Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

                                                Ақмола облысы

                                               Целиноград ауданы

                                            Қоянды орта мектебі

 

         

 

 

           Секциясы:   әдебиеттану

 

 

 Тақырыбы:

Қара қазанның қасиеті

7 « А»

Нұрбек Лашын

2- сынып

 

 

 

 

 

 

               Ғылыми жетекшісі:   Мырзахан Қайратгул

 

 

 

 

Жұмыстың мазмұны:

 

 

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

1 Дәстүрлі қазақ қоғамындағы қасиетті қазан.

1.2  Алып қазандар

1.3   Түркістандағы Тайқазанның қасиетті.

1.4 Қазақ пен қазан

ІІІ Қорытынды

ІҮ. Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыстың мақсаты:

 

Қандай ел, қандай халықтың болмасын ата бабасынан келе жатқан  ерекше жәдігерлері, таптырмайтын құнды мұра болып табылатыны сөзсіз. Сондай құнды мұралардың біріде, бірегейі дәстүрлі қазақ қоғамында қасиетті қазан екенін, бүгінгі таңда өзім қатарлас жастарға жалпы көпшіліке жан-жақты таныстыру.

 

 

Ғылыми жаңалығы

 

Иә, «қазан шайқалса, ырыс шамданады» дейді халқымыз. Бұл ырыс пен бақ ынтымағы ұйыған, бірлігі жарасқан елге қо­нады дегенді аңғарту болса керек. Қазақ ежелден қазанын қастерлеген. Аталарымыз көшіп-қонғанда қазан-ошағын тастамаған деседі.  Өйткені, қазақ үшін қазан – ырыс пен ынтымақтың символы. Осындай қасиетті де қастерлі, қазанның құндылығы, туралы өзім теңдес жастарға түсіндіру, ары қарайда осы баға жетпес мұрамыз туралы зеріктеп ел игілігіне жарату жұмысымның ғылыми жаңалығы болып табылады.

 

Жұмыстың өзектілігі:

 

Қазақта “шаңырақтан қара қазан кетсе, үйден ырыс кетедi” деген нақыл сөз бар. Сондықтан да қазақ қазанды сыйға бермеген. Қара қазан – қазақтың жетi қазынасының бiрi. Қазақтың дауылпазақыны Махамбет батыр да “Қара қазан, сары баланың қамы үшiн!” деп атқа мiнген жоқ па едi?! Аталарымыз қазанды тiршiлiктiң қайнар көзi,үйдiң ырысы деп санаған. Қандай қиын-қыстау күнде де, қазақ қара қазанын ескi жұртқа тастамаған, тiптi алып жүру мүмкiн болмаған жағдайда қазанды өзiнiң ырымын жасап көмiп кетiп отырған. Ондағы мақсаты үйден қазан кетсе, “ырыс-несiбемiз, құтымыз кетедi” деп санаған.Осындай құнды дүниеміз жайында мағлұматтар жинастырып, дәріптеу жұмыстың өзектілігі болып табылады.

Зерттеу тақырыбы:   Қара қазанның қасиетті

 

Ақмола облысы  Ерейментау ауданы

«Еркіншілік орта  мектебі» КММ

 

Нұрбек Лашын

 

Түйіндеме:  6 «а» сынып оқушысы  Нұрбек Лашын  » Қара қазанның қасиетті»  Адамзат баласының құтты да, қасиетті де ықылым заманнан қалыптасқаны жайында нақтырақ    көлемді жұмыс жасағанын көрдім. Жалпы жұмыс тиянақты ғылыми тілде жазылған.

Қазақ тіл пән мұғалімі: Серікбай Мырзат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аңдатпа

Қазақ xалқы қара қазанды қасиетті деп санайды. Қазанның қақпағын жауып қояды. Қазанды қызға бермейді. Қазанды көшкенде тастамайды. Алып жүруге мүмкіндігі болмаса садақа беріп қазанды көміп кетеді. Осындай ырым тиымдармен қорғалып келген қасиетті қара қазан жөнінде XXI ші ғасырдың ұрпақтарыда біліп оны қастерлеуі керек деген тұрғыда қазан туралы ғылыми ізденістер жасап келемін бұл дегеніміз Ұлы Дала ұрпағының ел руханиятына қосқан үлессі деп білемін.

 

Абстракт

Казахская считается священной  кара Казан положил крышку. Котел не девочка. Не перемещается в котел. Ношение не может быть похоронен в горшок, чтобы дать милостыню. Такие предрассудки tïımdarmen защищали священные черные потомок XXI века в  казан  должен знать страх перед ним были около октября в контексте научных исследований, не означает, что вклад страны в духовность семени Великой Степи знает, что ülessi.

Abstract

Kazakh considered sacred  Казан.  Казан put the lid on. Boiler is not a girl. Does not moved to the boiler. Wearing unable to be buried in the pot to give alms. Such prejudices tïımdarmen protected the sacred black descendants of the XXI century on  Казан must know the fear of it has been about  Казан  in the context of scientific research that does not mean that the country’s contribution to the spirituality of the seed of the Great Steppe know that ülessi

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Өткенімізге үңіліп болашағымызға көз жүгіртіп, Ежелден келе жатқан көне мұраларымызды жан жақты қарастырып болашаққа тарту ету бүгінгі күннің басты талабы деп білемін. Менің бүгінгі күні ғылыми жобам бойынша ізденіс жасап еңбек етіп жүрген тақырыбым Қасиетті қара қасанның қасиетті болып табылады. “Қара қазан, сары баланың қамы үшін…!» деп Махамбет бабамыз жырылап өткендей қазанның құдіретті ерекше деп білемін.

