ———-.              (жаратылғам- пайда болғам)

Киіктің сүтін ———— ержеткенмін,  (еміп,-ішіп)

——————— қыранның қанатынан. (қуат алып- күш алып)

Мен таулықпын!

Таудан мен жаратылғам.

Бұлт ————, —————ала туғам (бүркеніп-жамылып, жай отын-найзағай отын)

Тау- менің дәу ————-.(бесігім- төсегім)

Мен оның әуресімін, сәулесімін.

Асқар шыңдар ———— бесігімді. (желпиді-желдетеді)

Бір орамын ағытып сәлдесінің.

  Қалыптастырушы бағалау «Басбармақ» әдісі бойынша бағалайды

4-тапсырма. Топтық жұмыс. «Қос шеңбер»

мақсаты критерийлері дескриптор
тыңдалған  поэзиялық шығарманың мазмұнын түсіну өлеңнің мазмұнын сұрақтар негізінде талдайды. А-өлеңннің не туралы екенін айтады;

-кейіпкерлерді атайды

В-кейіпкерді сипаттайды

Аудиотаспадан М.Мақатаевтың «Мен таулықпын» өлең жазбасын тыңдағаннан кейін «Қос шеңбер» әдісі арқылы тапсырма орындайды.

А деңгей.

1.      — өлең не туралы?

2.      — өлеңдегі кездескен кейіпкерлер?

В деңгей.

3.      — ақын неге өзін «таулықпын» деп атайды?

4.      — өлеңде тау ұлының қандай қасиеті сипатталған?

Қалыптастырушы бағалау. «Басбармақ» әдісі бойынша  бағалайды.

Мәтін соңы жұмыс. 4-тапсырма. Айтылым Жазылым «Қара сөз құдіреті»

мақсаты критерийлері дескриптор
тірек сөздерге, сұрақтарға сүйеніп өлеңді қара сөзбен әңгімелейді

 

ақын өзін қандай сөздермен сипаттайтынын табады, әңгімелейді -сұрақтарға жауап береді;

-суреттер көмегімен әңгімелейді.

 

А деңгей.

5.      –сұраққа жауап бере отырып, өлеңді қара сөзбен әңгімелейді; Сұрақтар:

6.      1. Анасын неге теңейді?

7.      2. Ненің сүтін еміп ер жеткен?

3.Неден қуат алған?

4.Неден жаратылған?

5.Тау оның қандай бесігі?

6.Тауға барып не істесем дейді?

7.Ненің қанатынан ұстасам дейді?

8.

9.      В деңгей.

-суреттерді сюжет желісімен орналастырады.

10.   -сюжет желісі бойынша шағын әңгіме құрастырады;

Қалыптастырушы бағалау. «Басбармақ» әдісі бойынша  бағалайды.

Оқулық

Аудиотаспа

 

 

 

Қима қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қос шеңбер»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

сұрақ жазылған парақтар

 

өлең мазмұнына сай суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аяқталуы

1 минут

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

2 минут

Үйге тапсырма.

А деңгей

https: //vk.com/ video сайтынан “Мен таулықпын мультфильмін көріп, әңгімелеу”

В деңгей

https: //vk.com/ video сайтынан “Мен таулықпын мультфильмін көріп, ақын өлеңімен салыстыра отырып, әңгімелеу”

Кері байланыс. Рефлексия.

Таудың ең төменгі жағын не деп атайды? –Таудың етегі

Таудың ортасын не дейді?-Таудың бөктері

Таудың ең басын не деп атайды?- Таудың шыңы

Сабақта өздерінің жауап берулері мен сабақты түсінуін есепке ала отырып, таудан өз орындарын табады.

Мен өзімді таудың бөктеріндемін деп санаймын, себебі…

Мен өзімді таудың баурайындамын деп санаймын, себебі…

Мен өзімді таудың шыңындамын деп санаймын, себебі…

Мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы. «Интервью» әдісі бойынша оқушылардың сабақ бойғы жұмысын бағалаймын.

Мұғалімнен тілек:

Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім,
Қырға шығып ырысқа кеңелмеспін
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МКМ «Кенен Әзірбаев атындағы № 15 орта мектебі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ жоспары

 

Тақырыбы: М. Мақатаев «Мен таулықпын»

 

6-орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні

 

 

 

 

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Тауханова Данна Абилкайровна