Жаратылыстану

Бөлім: 5.3С Энергия түрлері мен көздері Мектеп: 49орта мектеп
Күні:28.02.2019ж Мұғалімнің аты-жөні:Адыранова Г
СЫНЫП: 5А сынып Оқушылардың

саны:

Сабақта жоқ оқушылар саны:
Сабақтың  тақырыбы: 5.Энергия түрлері мен көздері. Температураны өлшеу
Сабақтың оқу мақсаттары 5.5.1.1 энергия түрлерін ажырату

5.5.1.2 температура  мен жылу энергиясын ажырату

5.5.1.3 термометрді пайдалана отырып температураны өлшеу

Бағалау критерийлері Төмендегі критерийлер орындалса, оқушы оқу мақсатына жетеді: 

оқушы жылулық ұлғаюды тұрмыстағы мысалдар арқылы сипаттайды;

оқушы жылулық ұлғаюды көрсететін экспериментті сипаттайды;

 

Тілдік мақсаттар Тақырып бойынша глоссарий

қазақ русский English
жылу тепло heat
жылулық ұлғаю тепловое расширение Thermal expansion

 

Арнайы пәндік лексика және терминология

Жылу, жылулық ұлғаю, сығылу, температура, дене жылынғанда оның көлемі ұлғаяды.

Құндылықтарды дарыту Топтық жұмысқа қатыстыру арқылы бірлесе жұмыс жасауға баулу, өз пікірін дәлелдеуге және басқалардың пікірін сыйлауға тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс Математика: көлем, ұзындық, аудан  түсініктері
АКТ Power Point презентациясы
Осыған дейін меңгерілген білім 5 сынып: энергия

 

Уақыттыжоспарлау Жоспарланғаніс-шаралар Ресурстар
0-5 мин (Т)  (W)  Сәлемдесу. Сабақ тақырыбымен және оқу мақсаттарымен таныстыру.

 

Power Point презентациясы
5-15

 

(Т) (D)Дененің қызған кезде ұлғаюын демонстрациялау.

Эксперимент жасау алдында оқушыларға қауіпсіздік техникасы ережелерін ескерту.

Бөлме температурасында болаттан жасалған металл шар сақина арасынан  оңай өтеді.

Оқушыларға сұрақ: шар мен сақина өлшемдері тупалы не айтуға болады?

Жауап: шардың диаметрі  сақинаның ішкі диаметрінен сәл кішірек.

Егер болаттан жасалған шарды от жалынына қыздырсақ, ол шар сақинадан өтпей, тұрып қалады.

Оқушыларға сұрақ: шардың сақинадан өтпей тұрып қалуын қалай түсіндіреміз?

Жауап: шардың өлшемдері ұлғайды.

Біраз уақыттан кейін шар өз-өзінен сақинадан өтіп кетеді.

Оқушыларға сұрақ: осы құбылысты қалай түсіндіресіңдер?

Жауап: дене қызған кезде оның өлшемдері артады, суыған кезде – азаяды.

Ескертпе: егер арнайы құрал болмаса, екі шеге арасында тұрып қалатын теңгемен экспериментті ұсынуға болады.

Құрал-жабдықтар: металл сақина, металл шар, спирт жанарғысы.Екі шеге арасынан өтетін монета туралы эксперимент:

https://www.google.kz/url?sa=i&rct=j&q=&esrc=s&source=i

 

15-25 (Е) Оқушылар шағын демонстрацияларды жасайды.

1. Термометр көрсеткіші көтеріледі

2. Колбадағы ауа қызады

 

3. Колбадан ауа көпіршіктері шығады

Құрал-жабдықтар: термометр, суық және ыстық су құйылған ыдыстар, ауызында жінішке түтікпен тығыны бар шыны колбалар
25-30 (І) Оқушылар экспериментті талқылау кезінде қорытынды жасайды және сол қорытынды бойынша дәптерлеріне анықтаманы жазып алады.

Дағдылар Бағалау  критерийі
Білу, түсіну, қолдану, анализ Энергия  ұғымын біледі.

Энергия  түрлерін ажыратады.

Энергияға айналу жолына мысалдар келтіреді.

Power Point презентациясы
30-40 мин

 

 

 

 

 

(G) Топтық жұмыс

Тапсырма 1. Келесі  сөйлемдерді  аяқтаңыз:

1)       Энергия  мына  жағдайлар  үшін қажет: ……………………………………………………………………………………………………………………………

……………………………………………………………………………………………………………..

…………………………………………………………………………………………………………….

…………………………………………………………………………………………………………….

……………………………………………………………………………………………………………

2)       Энергияның  келесі  түрлері бар: ……………………………………………………………………………

…………………………………………………………………………………………………………….

……………………………………………………………………………………………………………

…………………………………………………………………………………………………………….

…………………………………………………………………………………………………………….

…………………………………………………………………………………………………………….

 

 

 

Тапсырма 2.  Тізбекті  пайдалана отырып энергияға айналу жолын түсіндіріңіз.   

 

 

 

Дидактикалық материалдар

Жұмыс парақтары

 

 

 

 

 

40-45 Рефлексия. Өз жұмысыңды бағала

Үйге тапсырма. (I)  Оқушыларға тұрмыстағы жылулық ұлғаюдың адам үшін қауіптілігі туралы ескеру үшін, қауіпсіздік ережелерін құрастыруды ұсыну( шәйнекке суды толтырып құймау, баллондарды отқа лақтырмау).

 
Қосымша ақпарат
Дифференциация Бағалау
Барлық оқушылар демонстрация бойынша пікірін айтады, топтық жұмысқа қатысады. Кейбір оқушылар мұғалім көмегімен демонстрация жасайды.

 

Оқушылардың эксперимент және суреттер бойынша пікір айтуы, қорытынды жасауы бағаланады.

 

Шағылу

Сабақтың  мақсаты  /  оқу  мақсаты  дұрыс  па?  Оқушылар  бүгін  не  оқып-үйренді?  Мен  уақытты  сақтадым  ба?  Мен  жоспарда  қандай  өзгеріс  енгіздім  және  қандай?

 
 
Қорытынды  баға

Ең  табысты  екі  сәті  қандай  еді  ?

Сабақтың  қандай  екі  сәтін  жақсарттым ?

 

Мен  сабақта  сынып  және  жекелеген  адамдар  туралы  нені  білдім,  мен  келесі  сабақта  нені  әңгімелеймін?