Ғылыми жұмыс тақырыбы: Ақ күріштің туын тіккен ауылым

Қорғаушы Данияр Айдана 10 сынып

                                                Жетекшісі Адыранова Гулзинат  Тодепбергеновна

 

 

Мазмұны

 

 

І.Кіріспе

Күріш дақылы туралы түсінік ……………………………………………………………3– 4

 

ІІ. Зерттеу бөлімі

  1. Қазақ жеріндегі корей ауылы ………………………………………………………5 – 8
  2. «Тірі боп жүз жыл жасап тек тұрудан,

Бір күн артық ел үшін еңбектенген»…………………………………………….9 – 13

  1. Тоғысқан тағдырлар …………………………………………………………………..14 – 16

 

ІІІ. Қорытынды

Туған елім, ауылым, гүл бағым,

Тарихыңды парақтаудан тынбадым……………………………………………………16

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………….17

Оқушы пікірі ……………………………………………………………………………………18

 

 

 

 

Аннотация

     Зерттеудің мақсаты:           Өлкетану жұмысына байланысты «Ақ күріштің туын

тіккен ауылым» тақырыбына жазылған зерттеу жұмысы барысында Ақмая ауылының тарихын зерттеп, ашылмаған тың деректер туралы мәлімет жинау.

Зерттеу жұмысының нәтижесінде туған өлкені танып біліп,

еңбек жолдарындағы жүріп өткен  аға – апаларымыздың өмір

жолдары туралы дерек көздерін жинақтау.

Автордың жеке еңбегі:    1. «Ақмая» ауылының құрылу, қамтитын аумағы жайлы                                                               мәлімет жинау.

  1.   60 – 90 ж жарық көрген күріш шаруашылығына қатысты                                                  әдебиеттермен танысты.
  2. ХХ ғасырдың ІІ ширегімен – ХХІ ғасырдың басындағы                                                   ауыл тарихына үлес қосқан азаматтардың  өмір жолымен                                                       танысу.
  3. Ақмая ауылының гүлденуі Сыр маржаны – ақ күріштің шығу тарихы.
  4. Ақ күріштің жеміс туын тігудегі ауыл азаматтарының еңбегін жинақтау.

 

Жұмыс кемшіліктері:       Ауылдағы көнекөз қариялармен әлі де жұмыс жүргізіп,

ауқымын кеңейтсе.

 

Ұсыныс – пікір:                 Жұмысты тоқтатпай, әрі қарай жалғастыра беріп, ауылдан                                                     шыққан жаңа тұлғалармен толықтырылса оқушының жас

деңгейіне қарай жұмыс жақсы таңдап алынған. Дегенмен көзі

тірі еңбек ерлерімен сұхбат жасап жұмыс ауқымын кеңейтсе.

 

 

 

 

                                                                                                                                          3

Кіріспе

 

Қазақстанның жері қандай кең әрі бай болса, мұндағы кәсіп пен шаруашылықтың түрі де соншалықты көп. Халқымыздың ата кәсібі болған мал мен егінді, дәнді дақылдарды атамағанның өзінде республиканың бір жерінде мақта,енді бір жерінде күріш, бір жерлерінде ағаш, бір жерлерінде бау – бақша мен жеміс жидек т.б өсіріп отырады. Соның бірі күріш.

 

Күріш – ерте замандардан келе жатқан ауыл шаруашылығы дақылы. Шыққан жері дәл анықталмаған. Академик Н.И Вавиловтың пікірі бойынша, бұдан 5 мыңдай жыл бұрын Үндістанда пайда болған. Қазақстан территориясында күріш өсіру б.з.б ІІІ – І ғасырларда пайда болған. Бұл өңірде ертеден күріш өсіргендігіне археологиялық қазбалар, қазақтардың арғы тегі – түріктердің жазба нұсқалары мен сөздік лексикаларындағы « Тұтырған» сөзі дәлел. «Тұтырған» — күріш деген сөз екенін Махмұт Қашқари өзінің « Түркі тілдерінің сөздігінде» ( « Диуани  лұғат – ат түрік») жазған. [ 1 ]

Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысындағы кең жазықта ерте замандарда және орта ғасырларда суармалы егіншілікпен айналысқан. Бұл жерлерде бидай, арпа, тары, күріш өсіру тәсілдері б.з.д мыңыншы жылдықта Сыр бойын қоныстанушыларға белгілі болған. Өлкенің ертедегі қоныстанушылары табиғат ресурстарын кешенді пайдалануымен ерекшеленді. Өзендерді, тасыған су жайылымдарын жер суаруға, қамысын мал азығына қолданған. Құм

 

 

4

оазистерін мал жайылымына, өзендерді, көлдерді балық аулауға пайдаланған. Ертедегі суармалы жерлер Қуаңдария, Іңкәрдария, Жаңадария бойындағы ирригациялық

құрылыстарға негізделген. Ертедегі суландыру жүйелерін Бәбіш молда,

Шірік – Рабат,        Жетіасар, Рәбен сайлар бойынан археологтар анықтаған.