Қара қазанның қасиетін бір сөзбен сипаттап беру мүмкін емес екен. Оны елдіктің белгісі деуге келеді, отбасы деген ұғымды да қара қазан көтереді, береке мен тоқшылық десең де жарасады, бейбіт өмір дегенге де келеді, жомарттық деген ұғымды да қазақ қара қазанмен білдіреді, құт және ырыс деген ұғымдар да осы қара қазанмен байланысты екені ақиқат. Сондықтан да біздің бүкіл қазақи болмысымыздың символына айналған қасиетті дүниелерді барынша қадірлегеніміз жөн. Бұл біздің тарихымыз, дәстүр-салтымыз, яғни біздің тамырымыз. Біздің әлемдегі екі жүздей егемен мемлекеттердің ішіне кіріп отырған себебіміз де тамырымыздың мықтылығынан. Қазақстанда жұмыс жасаймын, көркейтемін деген кез-келген суретші, мүсінші, дизайнер қазақ тарихы мен этнографиясының арнайы курстарынан өтуі керек.

Қазан ұғымы жайында  М.Ж.Көпейұлының «Абылай аспас Арқаның Сарыбелі» атты хикаясында тамаша суреттеледі екен.  Сонда Абылайдың ханымы айтады екен о хан ием дәнеме білдіңізбе деп сұрап. Білмесеңіз, Қаз дауысты Қазыбектің аруағын шақырып, баласы Бекболат атқа мінді: «Осыдан Абылайдың басын алмасам, қатынын ат көтіне салмасам, қара қазанын қақ жармасам, әкем Қазыбектің аруағы өзімді ұрсын» деп қарғанып, атқа мінді. Ашулының алдында тұрма деген, көшіңіз, қара қазанды асулы бойымен жұртқа қалдырыңыз. Өздері келер де, даяр асулы қазанға тамақ қылып ішер. Ішінен дәм таттық қой, не жазығы бар мұның деп жаруға көзі қимас, батылы бармас. Сонан соң, қара қазанын алдық қой деп, ашуы басылар да көңілі тынар. Сиыр атаулыны үш мың кісіге азық боларлық қылып жұртқа тастап кетіңіз, батырлары туын қандасын, мәре-сәре болып тамаққа тойынсын. Бір күн қарны ашқаннан қырық күн ақыл сұрама деген бар ғой және аш атасын танымас деген де бар. Қарындары тойған соң, ақылдарына түсіп, сіздің хандығыңызға, өздерінің қаралығына көзі жетіп тоқтар,— деген екен. Сонда көшкенін, үріккенін қайдан білсін, үш мың кісі Абылайдың көшкен жұртына келіп басып, Бекболат келіп ат үстінен асулы қазанға найзасын шаншып тұрып сөйледі дейді:

— Уа жұртым — дейді — Абылай ханды кұдай тек жаратқан жан емес. Қараңдаршы үйден шыққанда үш ойым бар еді: Абылайдың басын кесем-ау, иә болмаса қатынын ат көтіне салсам-ау, иә болмаса қара қазанын олжаласам-ау, — деп едім. Міне, енді қара қазанын асулы бойымен қалдырғаны — менің ойлаған ойымды әбден білгендігі. Қанша айтса да Құдай артық жаратқан жан-ау. Енді мен сертіме жеттім, ана сиырды қиратып сойыңдар, аппақ майға тойыңдар. Туларыңды қандаңдар. Елші жіберейік, Құдай ұнатса жарасып жадырап қайтамыз ,— деп, сөзді осыған қойды дейді. Сол қазанды Бекболаттан соң Тіленші асқанын көрген жан сөйледі. Тіленші биге Абылайдың қалмақ қатынының баласы Шама төре қара нарға халы кілем жауып келіп, Қазыбектің аруағына байладым деп сұрап алып, қазан соның қолында қалды дейді”. Міне қазанның қасиеттілігі осында екенін танып білуіміз қажет деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Дәстүрлі қазақ қоғамындағы қасиетті қазан.

 

 

Қазан – тамақ пісіретін ыдыс. Қоладан, мыстан, шойыннан құйылады. Мыс пен қоладан қалыпқа құйылып, түрлі өрнекпен, аңдар бейнесімен әшекейленген Қазандар алғаш рет сақ дәуірі ескерткіштерінен қазып алынған. Бұл кезеңде құрбан шалуға арналған қола Қазандар кең тараған. Кейінірек Қазан шойыннан құйылатын болған. Қазанды көтеруге ыңғайлы болуы үшін ернеу тұсына сырт жағынан 2 – 4 құлақ жасалады. Ертеректе қазақтар көші-қон кезінде Қазанды қазанқапқа салып, арбаның артқы жағына немесе түйенің ашамайына іліп алып жүрген. Қазанның сыйымдылығы әр түрлі. Он екі қарыс тай қазаннан бастап, екі литр ғана су сиятын кішкене Қазан болады. Дәстүрлі қазақ қоғамында Қазан қасиетті саналады.Ә.Марғұлан “Құламерген” жырының желісіне ерекше назар аудара келе, Қазанға байланысты “Қазан мықты болса, ел де мықты. Қазан – шаңырақ сияқты, бүтіндіктің белгісі. Ол құрыса, ел де құриды”, – деп жазады. Күнделікті тәжірибеде киелі саналатын Қазанға қатысты наным-сенім,ырым, жоралғылар қазақ арасында жеткілікті.Қазан культі көшпелі халықтардың бірқатарында сақталған.

