Кіріспе

Тұңғыш  Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында назар  аударған тағы бір маңызды мәселе – ол педагогтардың сапасы мен біліктілігін арттыру  « Қазақстан -2030» Стратегиясында Елбасы : « Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты »,-деп айрықша атап айтса, биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында : « Елді жаңғырту стратегиясын  іске асырудың табыстылығы , ең алдымен , қазақстандықтардың біліміне , әлеуметтік және дене болмысы , көңіл күйлеріне байланысты »,- деп білім беру саласын дамытудың қаншалықты маңызды екендігіне жұртшылықтың назарын аударды. Кәсіптік және техникалық білім беру, жоғарғы білім берудің сапасы сынды орындар алға қойылды. Білім саласының қызметкерлерінің бүгінгі таңда жауапкершілігі мен маңызы күшейіп отыр.  Өйткені, сапалы білім беру елімізді индустрияландырудың  және  инновациялық даму жолына түсірудің басты алғышарты болып табылады. Білімсіз қоғамда прогресс, жаңа өрлеу мүмкін емес . Н.Ә.Назарбаевтың  сөзімен айтқанда , қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес , біліммен бағындырудың заманы. Бүгінгі жас ұрпақ мұны анық сезініп, білім бұлағынан молынан сусындауға зейін қоюда . Жастар өз күш-жігерлерін, білімдерін тәуелсіз елінің гүлденуіне  жұмсамақ . Білімнің негізінде болашаққа деген шынайы сенім мен үкілі үміт , өз халқына деген ізет-құрмет пен қадір –қасиет жатқанын Елбасы жақсы түсінді Ол тәрбие мен оқу-білімді егіз дүние ретінде қарастырып , тәрбие арқылы берілетін білімнің болашағы әрқашан баянды болатынын назарынан ешқашан тыс қалдырмады .    Өркениет көшіне бет бұрған қыруар істің алтын арқауы болып есептелетін ғылыми –техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші білім десек, қателеспейміз.

Жолдауды қолдау мақсатында аудандағы  орта мектептердегі жас мамандар мен 9-10 сынып оқушылары арасында байқау ұйымдастырылып, жас мамандар мен жоғары сынып оқушыларының білімге қызығушылықтарын арттыру, позитивті, креативті, тың ойларын дамыту , жас мамандардың мектеп ұжымына тез сіңісіп кетуі және әріптестерімен  қарым-қатынастарын шығармашылыққа деген талпыныстарын көтеру мақсатымыз.

 

 

 

 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының  1 жылдығына орай бағдарламаны  ары  қарай жандандыру мақсатында  «Туған жерім –мақтанышым » тақырыбында  қазақ тілі мұғалімдері арасында  және              « Болашақтың бастауы жастарда » аудандық  жастар және көшбасшы оқушылар  арасындағы  « Рухани жаңғыру- болашақтың бастауы » байқау

ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже
  2. Елбасының  «Қазақстандықтардың әл- ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» ( VI тармағы- « Әрбір қазақстандықтардың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы:2019 жыл-Жастар жылы») атты  Жолдауын іске асыру аясында өткізілетін  « Болашақтың бастауы жастарда  »  аудандық  жастар және көшбасшы оқушылар  байқауының ( бұдан әрі-Байқау) мақсаты мен міндеттерін, өткізу тәртібін белгілейді. Қазақстан Республикасы  «Өрлеу» Білім-ғылым технологиялық порталының қолдауымен аудандық  Білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық  «Рухани жаңғыру- болашақтың бастауы » атты байқау.
  3. Байқаудың мақсаты:
  4. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын ары қарай жүзеге асыру.

2.Туған жерінің, туған ауылының мәртебесін, маңызын кеңінен насихаттау;

3.Ауылдық мектеп жағдайында білім алушыларға Отанымыздың өркендеуі мен қоғамның даму үдерісін ілгерілетуде жетекші күш жастар екенін ұғындыру, зияткерлік пен рухани құндылықтарды оқушы бойына сіңіру, оқушыларды қолдау.

  1. Талантты жастарды анықтау және қолдау.

 

           Байқаудың міндеттері:

  • дарынды оқушыларды анықтау, олардың жеке және шығармашылық әлеуетін дамытуға және жүзеге асыруға жәрдемдесу;
  • оқушылардың зияткерлік әлеуетін және олардың жетістіктерін көрсетуіне мүмкіндік беру;
  • білім беруді дамытуға айтарлықтай үлес қосқан педагогтердің үздік тәжірибелерін насихаттау және тарату;
  • дарынды және жоғары ынталы балаларға шығармашылық бейімділіктеріне қарай бағыт-бағдар беру, адамгершілік құндылықтары жоғары және белсенді азаматтық ұстанымдағы оқушы жастарды қалыптастыру;
  • дарынды балалар мен оларды дайындайтын жаңашыл ұстаздар арасындағы қоғамдастықты орнату және білім беру ісіндегі жаңашыл мектептердің беделін көтеру;
  1. Байқауды өткізу тәртібі мен мерзімі:
  • Байқауға аудандық мектептерден  дарынды оқушылар және жетекші педагогтар, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері,  жас мамандар ( әр мектептен 1 оқушы 1 мұғалім және 1 жас маман) қатыса алады.

Байқауды өткізу 1 кезеңнен тұрады

  • Мұғалімнің қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу бойынша     іс-әрекеті 5-7 минут

          Бағалау критерийлері :

1.Қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды  қолдану  іскерлігі мен шеберлігі 

  1. Мұғалімнің әдістемелер мен технологиялардың ғылыми-теориялық негізін түсінуі

3.Қолданылған  әдістемелер мен технологиялардың білім сапасына әсері

  • Дарынды оқушылардын функционалдық сауаттылығын дамытудағы жұмыс үлгілері — 5 минут

        Бағалау критерийлері:

1.Үлгінің мазмұндылығы

  1. Ғылымилығы

3.Жаңашылдығы, өзектілігі

  1. Жұмыстың нәтижелілігі

5.Практикалық құндылығы, тиімділігі

 

  • Қазақ тілі мұғалімдері арасында

Ұсынылған тақырып бойынша дайындықсыз ауызша тұсаукесер жасау. Орындау уақыты 3 минут.

      Эссе жазу тәртібі:

 

Қазақ тілінде эссе жазу (Туған жерім –мақтанышым). Эссенің соңғы парағы  мынадай ақпаратпен қамтылуы қажет: аты, тегі, туған жылы, тұратын жері, мектебінің  атауы. Эссенің көлемі: 1,5-2 бет. Тапсырманы орындау уақыты –    35 минут

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қорытынды

ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР:
• Жеке көзқарастың көрінісі;
• Фактілі дәлелдер (аргументтер);
• Теоретикалық негіздеме;
• Терминдерді қолдану;
• Цитаталарды келтіру;
• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
• Сауаттылық (пункт., орфогр.);
• Қолд. ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.

 

Ұйымдастыру комитеті

Байқауды  өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады. Оның мүшелері байқаудың өту тәртібін , нысанын, орнын, өтетін күнін анықтайды.Байқауға қатысушылардың берілген тапсырмалары мен бағалау  өлшемдерін әзірлейді. Байқауға  қатысушылардың тізімін бекітеді, қатысушының құжаттарын қабылдап, тіркеуге алады.

 

Қазылар алқасы:

Байқауға қатысушылар жұмысын  бағалау үшін 5-7 адамнан тұратын қазылар алқасы құрылады . Қазылар алқасы байқаудын жүлдегерлері мен жеңмпаздарын анықтайды, оларды марапаттауға қатысады.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау

Барлық байқау сынақтарының нәтижесі бойынша қазылар алқасы  байқауға қатысушыларды  арнайы  « Алаш ұстазы », « Үздік автор »,              « Шығармашыл ұстаз », « Жастар жылы »,  « Жас дарын  » төс белгілерімен  арнайы  Құрмет грамоталары  және  Мақтау қағаздарымен марапаттайды .

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат Қазақстан Республикасы «Өрлеу» Білім-ғылым технологиялық порталының сайтында орналастырылады.