Абилова Гулмира «жаттығулар»

 

Режимдік кезеңдер.

Таңертеңгі жаттығулар.

Қимылды ойындар.

 

                                                                                      «Балдәурен» тобы

                                                                                          Тәрбиеші: Абилова Г.Т.

 

 

 2018-2019жыл

 

 

 

Режимдік кезеңдер. Таңертеңгі жаттығулар. Қимылды ойындар.

Мақсаты: Балаларға ертеңгілік көңіл күй, көтеріңкі сезім сыйлау. Жүру, жүгірудің түрлерін меңгерту. Аэробикалық  жаттығу жасау дағдыларын қалыптастыру.Ұйымдасқан түрде жаттығу жасауға үйрету.

Ұлттық ойындарды дұрыс ойнай білуге жаттықтыру арқылы баланың денесін шынықтыру, ойнау барысында ережені сақтап, дұрыс ойнауға үйрету.

Дамытушылық: Аэробика жаттығулар арқылы балалардың дене

қимылдарын дамыту

Тәрбиелігі:    Балалар арасындағы қарым-қатынас, сыйластықты қалыптас-

тыру.

Құрал: үнтаспа, тақия, орамал.

Алдын ала жұмыс: ән, тақпақтарды, мақал-мәтелдерді жаттау; жаттығулар мен би қимылдарын үйрену, ұлттық ойындарды ойнату.

 

Ұйымдастыру бөлім

 

Балалар бірінің артына бірі жүріп музыка әуенімен залға кіреді.

Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр, қане қонақтармен амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіздер ме!
Денсаулық  — ол шыныққан,
барлық  денең  мүшесі.
Денсаулық  -ол  тыныққан,
жүйке  тамыр  жүйесі.
Денсаулық  -ол  күлуің,
көңіл-күйің  жадырай.
Денсаулық — ол жүруің,
ешқай  жерің   ауырмай.

 

Кіріспе бөлім:

 

Тәрбиеші: Түзел, тік тұр! Солға бұрыл! Бастаушының артынан қадам бас!

Бір тізбек болып сапта жүру, қолды көтеріп, аяқтың ұшымен жүру;
қол желкеде, өкшемен жүру. Баяу жүру, қолды белге қойып, сол аяқтан бастап, аяқты-аяққа таяп жүру; оң аяқтан бастап, аяқты-аяққа таяп жүру. Баяу жүру, тізені сәл бүгіп жүру. Жүгіру, белгі бойынша бастаушыны ауыстыра жүгіру, «жыланша» жүгіру, баяу жүгіру. Тынысты реттеп жүру. Тізбекпен келе жатып, үш қатар сапқа тұру, қолдарын созып, сапты түзеу.
Жаттығу түрлері:
1. «Басты айналдыру». Аяқтың арасы сәл ашық, қол төменде тұрған б. қ.-та басты оң жақтан бастап, сосын сол жақтан бастап айналдыру.

2.«Жоғары төмен қарайық». Аяқтың арасы сәл ашық, қол төменде тұрған б. қ.-та жоғары-төмен қарау (4 рет)
3. «Тасбақа». Аяқтың арасы сәл ашық, қол төменде тұрған б.қ.-та басты алға созу. ( 4рет)

  1. «Робот». Аяқтың арасы сәл ашық, қол төменде тұрған б.қ.-та қолды алға, жоғары, екі жаққа созып көтеріп, төмен түсіру. (4 рет)

5.Аяқ сәл алшақ, қолымыз иықта, алға, артқа  айналдыру (әр жаққа 4 реттен).
6. Аяқтың арасы сәл ашық, қол төменде тұрған б. қ.-та иықты көтеріп түсіру, иықты көтергенде тізені сәл бүгу.

  1. Аяқтың арасы сәл ашық, қолды белге қойып тұрған б.-та қолды оңға, солға ию. (8рет)
  2. «Диірмен». Аяқтың арасы сәл ашық, қолды белге қойып тұрған б.-та алға еңкейіп,оң қолды сол аяқ ұшына тигізу, сол қолды оң аяқ ұшына тігізу. (8 рет)
  3. Б.қ. Аяқтың арасы сәл ашық, қолды белге қойып тұрған б.-та кеудені оңға, солға айналдыру
  4. «Сайқымазақ». Негізгі тұрыс, қолды екі жаққа жіберу, қолды белге қойып басты төмен түсіру. (4 рет)
  5. «Отырайық, тұрайық».Аяқ арасын алшақ ашып тұру ,қолдың саусақтарын айқастырып, отырып-тұру. (4 рет)
  6. «Кітап». Екі аяқты біріктіріп, созып, еденде отыру қалыпында қолды көтеру, аяқтың ұшына жеткізіп еңкейю.
  7. «Көбелек». Қолы арт жақтан еденге тіреп, аяқтың табаның қосып отыру қалыпында, тізені сермеу(бұлғау).

14.Аяқтың ұшымен көтерілу, демді жұтып
шығару (3 — 4 рет).

 

Бір тізбек болып сапта жүру.

 

Тосың сый.

Осы кезде Тазша бала келеді.

Тазша бала:Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар! Мен бүгін сендердің қазақтың ұлттық ойындарын ойнайтындарыңды естіп, қуана балабақшаларына жеттім. Балалар, қандай қазақтың ұлттық ойындарын білесіңдер? (Балалалрдың жаубы)

Қазір қандай ойын ойнаймыз тыңдаңдар:

Ойым бар, ойын бастамақ

Ойынның аты..

Балалар: «Тақия тастамақ»

Тазша бала: Ол үшін шеңбер болып отырамыз. Мен тақиямды кімге тастаймын, сол бала тұрып басқа баланың басына салып, өз орнына отыруға тырысады. Ал егерде оған ұсталып қалса өз өнерін көрсетеді.

 

Ойын: «Тақия тастамақ»

 

Тазша бала: Балалар, «тақия тастамақ» ойынына ұқсайтың қандай орыс халық ойыны бар?

Балалар: «Көңілді орамал»

Тазша бала: Осы ойынды ойнаймыз ба?

Балалар: Ойнаймыз.

Тазша бала: Балалар шеңбер болып тұрамыз. Мына орамалды бір бірімізге бас иіп береміз.Музыка біткенде кімнің қолында орамал қалады, сол ортаға шығып билейді.

 

Ойын: «Көңілді орамал»

 

Тазша бала: Ой, қандай тамаша. Сендермен бірге мен де дем алып қалдым. Мені басқа да бақшаның балалары күтіп отыр.Сендермен қоштасайын.

Тәрбиеші: Рахмет саған Тазша бала, сау бол!

Тәрбиеші: Балалар, сендерге де рахмет! Бүгін сендер жаттығуларды жақсы орындап, өз өнерлеріңді көрсеттіңдер. Енді қонақтармен қоштасып, таңертеңгі асқа барайық.