Қазақта “шаңырақтан қара қазан кетсе, үйден ырыс ке¬тедi” деген нақыл сөз бар. Сондықтан да қазақ қазанды сыйға бермеген. Қара қазан – қазақтың жетi қазынасының бiрi. Қазақтың дауылпазақыны Махамбет батыр да “Қара қазан, сары баланың қамы үшiн!” деп атқа мiнген жоқ па едi?! Аталарымыз қазанды тiршiлiктiң қайнар көзi,үйдiң ырысы деп санаған. Қандай қиын-қыстау күнде де, қазақ қара қазанын ескi жұртқа тастамаған, тiптi алып жүру мүмкiн болмаған жағдайда қазанды өзiнiң ырымын жасап көмiп кетiп отырған. Ондағы мақсаты үйден қазан кетсе, “ырыс-несiбемiз, құтымыз кетедi” деп санаған. Қызбала тұрмыс¬қа шыққанда, ата-анасы барлық дүние-мүлiктi берсе де, қара қазанды бермеген. Қазақ ешқашан да қазанды сыйға тартпаған. Көршi-көлем той-садақа жасағанда қазанды уа¬қытша пайдалануға бередi, бiрақ қазанды пайдаланып болғасын қазанның түбiне дәм салып жiбередi. Қара қазан өте қасиеттi дейтiнiмiз: балалар тiл-көз тиiп ауырып қалғанда, қазанның құлағынан қара күйе алып ұшықтағанда жазылып кететiнi. Теңiзге батып табылмаған адамды қара қазанмен табатын. Ол үшiн адамның теңiзге кеткен тұсына қазанды тастайтын. Қазан су бетiнде ұзақ қалқып жүрiп адам жат¬қан жерге келгенде өз-өзiнен батып кетедi. Қазан су астындағы мәйiттiң үстiне, не қасына түседi. Бұл ырымды теңiзшi¬лер әлi қолданып жүр. Қазанның бұдан да басқа қасиетi көп…

Ал қазақ халқының бас қазаны – Түркiстан қаласында тұрған қасиеттi “Тайқазан”. Бұл “Тайқазанды” аталарымыз қазақтың ырысы, байлығы, қазынасы, құты деп қастерлеген. Кеңес үкiметi 1934 жылы Түркiстандағы қасиеттi “Тайқазанды” “Санкт-Петер¬бургтегi орталық мұражайға қоямыз” деп алып кеттi. Сол қасиеттi “Тай¬қазанмен” қазақтың барлық ырысы, қазынасы бiрге кеттi. Арада 55 жыл өткен соң 1989 жылы қазақтың бiртуар ұлы, ұлт жанашыры Өзбекәлi Жәнi¬беков ағамыз қасиеттi “Тайқазанды” Қожа-Ахмет Яссауи мұражайына қайта орнатты. “Тайқазан” елге ырыс ала келдi.Қасиеттi “Тайқазан” қайтып оралған соң, екi жылдан кейiн қазақ тәуелсiз ел атанды.

Қазақтың кең байтақ жерiн¬дегi бар байлықтың қожасы қазақ болып едi. Бiрақ қазақ бар қазынадан қайыр көрмей отыр. “Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетедi” деген мақал бар. Бiздiң қасиеттi “Тайқазанымыз” Ресейден қақпақсыз қайтты. Қазақтың бар қазынасы, ұстағанның қолында, тiс¬теген иттiң аузында кетiп жатыр. Қара қазан қайнап тұр, бi¬рақ қазақ ашқұрсақ жүр. Қа¬зақтың өз байлығы өзiне бұйырмай, алақан жайып шетелдерден қарызға ақша сұрап жұр.

Осылардың бәрiн саралай келе ме¬нiң ұсынысым: бiрiншiден, Түркiстан¬дағы қасиеттi “Тайқазанды” өзiне сай қақпақпен жабу керек. “Тайқазанның” көшiрмесiн жасауға, шетелге кубок етiп таратуға, ойыншық етiп сатуға, саяси ойын құралына айналдыруға қатаң тыйым салған жөн. Қасиеттi “Тай-қазанның” көшiрмесiн жасап қадiр-қасиетiн кетiрмейiк. “Артық қыламыз” деп тыртық қылып жүрмейiк. Ғасырлар бойы атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың салт-дәстүрi, ырым-тыйымдары босқа далаға кетпейдi. “Елден қазан кетсе, қазақтан ырыс кетедi” дегендi ұмытпайық.

 

 

 

 

 

 

 

2 Алып қазандар

 

Алып қазандар қалай дүниеге келді дер болсақ, халық көбейіп, бірігіп, бір ыдыстан тамақ ішу, бірліктің орнауы, ынтымақ болу, халықтың көбейіп өсуіне байланысты.

Әмір Темір осыны ойлап Әл Әзиз Саруар баласына тапсырып, мыңдаған адамдарға жететін үлкен етіп қазан жасауды бұйырады. Қазанды халықтың қазаны да, қазынасы да бір жерде болсын деп, алғашқыда тамақ істеп, Түркістан халқына, кесенені соққан ұсталарға, жетім-жесірлерге, тамақтар беріп тұрса, кейін тоқшылық орнаған соң тойынған халық, осы қазаннан тамақ ішіп әл- ахуалымыз жақсарған, бірлігіміз орнаған деп, сыйынып, теңгелер лақтыра бастаған. Оны көрген Темір бұл қазан халықтың қазаны, қазынасы, бір жерге жиналсын деген оймен қазанға ел аралап сауда-саттық жасап жүрген саудагерлерге де теңгелер тастатып, отырған. Қазаннан береке келеді, армандарың орындалады, жолдарың болады, деген аңыздар елден-елге тарайды. Ал қазан, қазына, кәзіргі мемлекет казынасын сақтайтын банк сөзі осы әмір Темірдің дәуірінен басталған деуге болады. Жылдар өте қазанның мәртебесі көтеріледі. Бір-бірінен естіген халық Түркістанға ағылып зиярат ету үшін келіп жатты. Тай қазан алғашқыда үлкен төбенің үстінде тұрған Алғашқыда қазан далада биік төбенің үстінде тұратын дейді жұрт. Алыстан арбалап әрең жеткен зиярат етушілер қазанға тапқан алтын, күміс, мыс, теңгелерін 3-4 метір жерден лақтырып, бетін сипап, армандарын айтып зиярат ететін, құран оқылатын, бұл дәстүр әлі күнге дейін жалғасын тауып ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Зиярат етіп келген халық қазанда не бар екенін көрмеу үшін адам бойы жетпейтіндей биік жерге қойылған. Қазанға да сол заманда ұрлыққа түсіп, қол созғандардың, қолын кесіп, тілін кесіп, Әмір Темірдің қатал заңымен басын шауып жатқан. Сол қатал заңның арқасында кейінгі хандар да қатал болып тай қазанымызға тіл тигізбей, бөлшектеніп кетпей аман келгені. Кейін кесене біткен соң қазанды кесененің ішіне кіргізіп, биіктеу жерге орнатып сол дәстүр жалғасын тауып жатты. Бір жылдары ел аралап қазанымыз мәңгілік орнын тапты, құдайға мың шүкір

Ел – елден ағылып зиярат ету үшін, Түркістанға, қазанға, халық көп келуде. Ауылдағы ағайын інімнің бірі сол Түркістанға зиярат етуге барғанын айтып берді. Халық, (жұрт), Түркістанға барып зиярат еттім, кесенені көрдім, қазанға теңге тастадым, деген мақтаныштарын айтқан соң менде жолға шықтым;-дейді ағайын інім. Шымкент- Түркістан маршрутына (бағытына) Қарауыл төбеден рафикке мініп ызғып барамын, ескі ихан, жаңа ихан өзгеріс жоқ, Түркістанға жеттім, алғашқы келуім. Шаңқай түс кезі, кесенеге қарай жақындап келемін, жан- жағыма қарап қоямын, ешкім көрінбейді: “Бүгін ешкім жоқ па, ауылдан сұрап алмаппын -ау? Қалай кіру керек? Не істеу керек? екенін.”деп ойлап қоямын. Кесенеге 30-40 метрдей жақындағанда алдымнан ақ сәлделі, ақ шапанды, ақ сақалды бір шал кесенеге қарай бара жатқанын көріп, осы шал не істесе соны істейін деп, артынан алшаң басып ере бердім. Алдымдағы ақ сақал, кесенеге 20 метр қалған да, кебісін шешіп, жалаң аяқ топыраққа үш мәрте аунап, кесенеге жылдам басып кіріп кетті, ойпырмай бәрі осылай істейді екен ғой деп, мен де сырт-киіміммен сол топыраққа аунай түстім, ішімнен армандарымды айтып келемін. Алдымдағы ақсақал бәрін білетін дей, аяқ киімімді далаға сол қалдырған жерге мен де тастап жалаң аяқ кесенеге жылдам кірдім, артынан еріп отырған мен ақсақал қазанға теңге тастаса, мен де тастап, қазанның ернеуін сүйсе, мен де сүйіп, кесене жағалап дуалдарын ұстаса, мен де ұстап, құран оқып жатса, қасына мен де отыра қалып, не керек сол ақсақалмен бірге кесенеден шықтым. Бізден кейін келіп жатқандар, аяқ киімін шешпей, топыраққа аунамай ақ кіріп жатыр екен. Оны көрген мен қатты ұялып, менің аунағанымды біреу-міреу көріп қойған жоқ па деп қатты қысылдым. Білмеген соң қиын екен, алдыңғы адам не істесе соны істейді ғой, кейінгі келген адам.

Міне осы барып келгенін айтқаннан соң, менде мынандай ой туды, қазанның ернеуін сүю сол сияқты білмей істегендіктен болған. Ертеректе қазан биіктеу жерде тұрғанда ағылып келіп жатқан халықтың біреуі, осы қазанда не бар екен деп қазанға асылып, ішін көрейін дегенде ерні қазанға тиіп кетеді, соны көрген халық қазанның ернеуін сүю керек, сонда ғана арманың орындалады деген сеніммен қазанды төмен түсіріп, оған жететін мінбе жасап, білмейтіндер халыққа жағдай жасап жатты. Бұл мүлдем дұрыс емес, қазанның мәртебесін төмен түсіру, қазанның ернеуін сүю, қол- тигізу, шынжырмен құрсаулап қою, деп 2000 жылдан бастап мыңдаған адамдарға айта бастадым.

 

 

 

 

 

 

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің есігінен аттаған адамның көзіне алғаш түсетін зат – қазандық бөлмесінің қақ ортасынан орын тапқан қасиетті Тайқазан. Бойына талай сыр бүккен бұл қазанды бабалардың көзі деп, қолымен ұстап көруге әркім-ақ құмар. Кесенені салдырған Көреген Әмір Темір тапсырысымен бұл қазан 1399 жылы 25-маусымда, ( хижр. 801 жыл, 20-шәуәл) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, сирек кездесетін асыл металдардың қоспасынан құйылған. Салмағы екі тонна, сыйымдылығы үш мың литр. Қазан сыртындағы араптың гүлденген сульс және куфи қолтаңбаларымен жазылған үш қатар жазудың біріншісінде оны шайхылардың сұлтаны Ахмет Ясауи кесенесіне арналып жасалғаны туралы айтылады.

Қазақстан мен Қырғызстанның аумағында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстар барысында табылған қазандарды ғалымдар екі түрге бөледі.

Біріншісі — «сақтық», конусты қазандар, екіншісі тұғырсыз қазандар. Түркістандағы «сақтық» типтегі қазанға жатады. Алып қазан жасау көне сақ, ғұн, дәуірлерінен бері жалғасып келген дәстүр екенін деректер мен айғақтар растайды. Елдік санасы биік, отбасылық құндылықтарды жоғары қойған әлігі социумдар үшін қазан береке мен бірліктің, молшылықтың, елдіктің нышаны болған. Мұндай түсінікті ауыз әдебиеті нұсқаларымыздың беттерінен көп кездестіруге болады. Мысалы, дауылпаз ақын Махамбеттің шығармаларында «Қара қазан, сары бала қамы үшін қылыш сермедік» деп келетін жерлері бар. Ал, төңкерілген қазан болса керісінше, нәубеттің, қасіреттің образы болып есептелген. Қазан сыртындағы жазулардың екінші қатарындағы он сегіз рет қайталанып жазылған «Мубарак бад» деген сөз де құтты болсын, берекелі болсын, береке дарыған орын деген мағынаны береді. Бір шаңырақтың қазаны күнде кешке қайнап жатса, бұл сол елде соғыстың жоқтығы, тыныштықтың белгісі саналса, онда буы бұрқырап жілік-жілік еттің пісіп жатқаны сол елдегі тоқшылықтың, молшылықтың белгісі саналған. Халық арасында бұл түсінік әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ.

Мұндай алып қазандар, заманында билеушілердің, лауазымды әскер басылардың қабіріне қойылатын болған. – «Бұл қәбір иесінің ауқатты, жоғарғы топтпан болғанынан хабар береді», – дейді ғалымдар. Ал, Геродоттың келтірген мына бір қызық мәліметіне қарағанда мұның мәні тіпті тереңде екенін аңғаруға болады, – «Бір күні сақтардың Ариант есімді патшасы жауынгерлерінің әр қайсына садақтарының бір-бір ұшынан алып келуді бұйырады. Сосын оларды балқытып, алып қазан құйдырды». Көшпенділердің жорық кезінде алып жүретін үлкен қазандары болғаны белгілі. Бірақ, мына қазанның жасалуы да, қызметі де ерекше, мұны жасауға сансыз жауынгер қатысып, әрқайсысы өз үлесін қосқан. Алып келген садағының ұшы қазанның бөлінбес бөлшегіне айналғандай, өзі де осы тайпаның сондай бөлшегіне айналып, тайпаның бірлігінің, беріктігінің кепіліне айналып отыр.

Қазан сыртындағы үш қатар жазулардың төменгі жағында орналасқан отызға жуық томпақтарды ғалымдар «Куббалар» дейді. Халық арасында болса, мұны «қазанның емшектері» деп атап кеткен. Осының екінші атауы томпақтардың мәнін толық ашады, бұл Ұмай анаға сиынған сақ тайпаларының ұғымында өмірдің шырағы, шаңырақ отын тұтатушы, ұрпақтарды жалғастырушы болып табылатын анаға бас июдің, үлкен құрметтің көрінісі. Бұл, кез келген нәрсенің байыбына жете барып, қәдірін терең ұғынған сақтардың табиғатына тән құбылыс.

Ғалымдар сопылықты мұсылман әлемі рухани тоқырауға ұшырап, дін қасаң қағида мен жансыз догмаға айналып, жылуын жоғалтқан кезде осыған кері туған құбылыс деп түсіндіреді. Алайда, сопылық ілімі әуелден бар болатын. Мұхамед с.ғ.с пайғамбардың көзі тірісінде айналасындағы сахабалардың әрекеттері сопыларға сай еді: түн ұйықтамай құлшылық қылып, рухани кемелдікке жетуді алдына мақсат қоятын. Осындай, діннің формасы ғана қалып, соқыр сенім үстемдік құра бастаған уақытта, оның ішкі мәнін ашуға ұмтылып, нәпсісімен күресетін жамағат пайда болғанда оған сопылар деген ат тағылып, исламннан бөлек дүние етіп көрсеткісі келетіндер де табылып жатты. Қазақстан мен Орта Азия-дай кең аумаққа исламның осы, сопылық дәстүр арқылы енгені белгілі. Баяғы заманды қозғамай-ақ, осы күннің өзінде төрткүл дүниеге қонақжай, тыныштық сүйгіш, кеңпейіл халық етіп танытқан сол ілімнің инерциясы болатын. Бұл, ғасырлар қойнауынан аналардың сүтімен, бабалардың қанымен бойға дарып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан бірден бір ерекшелік. Сопылықтың мұндай өміршеңдігін жергілікті мәдениетке мән беріп, оны бойына сіңіруінен дейді зерттеушілер. Осындай процестер барысында көшпенділер әдет-ғұрыптарының трансформацияланғанындай, қазандар да өз символикасын сақтай отырып, діни рәсімдерде нақты мақсатқа пайдаланатын болды.

Атақты шығыстанушы М.Массонның еңбектерінде жұма күндері Түркістандағы қазан суға толтырылып, жұма намазынан кейін айналасына адамдар алқа құрып отырып зікір салатыны айтылады. Рухани кеңістікте жай тұрған судың өзі, микроэлементтері ерекше тәртіппен түзіліп, басқа суларға қарағанда бөлек табиғат табады. Судың осындай жағдайларда сапасының артатыны ғылым үшін бүгінде жаңалық емес. Қазір ғылымның дінге қайта қосылу процесі жүріп жатыр. Бір Жаратушының барын мойындап, зерттеулерін сол бағытпен жүргізіп жатқан ғалымдар көп жетістікке жетуде. Сондай ғалымдардың бір тобы – биологтар жүргізген зерттеулері мен тәжірибелерінің нәтижесінде судың химиялық және физикалық қасиетінен басқа психологиялық қыры ашылып отыр – яғни, cудың жадысы бар болып шықты. Құдайдың қара суының кристалдары айналасында туындап жатқан түрлі жағдайлар, айтылған сөздер әсерінен өзгеріп отырады екен. Соңғы үлгідегі құрылғылар судың жадысындағы әр бір ұяшықта әр қайсысы өзін қоршаған ортамен әсерлесу түріне жауап беретін 440 мыңдай информациялық панель барын анықтап отыр. Осы панельдер адам бойындағы ашу, ыза, кек секілді кері эмоциялардың энергетикасын сіңіргенде судың кристалдары ретсіз тәртіппен орналасып, оны пайдаланған адамның психологиясын күйрететін «ауыр» су пайда болады екен. Осыдан келіп зерттеушілер, қылмыс атаулының деңгейі былапыт сөз, арсыз әңгіме көп айтылатын жерде жоғары болатынын айтады. Қарап отырсақ, судың химиялық құрамында тұрған ештеңе жоқ, әңгіме оның кристалдарының түзілуінде болып отыр. Анттасатын кезде бабаларымыздың ант су ішетін рәсімінің арғы жағында осындай сырлардың жатуы да мүмкін.

Қазан сыртындағы жазулардың бірінші қатарында жазылған Құранның “Тәубе” сүресінің он тоғызыншы аятынан және Пайғамбар (с.ғ.с) хадисінен оның суға арналғандығын аңғаруға болады. Аят: «Сендер, зияратшылардың шөлін қандырғанды, мешіттерді жөндеуді; Аллаға, ахирет күніне сеніп, және Алла жолында соғысқан кісі сияқты көресіңдер ме?» десе, хадисте «Айтты Пайғамбар (оған Алланың нұры жаусын): Алла жолында құдық қаздырып, мешіт салғандарға ол дүниеде Алла үлкен хауз орнатады» делінген. Бұл жердегі әңгіменің астары сөзсіз, адамға «қызмет» туралы болып жатыр. Жақсылығы өз басынан артылмаған адам Құдайға құл болып қатырмайды. Адамзат, бірін-бірі алаламай, жақсы- жамандығына, дінсіздігіне, ұлтына қарамай қолынан келген көмегін беріп кете беру арқылы ғана мінсіз қоғам құра алады идеясы жатыр. Екінші қатардағы «Әлә, Әл-мүлки Лилла» деп «куфи» қолтаңбасымен жиырма рет қайталанып жазылған сөздің аудармасы: «Байқаңдар, Мүлік Алланыкі!» делінген. Мұны Абайша айтар болсақ:

Адам ғапыл, дүниені дер менікі.

Менікі деп жүргеннің бәрі Оныкі!

Тәнің кетіп, малың кетіп,

жан қалғанда,

Сонда, ойла, болады не сенікі?

Адамның қол астындағы иелік етіп жүрген мүлкінің бәрі бір Құдайдікі екендігіне дәлел оның құр алақан келіп, құр алақан кетуі болса керек. Тірі кезінде тұтынған, пайдасына асырған заттың бәрі Жаратушының адамға белгілі бір уақыт ішінде пайдалануға берген аманаттары. Аманат деп, уақытша берген біреудің затын айтады. Сонда, денсаулық, жайқалып тұрған мына табиғат, отан т.т. Құдайдың адам баласына берген аманаттары болса, оларға жасалған қиянат Құдайдың аманатына қиянат болып шығады. Ғажабы, бір-ақ ауыз сөздің астарында адамның қоғаммен ара-қатынасы қандай болу керектігі бекітілген. Халқымыздың «Иттің иесі болса, бөрінің Тәңрісі бар» дейтін мақалының келтірген теңеуі мұндай түсінік дана бабаларымызға әуелден жат болмағанын байқатады. Бір аңызда, Әмір Темір қайтыс боларында: «Менің жаназамды шығарарда екі алақанымды ашып қойыңдар. Өзіммен бірге әкетіп бара жатқан ешқандай мүлкім жоғын, менің жасаған бүкіл жорықтарым, ел жаулап, олжа табу үшін емес, Құдайдың әділдігін орнату мақсатында болғанын ел көрсін», – деген екен. Содан оны балға салып, алақанын ашып қойып, өзінің айтуымен Самарқан жеріне апарып жерлеген екен.

1935 жылы тайқазанды Санкт-Петербургтегі атақты музей Эрмитажға, Иран шеберлерінің III халқаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы, қыркүйектің 18-де ғана тарихи отанына қайтарылады. Бұл істе, мемлекет және қоғам қайраткері, халқымыздың біртуар перзенті, ғалым этнограф Өзбекәлі Жәнібековтың сіңірген еңбегін айрықша атап өткен жөн. Асқақ мәдениетіміздің заттай айғағы болған Тайқазанды осылайша басыбайлы Иран мәдениетінің еншісіне ұстатып жіберудің астарында білместіктен гөрі кезекті орталықтандырылған саясаттың лебі жатқан сияқты. Мұндай әрекет (тарихты бұрып, сананы тұмшалау) «Орыс ориенталистерінің» иығына артылған жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі болатын. Шындығында, Иранның ұсталарын жалдап, ақысын төлеп құйдырғаны ғана болмаса, жоғарыда айтқандай, бұл көнеден келе жатқан төл дәстүріміз болатын. Мысалы, қазіргі кезде Қытай кәсіпкерлері коммерциялық мақсатта тәспінің, жайнамаздың т.б. мұсылман қауымының тұтынатын заттарының неше түрлерін шығарып жатыр. Осыған қарап, ол заттарды қытай халқының ұлттық қол өнерінің бұйымдары деп айтуға келмейді ғой.

Бұл күнде Тайқазан ғасырлар бойы мемлекетіміздің жүрегі саналып келген, рухани астанамыз – киелі Түркістан қаласындағы әулиелердің сұлтаны Құл Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде, Қазақстан атты үлкен шаңырақтың берекесінің, тыныштығы мен бірлігінің нышаны қызметін атқарып тұр.

 

 

 

4 Қазақ пен қазан

 

Қазақ не айтса да, қалт айтпаған екен. Бүкіл ырым-тыйым­дардың астарына мұқият мән бер­сең, дүниедегі бар қорқыныштан сақтандырып кеткенін байқайсың. Рас, қазақтың қазанға қатысты ырым­дары көп. Қазақ қызға еш­қа­шан қазан бермеген. Қайтыс болған адам­ның моласы бұзылса, түске кі­ріп мазаласа, басына қазан апа­рып қойған. Сол сияқты, қайтқан кі­сінің соңынан тұқымдары ауру-сыр­қаусыз, белгісіз себептермен өле берсе, құран оқытып, басына қа­­зан төңкерткен. Біздің елде қа­зан­ға қатысты тағы бір ырым бар. Су­ға батып кеткен адамды қазан ар­қылы табады. Адам суға кетсе, үйін­дегі қазанын төңкеріп суға жі­береді. Алланың құдыретін қа­раңыз­шы, әлгі қазан адам батқан жер­ді айнала жүзіп тұрады. Бала кез­де мұндайдың талайын көріп, таңғалғанбыз.

Қазақтың таным-түсінігінде қа­­занның алатын орны ерекше. Мы­салы, Түркістандағы тайқазан­ды алайықшы. Бұл тайқазан – берік дәстүрден тамыр алып, исламдық мәнмен астасқан көне мұрамыз. Бұл тайқазан – тұтастығымыздың, игілікті істердің символы. Тайқазан сонау 1399 жылы сирек кездестетін жеті түрлі асыл металдың қоспа­сынан құйылған. «Кімде-кім Алла тағала үшін су құятын ыдыс жасаса, Алла тағала жұмақта оған арнап хауыз дайындайды» деген хадис бар. Соған қарағанда бұл тайқазан кесененің бір бұрышына жай жә­дігер ретінде қою үшін емес, осы ха­диске амал ету үшін жасалған сияқ­ты. Сондықтан Әмір Темір за­манынан қалған Қожа Ахмет Йа­ссауи кесенесінің төрінде тұрған тай­­қа­занды құр қаңсытпай су құйып қой­са, зиярат етіп келген адамдар судан ішіп, шөлін басса, пайғамбар сүннетін орын­да­ға­нымыз болмай ма? Негізінде, мұндай алып қазан жасау дәстүрі сақ, ғұн, үйсін дәуір­лерінде де болған екен. Қазақ бере­ке мен бірліктің белгісі санаған­дық­тан, мұндай алып қазанды билеу­ші­лер мен әскербасылардың қабіріне қойған. Зиярат етіп келген адам қа­зандағы суды ішіп шөлін басып, қабір иесіне дұға бағыштаған. Бейіт басындағы қазанға қарап, марқұм­ның жай адам емес, ел билеген кө­сем, жау жапырған батыр болға­нын білген.

Бұрындары сақ елінің бірлігі бұ­зылып, ел ішін алауыздық жайлай бас­тапты. Сол кезде ел көсемдері ха­лықтың басын біріктіру үшін үл­кен қазан құюды бұйырады. Сақ сар­баздары жебелерінің мыс ма­сағын жинап, балқытып, содан алып қазан құйған. Сол қазанға пі­сірілген тағамнан дәм татқан  сақ­тар өкпе-наздарын ұмытып, қа­зан басында қайтадан татуласқан. Мұны тарихтың атасы Геродот: «Сақ патшасы Арриант жауынгер­ле­рінің бүкіл жебесін бір жерге жинап балқытқызып, үлкен қазан құй­дырған да, оны елден ерек қыз­меткерінің құзырына қаратқан» деп жазады. Қазан қазақтың қорғаны да бол­ды. «Ақтабан шұбырынды, Ал­қакөл сұлама» заманында босқан халық бауырындағы баласын төң­ке­рілген қазан астына жасырып аман алып қалған. Қазақ ұғымында қазаннан ай­ырылу құт-берекеден айырылумен бір­дей. Сол сияқты, біреудің қаза­нын тартып алу масқарашылық бо­лып саналған. Тарихта Олжабай бастаған батырлардың Ботаханды тірідей жерге көміп қазанын алып кететіні соның мысалы. Тағы бір мысал, Абылай хан Көкшетаудан көш­кенде Бекболат бидің қуып ке­ле­тінін біліп, өз қара қазанын жұр­тына тастап кетеді. Мұны Бекболат би дұрыс түсініп, атының басын ке­рі бұрған. Міне, біздің бабалар қа­рапайым қазан арқылы үлкен фи­­лософиялық ой-толғамдарды жеткізуші еді. Қарғыстың да жаманын қазақ қа­занмен байланыстырады. «Қаза­ның басыңа төңкерілсін», «қазаның қайнамасын» дейді. Сол сияқты, жақ­сы тілегіміз де қазанмен қатыс­ты. «Қазаның ортаймасын», «оша­ғың­­ның оты өшпесін», «қазан тол­­­­­сын» деп тілейді. Бәрі де бекер емес екен-ау!