Орта ғасырларда күріш өсіру Қазақстанның шығыс және орталық аудандарына тарады. Араб географы Әл – Идрисидің хабары бойынша ІХ – ХХ ғасырларда Ертіс бойын мекендеген Қимақтар тайпасы бидай, арпадан басқа күріш те  өсірген.

1902 жылы Перовскі уезінде 877 десятина жерге күріш егілді. Ол барлық суармалы жердің 16 пайызын қамтыды. 1910 жылы күріштік 23,6 пайызға жетті. Қазалы уезінде 1911 жылы күріш егісі жалпы суармалы жердің 19,2 пайызын құрады. ХІХ ғасырдың аяғында Сырдария өзенінің төменгі ағысында тұрақты күріш өсіру аймағы Шиелі қыстағы маңында пайда болды, кейінен Сырдың сол жағалауында Шіркейлі, Қуаңдария бойына тарайды. 1940 жылдардан бастап Сыр бойында күріш дақылын

көптеп өсіру қолға алынады. Осыдан бастап күріш егісі Сыр бойында бүкіл халықтық қозғалысқа айналды. Қалдыбаев Маман, Ким Ман Сам және Ыбырай Жақаевтар күріш өсіруден дүниежүзілік рекорттар жасады. Күріш шаруашылығы және күріш өсірушілердің еңбегін суреттеген көптеген әдеби шығармалар ( С. Мұқанов « Сырдария, О. Сәрсенбаев « Жақсының көзі» т.б ), публицистикалық кітаптар жарық көрді. Ұзақ жылғы тәжірибе жергілікті халықққа бұл кәсіптің құпия сырларын ашып, оның қыр – сырын меңгеруге мүмкіндік берді.  [ 2 ]

Күріш 2,2 млрд. адам пайдаланатын ең басты азық – түлік өнімі ретінде саналады және халықты жұмыспен қамту мен табыс көзі болып табылады. Дүниежүзі бойынша 531млн тонна қара күріш өндіріледі. Негізінен, күріш Азияда 91 пайыз өсіріледі. Өзге дәнді дақылдармен салыстырғанда, күріштің ерекшелігі – оны тек адамдар ғана тұтынады. Күріш негізінен, өндірілген жерінде мол тұтынылады. Дүниежүзінің күріш өндірісінің небәрі 3 – ақ пайызы ( 14 млн тонна ) ғана әлемдік рынокқа шығарылады. Жан басына шаққандағы күріш тұтыну, әсіресе, Азия елдерінде жоғары. Мысалы Жапонияда жан басына 89 кг-ға  дейін, Америкада 20 кг-ға дейін, Африкада 15кг және АҚШ пен Еуропада – 5кг [« Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты. Ж.Ш.С» бүктемесі, Қызылорда 2009 ж] Күріштің азықтық сапасы өте жоғары. Күріштен дәмі тәтті, бойға сіңімді көптеген тағамдар жасалады. Күріш дәнінің қалдығы – сиырға, құсқа,

5

шошқаға құнарлы жем. Оның сабанынан мал сүйсініп жейтін сүрлем әзірленеді. Күріш сабақтарынан әр түрлі материалдары жасалады.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде « Күріш – жылылықты сүйетін, суда өсетін дәнді дақыл және соның сопақша келген дәні» деген анықтама берілген. [ 3 ]

 

 

Зерттеу бөлімі                                         

Қазақ жеріндегі корей ауылы

 

Сыр өңірі – халқымыздың қашаннан береке, құт дарыған қасиетті ата қонысы. Оны еліміз әрдайым ардақ тұтып қастерлеп келеді. Бұл аймақтың табиғаты жағынан еліміздің басқа да өңіріндегі Еділ, Жайық, Есіл, Ертіс, Іле сияқты қазақ халқының бұрынды — соңды өмірі мен бірге жасап, біте қайнасып келе жатқаны мәлім. Еңбекке үйренген Сыр өңірінің диқандары қиыншылыққа еш мойымай тек өмірдің биігінен көрінуге талпынды.

Шиелі – сулы да нулы жер. Егіншілік – Шиеліліктердің ата кәсібі. Ұрпақтан — ұрпаққа жалғасып, қастерлі мұра болып қалған диқандық өнер бұл күнде әрбір ауылда дәстүрге айналып келеді. Сондай ауылдардың бірі – « Ақмая ауылы» [4]

6

Темір жол түспей тұрғанда бұл маңай қалың сексеуіл, жыңғыл, ағаштың түр – түрі өскен қалың тоғай болатын. Бұл елді мекеннің тарихы әріден басталады. 1853 – 55 жылдар тарих бетінде Ресей генералы В.А. Перовскийдің Сырдария  өзені бойымен саяхат жасап, қазақтың әлі дүре тимеген жерлеріне шолу жасауымен басталады. 1887 жылы Мәскеуден бері қарай темір жол тартылып, әр километр сайын бекеттер ( разъезд) орналастырылған. Сол тартылған темір жол 1904 жылы Шиелінің үстінен өтіп 22 – бекет « Ақмая» атаныпты. Одан

соң біздің ауыл тұсында « Жартыказарма» деп аталатын, темір жол жұмысшылары тұратын үйлер салынған. Сол кездерде қазіргі әкімшілік, дәрігерлік емхана, мектеп үйлерінің орнындағы көлемді жер « Құрманай бауы» деп аталған. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін мал баққан кедей шаруалар келіп орналасып, көн көріс тірлік кешкен.

