mustafaevЖаңартылған бағдарламмамен  кәсіби  құзреттіліктің  сабақтастығы жөнінде.

Әбдіқади Пірмағамбетұлы Мұстафаев — ф.м.ғ.к.,доцент,ҚР Білім беру  ісінің  қүрметті  қызметкері, «Өрлеу» АҚ-ның Алматы обылысы бойынша Педагок қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының  «Иновациялық технологиялар және  ғылыми –жаратылыстану(гуманитарлық) пәндерін оқыту әдістемесі» кафеднасы  меңгерушісі.

 

Қазақстан  Респуликасы  Өкіметі тәуелсіздігіміздің алғашқы  күнінен  бастап, біздің  ең басты құндылығымыз –Еліміздің тәуелсіздігі,оның баянды болуының кепілі –сындарлы саясат пен  жеткіншек  ұрпағымыздың сапалы білімі екендігін  түсініп, оларды жетілдіруге бағытталған  Ұзақ мерзімжі  стратегиялық  жоспарлар құрып,қадам-қадаммен  жүзеге асыруда және осы бағытағы  әлемдік өркениеттің  жылма-жыл жаңартылып  отырған жетістіктерін  де бәздің  жүйеге  бейімдеп, кіріктіру  негізінде  көптеген  ізгі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Олардың ішінде жүйелі түрде жалғасын тауып, көздеген мақсатқа  жетуге  оң ықпалын тигізіп жатқандары  да,өкінішке орай  орныға алмай  өшіп жатқандары да бар. Дегенмен  біз бұл мақаламызда     сонғы төрт жылдан бері Назарбаев  Зияткерлік мектептері   қауымдастығының , иновациялық іс-тәжрибелері негізінде  Республикасында   бастауыш және негізгі орта білім беру мазмұны жаңарту аясында, оқулықтар мазмұндары  жаңартылып, құрлымдалған сабақ жоспарлары негізінде  оқытудың  белсенді, иновациялық  әдіс-тәсілдері мен критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы , «Өрлеу»  БАҰО АҚ-ның ұйымдастыруымен орта мектептер  пән мұғалімдерімен біліктілікті арттыру курстары жүргізілуде. Оның негізгі мақсаты да  , білім берудің әрбір сатсында халықаралық озық педагогикалық технологиялардың көмегімен білім сапасын арттырумен қатар, оқушы -жас өспірімдердің  өзінің жене өзгенің іс-әрекеттеріне ,ой-тұжырымдамаларына сын көзбен қарап, қажетті білім мазмұнын өздігінен  толықтыруға  ,алған білімдерін  өмірде қолдана білуге дағдыландыру ,бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу .

Бүгінде оқушыларға Білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы пән бойынша  «Негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларының» әртүрлі тақырыпттарын оқып үйретуде, пән мұғалімдерінің кәсіби  құзреттіліктері оқушылардың  білім сапасын ,пәнге деген  қызығушылықтарын арттыруда белсенді  оқыту  әдіс-тәсілдерін  критериалды бағалау  жүйесімен үйлестіре қолдануда –мұғалімнің кәсиби құзреттілігі  оқудың қуатты педагогикалық құралдарының бірі  болып табылатындығын  дәлелдеп жатудың  қажет етпейтін  қағидаға айналды.

АЛ біліктілікті арттыру  курстарын  жүргізу барысында  тренерлер тек жаңартылған біім беру бағдарламасы аясындағы талап ережелермен  шектеліп  қалмай ,  мұғалімдердің де  қажеттіліктерін  анықтауға ,ескеруге  өзінің  кәсіби мүмкіндіктерін кең ауқымда  пайдаланғандарына мүмкіндіктер жасағандары  орынды.

Көпшілік жағдайларда жаңартылған білім беру  бағдарламмасы аясында  белсенді оқу әдіс-тәсілдері,критериалды  бағалау  жүесіне,оқу мақсаттары  сай құрылғанымен ,  оқушылардың  қаблет-қарымы мен жас ерекшеліктеріне  байланысты саралау  әдістеріне  қолдану м көлеңкеде қалып жатады.

Ол үшін тренерлер  курс   барысында   мұғалімдердің  кәсіби құзреттіліктерін ің  деңгейлеріне  диагностика жасай отырып, олардың  кемшіліктерін түзетіп,басым тұстарын жетілдіруге бағытталған әртүрлі  әдіс-тәсілдерді қажеттіліктеріне  қарай  қолдана білулері керек (сабақтың  басында  немесе  соңында  болуы  міндетті  емес).

Мұғалімдердің жеке  қажеттіліктерін   анықтаудың алғашқы  қадамы БББ  (білемін,білгім келеді,білдім) кестесін  толтырудан немесе жаңартылған білім беру бағдарламмасымен жұмыс жасау барысында  өздерін толғандыратын мәселелермен ,туындаған сұрақтармен   «Ойлан,жұптас. Бөліс» стратегиясына сүйеніп, талдап,талқылып,маңыздыларын  «Сұрақтар сандығына»  салып,курс кезінде  сол сұрақтардың  жауаптарын өтіліп жатқан тақырыптар аясында үйлестіре,сабақтастыра  қарастырып, мәселелердің  шешу жолдарын саралап ,жүйелеп отыру қажет. Біліктілікті арттыру курсы  барысында  қолданылатын ширату , ой қозғау ,сергіту сәттерінде  қолданылған  есеп- жаттығуларын сабақ мақсаттарына сай, мұғалімдердің кәсіби  құзреттіліктерімен  сабақтастыра ,үйлесімді  қолданса ,мұғалімдердің де  жаңартылған білім бағдарламасына  деген көзқарастары түбегейлі  өзгертер еді. Бұл орайда  пән мұғалімдерінде формальды  көзқарас пен немқұрайлылықтың  басымдыққа ие екендігі  шындық.

Мысалы математика пәні мұғалімдерінің  өздерінің математикалық сауаттылық деңгейлері төмен болып жатса ,олар он жерден  әдіс -тәсілдерді мықты игергенмен, критериалды бағалау  жүйесін түсінгенімен ,оны сабақ барысында қолдануы,бағалауы мен  саралауы нәтижелі болып,сабақ мақсаттарына барлық,басым көпшілік және кейбір  оқушылар  үшін  толық  көлемде қол жеткізуі мүмкін емес.

Бұл жерде есеп-жаттығудың  қиындық деңгейі,орындалатын  амалдардың  күрделілігі,есептеу алгоритмін көз алдына елестету,тапсырмаларды орындау әдіс-тәсілдерін  сұрыптау,оларды оқушылардың  қабілет-қарымдарына  қарап,қажеттілікті ескере отырып беру т.с.с. кәсіби біліктілікті  қажет ететін дағдылар  тоқырауға түседі. Ол өз кезегінде  өскелең ұрпақтың білім сапасына кері әсерін тигізеді ,пән мұғалімдерінің  оқушылар алдындағы беделіне де кері әсерін тигізуі мүмкін.

Біліктілікті арттыру курсы топтары тыңдаушыларының да санаттары,тәжрибелері тіпті  кәсіби сауаттылық деңгейлері де  әртүрлі болып келетіндіктен , тренер тыңдаушылардың  жаңартылған білім беру бағдарламмасы талаптарына  қаншалықты үйлесімді жұмыс жасай алатындығын анықтау  үшін  ,сабақ мақсаттарына бейімделген  есеп-жаттығулар мен тапсырмаларды  іріктеп,таңдай ,күнделікті сабақтарында кіріктіріп,қолдана білгендері де дұрыс. (оның түрлі  жолдармен іске асыруға болатынын да ескеруіміз  керек). Сонымен қатар, Сіз  мұғалімдердің  жаңа ортаға, бір-бірінен  жұптық,топтық жұмыстарда  үйренісіп,жатырқамай белсенді  жұмыс жасау  үшін  оларды  қалай  топтастыру  жолдарын  да жоспарлауыңыз керек ,ол  сабақтың жүргізілу барысын қажетті бағытқа өзгертуге мүмкіндік береді.

Екінші жағынан , кәсіби құзреттілігімен  қатар  осы біліктілікті арттыру курсына қатысу  уәждері  әртүрлі  мұғалімдер де кездеседі.  Мұғалімдерді  жақынырақ  танып  білуде де , олардың  қажеттіліктерін  қадам -қадаммен анықтай алсаңыз  және олардың  шешімдерін  курстың өткізілу барысында таба біліп,  ішкі уәждерін оята білсеңіз ғана ,пән мұғалімдерінің   де  жаңартылған білім беру талаптарынаа деген көзқарастары өзгеріп,нәтижелі  жұмыс жасауларына ықпал етеді.