Мектеп: «Сарқан қаласының облыстық зерде бұзылысы бар балаларға арналған  арнайы мектеп-интернаты» КММ
Сабақтың тақырыбы:

Бисермен білезік тоқу

Мұғалімнің аты- жөні: Ахамбаева  Г.       \

Күні: 18. 04. 19 ж

Сынып: 7-сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар:
Сабақ негіз/ген оқу мақсаты: Оқушыларға бисерден білезік  жасау әдістері туралы түсінік беріп,орындалу тәсілдерін көрсете отырып үйрету.

Коррекциялық түзету:  Оқушылардың жұмыс жасау арқылы есте сақтау қабілеттерін,бисерді лескаға тізбектеу арқылы көз мөлшерін, ырықты  -ырықсыз зейінін,логикалық ойлау қабілетін,ұсақ саусақ маторикасын,кеңістікте бағдарлай алу қабілетін,ауыз екі сөйлеу байлығын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды шыдамдылыққа,сыпайылыққа,бастаған істі тиянақты аяқтай білуге,ұқыптылыққа,үнемділікке,үлкенді силай білуге тәрбиелеу

Сабақтың мақсаттары : Барлық оқушы орындай алады: Қауіпсіздік ережесін сақтайды
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Оқушыларға бисерден бұйым жасау әдістері туралы түсінеді
Кейбір оқушылар орындай алады:  Бисермен бұйым жасау арқылы қол икемділігін танытады.
Тілдік  мақсат: Моншақ – бисер — стеклярус
Ресурстар: Слайд, суреттер,  бисер түрлері,  ине, леска.
Пән. байланыс: Бейнелеу өнері, қазақ тілі, математика
Алдыңғы оқу: Бисер, моншақтар, металл, керамика, стеклярус
Сабақтың жоспары
Жоспарланған уақыт Берілетін тапсырмалар Бағалау критерийлері
Ұйымдастыру кезеңі

 

Ұйымдастыру бөлімі
А) оқушылармен амандасу, түгендеу
Б) сабаққа назарларын аудару
Ә) 1,2,3

Сынып іші тып тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз

Формативті

 

Үй тапсырмасын сұрау

 

 Үй тапсырмасын «Конверт » әдісі   арқылы сұрау.

1. Бисер дегеніміз не?
2. Ең алғаш бисер қай елде пайда болды?
4. Бисермен сәндік үшін қандай бұйымдар тоқылады?
5. Бисерді неден жасайды?
6. Бисерді ең көп шығаратын елді ата?

 

ҚБ «Отшашу арқылы» бағалау

1. Сұрақтарға жауап берді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақтардың шешуін тапты

   

1.Ерте тұрдым да, қос жолға түстім  (Шалбар)

2.Аспай піскен, қайнамай түскен   (Жеміс)

3.Есігі біреу бөлмесі бесеу (қолғап)

4.Сүңгіп барып бұл мықты ,бүтіндейді жыртықты (ине)

5.Асқа түссе еритін,ас жоқ одан жеритін (Тұз)

6.Тұмсығы мықты  қырмен ойды тегістеп шықты (үтік)

7.Адамның сәні онсыз жоқ мәні ( Киім)

 

Ш а л б а р  
ж е м і с  
  қ о л ғ а п
  и н е  
  т ұ з  
  ү т і к  
  к и і м
 (Жаңа сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек.
Қазіргі кезде бисерден тоқылған бұйымдар, жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік қолға тағатын білезік тоқу өте сәнді көрінеді.ол үшін біз диаметрі 06 см болатын моншақ таңдап аламыз, соған ұқсас бисер керек, тағы басқа түстес бисер таңдап аламыз ,осы бисерлерді бекітетін бекіткіш керек және леска таңдап аламыз  ұзындығы екі метр болатын леска аламыз да оған 4 моншақты өткіземіз одан соң 4 моншақтың біреуін алып лесканың келесі ұшын өткізіп лесканы 2 ұшын тартып  тура ортасына әкелеміз сонда 4 бұрыш пішіндес болып шығу керек содан соң лесканың бір ұшына бір моншақ, екінші ұшына екі моншақ өткіземіз осы екінші  моншақты   алып лескамыздың жаңағы бір моншақ салынған келесі ұшын былай кіргізіп  оны төмен қарай итереміз дәл осындай тәсілмен қайталап  қолымыздың ұзындығына қарай тоқй беру керек . Ал енді осыған бисерлерді кіргіземіз ол ұшын лесканың бір бір ұшы әзірше керек емес ал екінші ұшына 8 бисер өткіземіз  оны соңғы моншақ бойымен өткізіп тартамыз сонда моншағымыздың сырты қапталуы керек бисермен енді  10 бисер кіргізіп оны келесітұрған екінші моншаққа кіргіземіз одан кеін 10 бисер салып жылан тәріздес тәсілмен қайталап тоқып шығамыз енді келесі лескаға 8 бисер кіргізіп аяғына дейін қайталап тоқып шығамыз  снда біздің моншағымыздың сырты толығымен қапталуы керек. Енді басқа түстес бисерімізді алып жаңағы бисерден 3бисер одан кейін басқа көз түстес  өткізіп қайтадан 3 бисер кіргізіп оны ортасы арқылы  өткіземіз және осылай қайталанып аяғына дейін  тоқылады содан кейін артық лескаларды кесіп бекіткіштерін тағамыз әдемі браслет болғаны көрініп тұр

 

Бисермен жұмыс кезінде сақталатын қауыпсіздік ереже.

1.Бисермен жұмыс істейтін жер өте жарық болу керек.
2.Жұмыс үстелінің бетіне түкті мата жабылуы керек.
3.Сапасыз моншақтарды қолдануға болмайды.
4.бисермен жұмыс кезінде көз тез шаршайды сондықтан көзді демалдырып, жаттығулар жасап тұру қажет.
5. Жұмыс кезінде денені тік ұстау керек.
6.Көз бен бұйым арасы 30 см қашықтықта болу керек.
7.Күндіз терезеден жарық сол жақтан түсу керек, кешке үстелдік шамды қосу керек.
8. Бисерді тәрелкеге немесе жайпақ ыдысқа салып қойған дұрыс.

1. Өз ойын ашық жеткізе білді

2. Толық мәлімет берді

3.Өмірден байланыстыра алды

Сергіту сәті.                    Сергіту сәті.

 Оң қолымда білезік,

Сол қолымда білезік.

Қолдарымда сақина,

Санап қане корейік,

 

 

Оқушылар сергиді
Сарамандық жұмысты орындау  Әр оқушыға нұсқау карта таратылады 1. Сарамандық жұмысты орындайды

2.Бисермен әшекейді жасайды

 

Сабақты бекіту

 

«Жалғасын тап» ойыны.

Мақал мәтелдің жалғасын табу
1. Өнерлінің он саусағы тең, (Өнерсіздің бір саусағы кем).
2. Еңбектің көзін тапқан, (Байлықтың өзін табады)
3. Ата көрген … (оқ жанар), Шеше көрген … (тон пішер)
4. Еңбек өмірді ұзартады…….( ұят бетіңді қызартады)
5. Өнерден үйрен, өнерсізден … (жирен)
6. Бүгінгі істі … (қалдырма ертеңге)
7. Көз қорқақ ……………..(қол батыр(

8. Келісіп пішкен тон … (келте болмас)
9.Өнерлі болу – зейнет, (Өнерсіз болу — бейнет)

10.Шын шеберде ………..( мін болмас)

Қ.Б «Бас бармақ арқылы» бағалау

Мақал мәтелдің жалғасын табады
Сабақты бекіту Бүгінгі сабақта нені тоқуды үйрендіңдер?  
Бағалау  2  мин Оқушыларды «күлегештер» арқылы бағалау

 

Кері байланыс

1  минут

Құрылған жетістік критерийлерге сәйкес стикер таратылып, кері байланыс беріледі.
Рефлексия
1. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді  орындауда не тиімді болды?

2. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді  орындауда не тиімсіз болды?

3.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

 

 

 

Нұсқау карта

 

Орындалу барысы

 

Жасалу тәсілі

 

Құрал жабдықтар

1 Ұзындығы 2м леска кесіп аламыз   Леска
2 4 моншақ тізіп аламыз да оның біреуіне лесканың екінші шетінен қарама қарсы лесканы өткіземіз де лесканың 2 ұшын біріктіріп тартамыз сонда моншақтар лесканың ортасында тұру керек төртбұрышты пішін шығу керек

 

  Моншақ
3 Енді лесканың бір ұшына 1моншақ ал екінші жағына 2 моншақ өткізіп 2моншақтың біреуіне лесканың екінші жағын кері өткіземіз де лесканың екі ұшын теңестіріп төмен қарай тартамыз  осы тәсңлмен қайталап қолымыздың көлеміне қарай ұзынырақ білезік тоқимыз.   Моншақ
4  Үлкен моншақтың сыртын бисермен әшекейлеп тоқып басқадай әдемі өң береміз ол үшін соңғы моншақтан шыққан  лесканың бір ұшына 8 ұсақ бисер өткіземізде мошақты айналдырып кері өткізіп тоқимыз  екінші моншаққа 10 бисер өткізіп жылан  тәріздес формада қайталанып аяғына дейін тоқимыз,бұл бір жағы ғана енді осы тәсілмен екінші жағын тоқып аяқтаймыз   Бисер