1924 – 1927 жылдары қатты су тасқыны болыпты. Облыстық « Сыр бойы» газетінің № 99  8 мамыр, 2008 жылғы санында « Тамырлас тағдырлар» деген айдармен үлкен бетті алып, корейлер туралы көлемді мақалалар жарық көрді. Онда былай делінген: « Жер дбетіндегі жалпы саны 70 млн-ға жуықтайтын бұл ұлттың шағын ғана бір бөлігі тағдырдың талайымен өткен ғасырдың 30-шы жылдардың аяғына қарай Қазақстан топырағына да қадам басты. Әйгілі Сталиндік қуғын – сүргіннің әлегімен 1937 жылы Қиыр Шығыстағы қоныстарынан бір сәтте қуылып шыққан корей ұлтының өкілдері диаспорасының мұнда қоныс аударғалы бері де бірнеше ұрпақ алмасты.

Еліміз егемендік алған елең – алаң шақта бұл жерден ауа көшпей, тұтастығын сақтап қалған бірден – бір ұлт та осы корейлер болып отыр. Осы қасиетімен де олар өздерінен екінші Отан болған Сырдың аумағына барынша адал екендіктерін, осы өлкенің шын мәніндегі патриоты бола алатындарын танытып үлгерді» , — делінген.

1937 жылы Қиыр Шығыстың Хабаровск өлкесінің Виаземск ауданынан Шиелі өңіріне көшіп келген корей халқы орналасқан жер « Авангард» деп аталды. Сол көктемде жаңадан құрылған шаруашылықтың барлығы егіс егеді. Табиғатынан бейнеқор корей жұрты қамыс пен шеғңгел басқан алқапты зордың күшімен тазартып алып, оларды егістікке айналдырады.

Қазақ Совет энциклопедиясының бірінші томында: — « Авангард – Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы поселке. Аудан орталығы Шиелінің оңтүстік шығысында 16 шақырым жерде. « Авангардтың » негізін 1937 жылы Хабаровск өлкесінің Ряземский ауданынан қоныс аударып келген корейлер салған. Халқы 2,1 мың (1969 жыл )

 

7

көбіне күріш ақтайтын пункт, киім тігетін шеберхана, орта мектеп, клуб, екі кітапхана, аурухана, әйелдер босанатын үй, аптека, екі бақ бар», — делінген. [5]

Міне осынау өте қысқа энциклопедиялық анықтаманың астарына ой жүгіртіп қарасақ, боз даладағы 30 – 40 үйлі шағын ауыл « Авангард » 70 жылдан аса уақыт ішінде Республикаға танымал іргелі шарушылыққа айналған. Облыс бұл ауылды егіншілік мәдениетіндегі ірі тұлға ретінде санайды. Сонымен, 1937 жылғы Шиелі ауданына Қиыр Шығыстан көшіп келген.

« Авангард » Колхозының жанына « Большевик » және « Гигант » колхоздары орналасқан болатын. Бұлар негізінен күріш, бау – бақша шаруашылығымен айналысты. Үкіметтің қаулысымен көшіп келген Корей  ағайындарға екі пәтерлік үйлер және жаңа үлгідегі жеті жылдық мектеп үйі салынды. « Авангард » пен « Большевик » колхоздарының шеткі көшелері жалғасып жатқандықтан, бір үйі салынып, 1938 жылы  « Авангард » — орта мектебі ашылды. Сол жылдан бастап сабақ орыс тілінде жүргізілді. Көшіп келгеннен кейін « Авангард » және « Большевик » колхоздары кадр мәселесінен кемшіліктер көрген жоқ. Себебі, олар Қиыр Шығыстан толық өздерінің ұлттық кадрларымен көшіп келген еді.

1941 -1945 Ұлы Отан соғысы кезінде ауданның қазақ колхоздарында негізгі күш қарттар, әйелдер мен оқушылар болса, « Авангард» колхозында өзінің ұлт азаматтары жеткілікті болды. Себебі, Үкіметтің қаулысы бойынша Корей азаматтары соғыс кезінде армия қатарына алынбады.

1938 жылдан бастап колхоз мүшелері жаңа жерге күріш дақылын еге бастады. Ол кезде техниканың барлығы аудандық машина – техникалық стансиясының қолында                                                                                                                              

болатын. Сондықтан колхоздың негізгі күш – көлігі ат арба еді. Ал қазақ колхоздарында сүйенгені тек өгіз арба болатын. Ұлы Отан соғысы біткеннен кейін 1950 жылы « Ақтөбе» қазақ колхозы « Авангард» колхозына қосылып, 1954 жылы колхоздың орталығына толық көшіп келді.

1960 жылы көрші « Большевик» колхозы іріленген « Авангард» колхозы болып, 1973 жылдан бастап « Авангард» күріш совхозы атанды. Сонымен, қазіргі « Авангард» үш колхоздың негізінен құрылған үлкен күріш совхозына айналған. [ 6 ]

 

8

  1. « Тірі боп жуз жыл жасап тек тұрудан, Бір күн артық ел үшін еңбектенген »

1937 жылы Шиелі ауданына көшіп келгендегі « Авангард » колхозы басқармасының бірінші төрағасы Ким Хон Бин ( 1902 ж туылған ). Ұлы Отан Соғысы кезінде және соғыстан кейінгі жылдары Авангард колхозының еңбекшілері жылма — жыл мол өнім жинап, облыс және республикаға танымал болды.

1946 — 49 жылдары орта есеппен күріштің әр гектарынан 80 — 120 центнерден өнім алған бір топ « Авангард » колхозының күрішшілеріне ССРО Жоғарғы Советі Президиумының 20 мамыр 1949 жылғы Указымен Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Алтын жұлдыз және Ленин ордені қоса тапсырылды. Олар:

 

 

 

 

Ким Хон Бин

1902-1970 ж.

Басқарма төрағасы

Ким Хон Бин ( 1902 ж ) — « Авангард» колхозының басқарма төрағасы. Колхоз бойынша күріштің әр гектарынан орта есеппен 80 — 120 центнер өнім алғаны үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

 

Ким Ман Сам ( 1883 ж ) — күріш звено жетекшісі. 1942 жылы 5 гектар күрішпен 150 центнерден өнім алған. 1941 жылы « Құрмет белгісі», 1945 — 46 жылдары Мемлекеттік ( Сталиндік сыйлық) сыйлық алды. Күрішпен бірнеше жыл жоғары өнім алған еңбегі үшін 20 май 1949 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

1941 жылы « Қазақстан колхозшысы» танк колоннасына барлығы 500 мың сом «Авангард» колхозы өткізсе, Ким Ман Сам бір өзі 105 мың сом өткізген. 1947 жылы мемлекеттік сыйлығын ( 50 мың ) « Авангард» колхозының орталығынан клуб салуға берді.

Бұл клуб — қазірде ауылымызға Ким Ман Сам атындағы мәдени орталық. Ол кісінің бұрынғы тұрған көшесі қазір өз есімімен аталады.

Ким Ман Самды « Авангард» колхозынан шыққан Социалистік Еңбек Ерлерінің ұстазы» деп атайды.

Ким Хан Еу ( 1882 -1967 ж) — күріш звено жетекшісі 1948 жылға 10 га күріш егісінен 50 центнерден өнім алған. 1949 жылы 20 мамырда Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

 

Ким Чан Ден ( 1987 — 1962 ) — 1929 жылдан колхоз мүшесі. 1937 -1950 жылдары күріш звено жетекшісі. Күріштен бірнеше жыл мол өнім алып, Республикалық және облыстағы көрмелерге қатысып, бірнеше медальдар мен дипломдармен марапатталған. 20 мамыр 1949 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

 

9

Ли Бен Сер ( 1899 ж) — 1938-58 жылдары күріш звено жетекшісі, 7 гектар күріштің әр гектарынан 82 центнерден өнім алып, 20 мамыр 1949 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Ли Ен Гын (1903 ж) — 18 жыл « Авангард» колхозының күріш звено жетекшісі болды. 1948 жылы оның бригадасы 20 гектар күріштің әр гектарынан 100,5 центнерден өнім алды. 20 мамыр 1949 жылы оған Социалистік Еңбек Ері

атағы берілді.

Ким Ик СЕ ( 1894 — 77 ж ) — 1929 жылдан « Авангард» колхозының мүшесі. 1939 — 60 жылдары 21 жыл күріш звено жетекшісі, 40 жылдан аса күріш егумен айналысты. 1948 жылы 10 гектар күріштің әр гектарынан, 82 центнерден өнім алып, 20 мамыр 1949 жылы Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды.

Тян Гым Чер (1916 ж туған ) — 1940 жылы Қызылорда ауылшаруашылық техникумын бітіргеннен кейін « Авангард» колхозында агроном болып істеді.

1948 жылы « Авангард » колхозы барлық егілген күріш егісінен орта есеппен 80 центнерден өнім алды. Міне осындай үлкен табыстың ішінде бас агроном Тян Гым Гердің де үлесі зор. Сондықтан, 20 мамыр 1949 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ол көп жыл колхоздың бас агрономы, колхоз басқармасы, төраға орынбасары бола жүріп, күріштің жаңа сорттрын

« Авангард» колхозында өсіріп, ауданның басқа колхоздарына жаңа сорттарды таратуда да басшылық жасады.

1960 жылдан бастап, облыс бойынша күріш егісі механизммен жиналатын болғандықтан, колхоздың егіс көлемі жылма — жыл өсіп отырды.

1966 жылы « Авангард» колхозы бойынша 1100 гектар күріш егісінен, 30,3 центнерден өнім алынды. Осындай жетістіктерінің нәтижесінде Тян Гым Чер Бүкілодақтық Ауыл Шарушылық көрмесінің ( ВДНХ ) дипломдары, медальдармен және Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.

Хван Чан Ир ( 1893 ж ) — 1938 жылдан « Авангард» колхозының мүшесі, күріш звено жетекшісі.

 

1948 жылы 20 га күріштің 61,5 центнерден, оның ішінде 10 гектарының әр гектарынан 80 центнерден Рекордтық өнім алды. 20 мамыр 1949 жылы оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1957 жылы құрметті дербес зейнеткерлікке шықты

 

Хе Се Ун (1893) — 1937 жылдан «Авангард» колхозының мүшесі. Көп күріш

егісінің бригадирі болды.

  1. 1948 жылы 6 гектар күріштің әр гектарынан 80,9 центнерден рекордтық өнім алды. 21- ші мамыр 1949 жылы Социалстік Еңбек Ері атағы берілді. 1957 жылы құрметті дербес зейнеткерлікке шықты.

Цой Чун Се ( 1908 ) — 1937 жылдан « Авангард» колхозының звено жетекшісі. Көп жылдар бойы егісінен жоғары сапалы өнім алғаны үшін оған 20 — шы мамыр 1949 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Міне, бұл

« Авангард» колхозының Одаққа, Республикаға және облысқа паш еткен 11 Еңбек Ерлерінің рекордты еңбектері маңдай терінің жемісі еді. 1959 жылдың аяғында аудандық ақындар айтысында Ленин атындағы колхоздың ақыны Шыныбек пен «Авангард» колхозының ақыны Қирабай Таубаев айтысқа түскен еді. Сонда Таубай ақын :

Ауылымда 11 герой есебі бар,

Олардың алтауы жоқ, бесеуі бар.

Колхоз ең бізден бұрын орналасқан,

Өзіңде сол геройдың нешеуі бар ?!

Көсемнің атындағы колхоз едің,

Бір герой шықпай тұғын, ауылыңның қандай кеселі бар ?! — деп Авангардтың 11 геройын мақтанышпен атаған еді.

«… Облыс бойынша 32 корей ұлтының өкілі Социалистік Еңбек Ері атағын алса, бұлардың арасындағы атақты Ыбырай Жақаевтың ұстазы әрі досы Шиелі ауданындағы Авангард колхозының диқаны Ким Ман Сам КСРО Мемлекеттік сыйлығын қоса алды. Еңбек Ері атанғандардың 11-і Шиелі ауданындағы Авангард, тағы үшеуі осы шаруашылыққа қосылған «Большевик», ал 11-і «Гигант» колхозынан шыққан екен. ( « Сыр бойы» № 99, 8 мамыр 2008 жыл)

 « Алып дарақтың бір бұтағы» [6]

 

 

11

 

Елге сіңірген еңбек жақсы

Еңбекті елеген ел жақсы.

( С. Көбеев)

1929 жылдан « Авангард» колхозының мүшесі. Көп жыл Еңбек еткен Чжен Алексей Петрович ( 1906 ) Ленин орденімен марапатталған еді. Ол колхоздың құрылыс прорабы болып, 1938 жылы « Авангард» орта мектебінің үйін салдырды. Көп жыл күріш және бау — бақша бригадирі болып, құрметті дербес демалысқа шықты.

1950 жылы жыл күріш бригадасының жетекшісі Ким Бон Хо екінші Ленин Орденімен марапатталды. 1951 жылы күріш звено жетекшісі, соңынан механизатор Илларион кан үшінші Ленин Орденімен марапатталды. Бұларға Еңбек Ері атағы берілмегенімен колхозшылар ортасында, ауданда, облыста өте беделді кісілердің бірі болды.

Ұлы Отан соғысы біткеннен кейін колхоз басқармасының төрағалары жиі ауысып отырды. Оның себебі, 1950 жылдан кейін Үкімет колхоздары ірілендіру саясатына көшкен болатын. 1952 — 54 жылдары «Авангард» колхозы басқармасының төрағасы болып Социалистік Еңбек Ері Тян Гым Чер, ал оның орынбасары болып Өтеубай Палымбетов сайланды.

1954 — 55 жылдары «Авангард» орта мектебінің директоры Хан Бон Хо колхоз басқармасының төрағасы болып сайланды.

1956 — 59 жылдары Ни Иван Макарович 1960 жылы «Большевик» колхозының қосылуына байланысты, сол колхоздың төрағасы Александр Семенович Квон сайланды. Бұл кезде « Авангард» колхозы іріленген шаруашылықтың бірі болды.

1963 жылы А.С Квон мектеп директорлығына қайта оралып, ұстаздық жұмысын әрі қарай жалғастырды. 1975 жылы Құрметті демалысқа шықты.

1963 — 66 жылдары колхоз басқармасы төрағасы Төлеген Жақыпов болды. 1967 — 73 жылдары «Авангард» колхозын Цой Ен Мун басқарды.

«Авангард» кеңшары — «Ақмая», «Шиелі — Авангард» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі деп өзгертілді. Ұжым 1998 — 99 жылдары шаруашылықта 1400 — 1500 гектар жерге күріш егіп, аудан бойынша жоғарғы көрсеткіштерге ие болды. Күріш звено жетекшілері Шархан Арсланов, Ағайдар Жұмағұлов, Пак Герасим өздеріне бекітілген әр гектар 50 — 60 центнерден өнім алып, ұжым атын жоғары көтерді.

« Қасиетті қазақ жерін мекен еткеніне алдағы күзде 73 жыл уақыт болғалы тұрған

 

12

корейлер мұнда әбден орнығып қалды. Ежелгі қазақ топырағы ертеден бері саяси, тарихи әлеуметтік себептермен осында қоныс тепкен көптеген ұлттар мен ұлыстарға жайлы жұрт атанып келеді. Солардың бірі бізде өзімізді осы алып дарақтың бір бұтағымыз деп санаймыз. Бізге қазір бұл өлкеден ыстық, кәсібімізді де жалғастырдық. Тағы бір айтатынымыз — корейлер басқа нәсілдердің көбіне қарағанда, жергілікті қазақ ұлтының тілін жақсырақ біледі. Біз мұны өзімізге қиын кезде пана болып, құрып кетуден сақтап қалған халыққа деген құрметіміз деп санаймыз. Осы халықтың қолдауы арқасында біз 1989 жылы Қазанда облыста бірінші болып Корейлер Ассоциациясын құрдық. Осы ұжымның арқасында қазір корейлердің орталығы да жұмыс істеп тұр». [7]

 

 

 

 

 

.

 

13

 

Тоғысқан тағдырлар

«Авангард» — көп өкілдерінің ұясы. Соңғы халық санағы бойынша халық саны 3340, оның қазағы — 3103,корейлер- 221, орыстар — 12, татар — 2, чуваш — 2 барлығы бес ұлт өкілдерінен тұрады. [8]

Совхозда бірнеше ұлт өкілдері еңбек етеді. Олардың арасында берік интернационалдық достық қалыптасқан. Облыстық советтің депутаты, механизатор Қуандық Жосанов — қазақ, « Құрмет Белгісі» орденді совхоз директоры Хван Константин — корей, Еңбек Даңқы орденінің кавалері Мария Соловьева, Еңбек Қызыл Ту орденді Николай Дильдин — орыс, монша меңгерушісі Василий Ткаченко — украин механизатор Аркадии Афанасьев — чуваш т.б ұлт өкілдері бір жеңнен қол шығарып, тату тәтті еңбек етті. Берік достық пен туысқандықтың белгісіндей ауылда жаңа интернационалдық жанұялар пайда болды. Мысалы: Ән — әуез пән мұғалімі Махмұт Асқаров корей қызы Ли Наталяға үйленіп, балалы — шағалы үлкен отау болды. Ұлы Отан Соғысының ардагері Әбсадық Рахимов орыс қызы Натальяны майдан даласынан алып келіп, қазір де үлкен, өсіп — өнген жанұяға айналды. Міне мұндай аралас некелі отбасылар біздің «Ақмая» ауылында бірнеше ондап саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы сөзімізді растау үшін совхоз директоры Хван Константин Васильевичтің өмір дерегі үлкен мысал бола алады. Совхоз экономикасының жылдан — жылға ілгеріленуіне оның директоры Хван Константиннің қосқан үлесін айта кету керек. Шаруашылықты соңғы жеті жыл бойы үздіксіз басқарып келе жатқан ол өзін шебер ұйымдастырушы, ауыл шарушылығының білікті маманы ретінде көрсете білді.

Ауыл шарушылығы өндірісінің ардагері, Қазақстан халықтары ассоцациасының мүшесі Константин Васильевич Хван Алматы зоотехникалық — малдәрігерлік институтын бітіргесін мамандығы бойынша Шиелі ауданында еңбекке араласқан. Ол бүгінде жасы жетпістің белесін орталаса да ауыл шаруашылығы даласынан қол үзген жоқ. Шаруашылықтың маманынан, аудан басшысы лауазымына дейін өскен қазақы кәріс ақсақалдың әлі де айтары аз емес.

 

Менің әкемнің аты Ван Гук Хван. Қазан Революциясының аласапыранында Қиыр Шығыста партизан отрядында соғысқан кісі. Атақты Нестор деген командирдің әскерінде штаб бастығы қызметін атқарған. Калининнің қолынан награда алғанында

14

мақтаныш пен айтатын. Василий деген сондағы лақап есімі.

Менің Васильевич атанып жүргенімнің мәнісі осы. Әкем 1943 жылы Қарақалпақстанда қайтыс болды. Бізді шешем тәрбиеледі. Мектепті бітірген соң бір жыл Қара теңіз әскери флотында сүңгуір қайығында қызмет еттім. Кейін Саратов қаласында әскери борышымды өтедім. Бұл 1954 — 57 жылдар еді. 1958 жылы Алматы қаласындағы АЗВИ — ға түсіп, 1963 жылы малдәрігерлік мамандығы бойынша бітірдім. Жолдамамен Шиелі ауданының «Гигант» колхозына малдәрігері болып келдім. Алты жылдан кейін мені аудандық Партия комитетіне шақыртып, оның бірінші хатшысы Орынбасар Бәйімбетов «Авангард» колхозының басқарма бастықтығына ұсынғандығын жеткізді. Бұрынғы кеткен кемшіліктің орнын толтырып, жұмысты жүйеге салып, мамандарды өз орнында тиімді пайдаланып, қыры кеткен жұмысты ілгері дамыттық. Нәтижесінде «Авнгард» колхозы мен басқарған үшінші жылы ауданда бар сал бойынша бірінші орынға шықты десе болады. Ауыспалы Қызыл Туларды жеңіп алдық. Осы жолы Еңбек Ері, агроном Тян Дин Чердің үлесі зор болды.

1975 жылы су тапшылығы, құрғақшылық болды. Алайда біздің шаруашылық өз жоспарын асыра орындады. 1978 жылы обкомға шұғыл шақыртты да, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығына бекітті де жіберді. Кейінен райкомның екінші хатшысы, атқару кеңесінің төрағасы қызметтеріне де сондай ұйғарымдармен жіберіп отырды.

Зейнетке шыққан соң араға оншақты жыл салып, шаруашылыққа қайта бару себебін — Одақ ыдыраған соң, шарушылықтар тарап, ауылдарда жұмыссыздар белең алды. Елдің тұрмыстық жағдайы күрт төмендеді. Бұл менің де арқама аяздай батты. Ауданды үлгілі етіп көрсететін бірде — бір шаруашылық қалмады. Бұл оңай тірлік емес еді. 2003 жылы Ақмая ауылының ақсақалдары біздегі шарушылықты өзің басқар деп өтініш

айтып үйге келді. Аудан әкімі де осындай тілегін білдірді, отбасым қарсы болса да, көп тілегін жерге тастай алмадым. 1993 жылы өзім өткізген мүліктің тамтығы да қалмаған екен. Күріш тұқымының сапалысын іздеу, ішкі су жолдарын , көгалдарды тазалау, жекеге таратылған техникаларды қайта топтастыру, жұмысшылар кадрларын қайта шақыру, тағысы тағы шаруалар бастан асатын еді. Талдықорғанның Үшгөбесіне барып, күріш тұқымын сатып алып келдім. Солай жұмыс бастадық. Мен барған кезде шаруашылықта 23 адам ғана қалған екен. Біз 2004 жылы жұмысшы қызметкерлерінің

15

санын 350-ге жеткіздік. Күріштің жаңа сорттан «Пак-Ли», «Лидер», «Янтарь» сорттарын өзімізше сынақтан өткіздік.

Өйткені, ежелден егіліп келе жатқан атақты «Маржан» сорты өз сапасын төмендеткен еді. Менің осындай ұсынысымды әрі қарай дамытып алып кеткен облыстың бұрынғы әкімі Мұхтар Құл-Мұхамедке ризамын. Ол кісі арнайы қаржы бөлгізіп алдырған краснодорлық «Новатор», «Рапан» сорттары өз тиімділігін алғашқы жылы ішінде көрсетіп үлгерді.

Өткен жылы Ауыл шаруашылық министрі Ахметжан Есімов іссапармен келді. Сонда ол жолда шөп тиеген көліктерге қарап, мұнда өнім бар екен, сіз көз алдау жасады ма деп жаңсақ ойлап едім, деді күліп. Жасы жетпістен асқан маған ондай ойының не қажеті бар, мен қызмет қуатын жастан өткен кісімен, тек көп сенімін жоғары абырой емес пе?

Нұрсұлтан Әбішұлы Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметін атқарған кезде, 1987 жылы Қазақстанда жаңадан 40 зауыт, фабрика іске қосылатындығы жөнінде шешім қабылдағанды. Соның бірі — аяқ киім тігетін фабрика Шиеліде салынатын болды. Сол фабриканы салу жұмысының басы- қасында аудандық атару комитеті төрағасы ретінде мен жүрдім емес пе. Сонымен фабриканың жабдықтары алдырылған кезде Нұрсұлтан Әішұлының өзі Қызылордаға келіп, жағдаймен танысты. 1988 жылдың мамыр айына бітіруді тапсырды. Сондай батыл әрекеттің арқасында алып құрылыс өз мерзімінде бітті. Сол кезеңнен бастап ол кісіні білетін едім.

 

Ұлымның есімі — Роман. Астанада Қаржы министрлігінің қамтуындағы бір мекемеде лауазымды қызмет атқарады. Костя, Оля деген немерелерім бар. Қызым Людмила облыстағы белгілі дәрігер. Медицина ғылымдарының кандитаты.

Мен «Авангардқа» барған кезде сегіз жылдық жоспарым бар еді, бәрін реттеймін деген. Ауыл адамдарына тұрақты айлық тиіп отырса, олардың әлеуметтік жағдайы да шешіледі. Бүгінгідей тәртіпсіздік, өрескел істерге бару азаяды. Тағы да айтарым, — «Ортақ еңбек — тәрбие ортасы». Әзірге бұрынғы кітаптарды қайта қарап жатырмын, міне мынау «Абай жолы» романынан көптеген нәрселер тауып оқып, рахаттанып қалдым. Денсаулық түзелсе, қол жәрдем берермін, ауылдастарыма. Елде тыныштық, аманшылық болсын!

 

16

 

 

Қорытынды

«Туған елім, ауылым, гүлбағым.

Тарихыңды парақтаудан тынбадым»

Өз ауылының тарихын білмей өзге мемелекеттің тарихын білу мүмкін емес. Міне Сыр бойына бір топ корей ағайындардың көшіп келуінен бастап, I ғасырға жуық тарихы болмаса да, ғасыр ширегінен асқан Ақмая ауылының туған мекенімнің тарихын қысқаша тарқату мүмкін емес.

Бұл жұмыс нәтижесінде оқушылардың туған жерін сүюге оны құрметтеуге, ауыл шежіресін жан — жақты білуге үлкен жол ашады.

Қазіргі таңда 1980 жылдардың аяғындағы 4000-ға жақын ірі қарадан 250 бас «Әулиеата» тұқымды ірі қара мал, 85 трактордан 37 трактор, 80 комбайнан 12 комбайн пайдалануда.[9]

«Өткенді білмейінше, бүгінгі күннің мәнін және келешектің мақсатын түсіну мүмкін емес», — деп орыс жазушысы Максим Горкий айтқандай, Ақмая ауылының тарихынан қысқаша зерттеу мұнымен аяқталмақ емес.

Ауыл өмірін зерттей жүріп, алуан адамдармен әңгімелесіп, алуан тағдырмен сырлас болдық. Көбіне — көп олардың бет — бейнесі туған жер табиғатының көшірмесі іспектес. Тіршілігі мен тағдыры ауыл тағдырынан туындайтын сияқты. Ал ең бастысы — жас адамның болмысы қоғамдағы алар орны мен бағаланады екен.

Сөз соңында мектебіміздің кітапхана меңгерушісі болып, биыл зейнетке шыққан Қазынашай Тасанованың өлең шумақтарымен аяқтағым келіп отыр.

Қош келіпсіз дос — жаран, бауырымыз,

Жанкүйер боп ал қане — ауырыңыз.

Таныстырып өтейін өзімізді,

«Авангард» — біздің туған ауылымыз.

Мекені бұл сан ұлттар достығының,

Біріктіріп бастарын қосты бүгін,

Қол шығарып бір жеңнен тер төгуге,

18

Жүрген жан жоқ ғұмырын босқа өткізіп.

17

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қ. Әбдешұлы «Шежірелі Шиелі», Алматы 2000 жыл РПО «Кітап»

С. Оразымбетов «Маржаны Сырдың Шиелі», 2008 жыл « Жебе»

М. Аяпұлы, Н. Қасымұлы « Атамекен», (Шиелі өңірінің шежіресі) Алматы «Қайнар», 1998 жыл

О . Бәйімбетов « Шиелі шынарлары» Алматы « Қайнар», 1980 ж

О. Стамбекова « Тоғысқан тағдырлар» Алматы «Қайнар», 1979 ж

«Сыр бойы» № 99 8 мамыр 2008 « Алып дарақтың бір бұтағы»

Б. Әбдіразақов « Ақ күріш зергерлері» Алматы « Қайнар», 1986 ж

« Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», Алматы «Ғылым» 1978 ж

«Сыр бойы» № 16, қазан 2010 жыл

« Өскен өңір» № 82, қазан 2010 жыл

 

18

Ұсыныс

Мен өз зерттеу жұмысымның нәтижесінде төмендегіше ұсыныс беремін:

1.Әр оқушы ең бірінші өз жерінің шежіресін білмейінше Отанын сүю мүмкін емес, сондықтан әрбір оқушыны, өз туған жерін танып сүйе білуге шақырамын.

2.Ауылдың гүлденуі мемлекеттің гүлденуі, сондықтан жас мамандардың ауылды өркендету жолында жұмыс жасауы қажет деп есептейміз.

3.Өзге елде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол деген сөзді өз ұстанымым деп есептеймін.