Қазан – қазақтың қуаты. Белгілі ақын Жанарбек Әшімжанның «Қа­ра қазанда асылған аппақ көже, Қара ұлдың бойына қуат берді»  деп келетін өлеңі бар. Қазанға бай­ла­нысты салт-жоралғыларымыз да жеткілікті. Соның бірі – жарыс­қазан. Жас босанған келінге жаса­ла­тын салт. Негізі ислам дінінен алын­­ған. Біздің қазақ келіншек­тері де жас ананың аман-есен бо­сануы үшін Аллаға шын жүрекпен жал­барынып, жер-жерден қазан асқан. Осы дәстүрді қазақ «жарыс қа­зан» деп атаған. Сол сияқты, біз­де «қазан шегелеу» деген салт бар. Әзіл-қалжыңы жарасқан адамдар бір-бірінің үйіне бас қосып барып, «осы үйдің қазанын шегелей кел­дік» дейді екен. Сондай үй иесі де әзілдеп: «Жақсы болды ғой, өзіміз де қазан шегелегіш шебер іздеп жүр едік» деп төрге шығарып, қонақ­жайлылық танытқан. Яғни «қазан шегелеу» қонақ бола келдік дегенді білдірген. Қазақта «айрылыс қазан» деген де салт бар. Ұзақ уақыт қоныстас, ауыл­дас болған адамдар басқа жақ­қа қоныс аударар алдында ел-жұртты шақырып ас берген. Міне, осы ас «айрылыс қазан» делінеді. Салтты айтамыз-ау, қазан қазақтың заңына да кіріп кеткенін айтсаңшы. Әз-Тәукенің «Жеті жарғысында» өлім жазасына кесілген жанның жеті айып төлеп құтыла алатыны айты­лады. Соның алғашқысы – қара қа­зан төлеу.

Міне, осыларды көріп тұрып, қа­зақ пен қазанды қалай егіз демес­сің! Өкінішке қарай, біз осы ұлттық құндылығымызды жоғалтып бара жатқандаймыз. Ауылда өскен қара баланы жетілдірген қара қазан еді. Рас қой, бәріміз де қазанның түбін­дегі несібемен жетілдік. Сөйте тұра, қағынан жерігені несі екен?

 

                                                    Қорытынды

 

«Қазан шайқалса, ырыс шамданады» дейді халқымыз.

Бұл ырыс пен бақ ынтымағы ұйыған, бірлігі жарасқан елге қонады дегенді аңғарту болса керек.

Қазақ ежелден қазанын қастерлеген. Аталарымыз көшіп-қонғанда қазан-ошағын тастамаған деседі.

Өйткені, қазақ үшін қазан – ырыс пен ынтымақтың символы. Осындай қасиетті де қастерлі, қазанның құндылығы, туралы өзім теңдес жастарға түсіндіру, ары қарайда осы баға жетпес мұрамыз туралы зеріктеп ел игілігіне жарату азаматтық борышым деп білемін.

Қазақта “шаңырақтан қара қазан кетсе, үйден ырыс кетедi” деген нақыл сөз бар. Сондықтан да қазақ қазанды сыйға бермеген. Қара қазан – қазақтың жетi қазынасының бiрi. Қазақтың дауылпазақыны Махамбет батыр да “Қара қазан, сары баланың қамы үшiн!” деп атқа мiнген жоқ па едi?! Аталарымыз қазанды тiршiлiктiң қайнар көзi,үйдiң ырысы деп санаған. Қандай қиын-қыстау күнде де, қазақ қара қазанын ескi жұртқа тастамаған, тiптi алып жүру мүмкiн болмаған жағдайда қазанды өзiнiң ырымын жасап көмiп кетiп отырған. Ондағы мақсаты үйден қазан кетсе, “ырыс-несiбемiз, құтымыз кетедi” деп санаған.Осындай құнды дүниеміз жайында мағлұматтар жинастырып, дәріптеу  бүгінгі күннің бастты құндылығы деп білемін.

Ал қазақ халқының бас қазаны – Түркiстан қаласында тұрған қасиеттi “Тайқазан”. Бұл “Тайқазанды” аталарымыз қазақтың ырысы, байлығы, қазынасы, құты деп қастерлеген. Кеңес үкiметi 1934 жылы Түркiстандағы қасиеттi “Тайқазанды” “Санкт-Петер­бургтегi орталық мұражайға қоямыз” деп алып кеттi. Сол қасиеттi “Тай­қазанмен” қазақтың барлық ырысы, қазынасы бiрге кеттi. Арада 55 жыл өткен соң 1989 жылы қазақтың бiртуар ұлы, ұлт жанашыры Өзбекәлi Жәнiбеков ағамыз қасиеттi “Тайқазанды” Қожа-Ахмет Яссауи мұражайына қайта орнатты. “Тайқазан” елге ырыс ала келдi.Қасиеттi “Тайқазан” қайтып оралған соң, екi жылдан кейiн қазақ тәуелсiз ел атанды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

  1. Данияр Садуақасов, Түркістан
  2. Интернет материалы
  3. Түрлі ақпараттар көздері
  4. Пайдаланған әдебиет[өңдеу]
  5. Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
  6. Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық.