Алматы қаласы Әуезов аудан

№173 мектеп лицей

Физика пәні мұғалімі: Омирбаева Сулу Сырымбаевна

Сындарлы оқытузаман талабы

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің білім саласындағы өзгерістердің жаңартылған білім мазмұнымен жүргізіліп  отырған кезеңде оқушылардың  физика пәндерінен  біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары.Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде.Себебі физикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.

Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты- пәндік апталық болып саналады. Сәуір айының 4-18 күндер аралығында, Алматы қаласы Әуезов ауданы  №173 мектеп-лицейде «Қазақтың  мәңгілік  ғұмыры -білімді ұрпақтың қолында» атты тақырыбымен физика пәнінің апталығы өткізілді. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді.Физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың интербелсенді тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.

Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, кештер, Миллион кімге бұйырады? ойын сайысы,8-9-10 сыныптар арасында олимпиадалар, сыныптан тыс іс- шаралар бөтті.Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді,  онда апталықтың салтанатты ашылуы өтті.

Апта ағымында келесі ашық сабақтар берілді: Апталықтын ашылуын, Ұлағатты ұстазымыз Бағашарова Г.Т  8-9 сыныптары мен ашты. Омирбаева Сулу Сырмыбаевна  9 «А» сыныбына  «Жартылай ыдырау периодына есептер шығару». Бағашарова Г.Т. 8 «Ғ» сыныбына «Жарықтың шағылуы.Шағылу заңы». Ахметолдинова М.С. 7 «Е» сыныбына «Потенциалдық энергия».  Алиева А.К. 10 –сынып «Ампер күші тақырыбына есептер шығару». Сымағұл Ғанибат  8 «Ә» сыныбына ағылшын тілінде «Сфералық айналар.Сфералық айнаның көмегімен кескін алу»тақырыптарымен ашық сабақ өткізілді. Кафидра менгерушісі  ұлағатты ұстаз Алиева Ақзияш «Жаңартылған оқу мазмұнын жүзеге асыру мақсатында» тақырыбымен жас мамандарға әдістемелік семинар-тренинг қызықты етіп өткізді. Соңғы күні апталықтың қорытындысы өткізілді. Апталықтың жабылу  салтанаты 7-11  сыныптар араснда Баймолданова Қ.Б. жүктеліп апталықты салтанаты түрде жауып.Сайыстардың жеңімпаздары арнайы грамоталармен марапатталды.

Осы апталықта өткен ашық сабақтардың қысқа мерзімді жоспарлары www.orleu.kz сайытына жіберілді. Қорыта келе айтарым, ұстаз- жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі.

Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.