Қысқа мерзімді жоспарлау

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мен балаң  жарық күнде сәуле қуған…

Мектебі: О.Жандосов атындағы орта мектеп
Күні: Мұғалімнің  аты-жөні:   Султангажиева С
Сынып:  6 Қатысқандар:                                          Қатыспағандар:

 

Сабақтың тақырыбы  Тортайдың  арманы               3-сабақ

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары  (оқу бағдарламасына сілтеме)  6.Т/Ж.3. Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау;

 

6.А/И.1. Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау.

 

Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар орындай алады:

«Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесіндегі  кейіпкерлерге сипаттама береді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Кейіпкерлерді тек тұрғысынан талқылайды, салыстырады.

 

Кейбір оқушылар орындай алады:

Шығармадағы белгілі бір эпизодтың маңызына негіздеме жасап, қорытындылайды, бағалайды.

Бағалау критерийі 1.Кейіпкерлердің типтерін тек тұрғысынан сипаттайды

2.Белгілі бір эпизодтың маңызына негіздеме жасайды

Тілдік мақсаттар Күлтеленген  күреңсе, нар, жақпар тас, ақ боз ат
Құндылықтарға баулу «Мәңгілік ел». «Зайырлы қоғам және жоғары руханият».

Өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыс тарих, география
Тақырып бойынша алдыңғы  білім  Шығарманың тақырыбын, идеясын біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
 

 

Сабақтың басы

 

 

 

 

 

   Сәлемдесу.

   1.Психологиялық жағымды ахуал туғызу.

«Аспан.Жер. Су» әдісі

Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру мақсатында  кезекпен доп лақтырамын. Допты ұстаған оқушыға аспан десем, құстың атауын, жер десем, аң атауын, су десем, балық атауын айтады.

2. Топқа бөлу 

І топ — С.Торайғыров   ІІ топ -С.Мұратбеков   ІІІ топ –

О. Бөкей

Үш автордың шығармаларынан бір сөйлемнен үзінді жазылған қағаз қиындылары бойынша  тиісті топқа барып отырады.

3.Үй тапысрмасын  «Сәлем  хат» әдісі  арқылы тексеремін.

Әңгіме оқиғасы қай жерде, қашан  өтеді?

Сол кездегі  балалар қалай ойнайды екен?

Тортай кім?

Тортайдың өзге балалардан өзгешелігі неде?

Тортай неге Орашты жақсы көрді?

Ораш қандай бала?

Тортай бүгін неге ренжулі?

Тортайдың кітап туралы ойы қандай?

Тортай Орашқа не сыйлады?

Ораш қайда кетіп барады?

Жаңа сабақ тақырыбын   «Арман ағашы»әдісі арқылы ашамын. Өз арманын стикеге жазып, ағашқа іледі.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, арман деген не?

-Сенің арманың не?

-Арманыңа жету үшін не істейсің?

Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы –

Тортайдың арманы

 

 

 

 

доп

 

 

 

 

қима қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

конвертке

салынған сұрақтар

 

музыка

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ағаш суреті

 

стикер

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тапсырма

«Ыстық орындық» әдісі арқылы кейіпкерлерді сипаттайды

Тортайдың  арманы не еді?

Оның арманына жете алмауына кімді кінәлайсың?

Тортай неге жасқаншақ деп ойлайсың?

Тортайдың тамақ үшін дос боп жүрмегенін қалай дәлелдейсің?

Тортай неге Орашты жақсы көрді деп ойлайсың?

Ораштың да Тортайға ерекше көзқараспен қарауын қалай түсіндіресің?

Тортайдың өз ертегілерін үнемі жетім бала туралы бастауына қалай қарайсың?

Қазіргі өмірде Тортай сияқты балалар бар ма?

Дескриптор

1.Сұрақтарға жауап береді.

2.Кейіпкерлерді сипаттайды.

ҚБ   «Бас бармақ» әдісі.

                         

2- тапсырма

Үш топ  «Қос диаграмма» әдісімен Тортай мен Ораштың типтерін  салыстырады, талдайды.

Типтік,тек                                                             Типтік,тек

ерекшеліктері                                                       ерекшеліктері 

                                    Ұқсастықтары

Ораш
Тортай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Дескриптор:

1.Екі кейіпкерді салыстырады.

2.Типтік ерекшеліктерін  талқылайды.

3.Ұқсастықтарын табады.

 

ҚБ   «От шашу» әдісі

 

3-тапсырма

Әңгіменің  толық нұсқасының соңғы бөлімінен белгілі бір эпизод  тыңдатамын.

«Еркін жазу»әдісі арқылы  пікірлерін  дәптерге жазып, топ мүшелерін таныстырады, ең жақсы деп танылған жұмысты оқуға ұсынады. Тыңдалған эпизод бойынша ойларын қорытындылап, өз көзқарастары арқылы кейіпкерлер әрекетін  бағалайды.

Үзіндіден қандай ақпарат алдың?

Одан қандай әсер алдың?

Не үйрендің?

Тортай мен Ораштың  әрекетін қалай бағалайсың?

Нені әлі де біле түсуің керек?

Қандай қорытындыға келдің?

Дескриптор:

1.Эпизод бойынша шығарманы қорытындылайды.

2.Кейіпкерлерді өз көзқарасы арқылы бағалайды

 

ҚБ «Жетістік баспалдағы» әдісі

Мен мұны жасағым келеді
Мұны қалай істеуім керек?
Тырысамын
Маған қажеті жоқ
Мұны істеу мүмкін емес
   Істеуге болады
Мен істеймін
Бұл сондай оңай!
 

 

 

орындық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

постер

 

маркер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудиомәтін тыңдау үшін

телефон, колонка

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

бағалау парақ-

тары

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

 

 Рефлексия   «Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?
Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім  қандай болды?
Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Үйге тапсырма

Тортайдың  ертегісінің оқиғасы қандай болуы мүмкін?

Өз ойыңнан жазып кел.

 

 

Султангажиева Саркыт Байгенженовна

Алматы  облысы

Қарасай ауданы

О.Жандосов  атындағы  орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі