№1 таратпа материал
№1 таратпа материал

 

№1 таратпа материал

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

 

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 В бөлімі. Ежелгі Үндістан: буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің триумфі Мектеп: №47М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Мамбеталиева Камшат Фазылкәрімқызы
Сынып:  5 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 
Сабақ тақырыбы Ежелгі сауда орталығы ретінде Үндістанның ролі қаншалықты маңызды болды?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.4.1.3 –  ежелгі өркениеттердің шаруашылығын сипаттау;

5.2.4.2 – ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау;

Сабақ мақсаты Барлығы:  Үндістанның шаруашылық жүйесін және ғылымының дамуы шаруашылық пен әлеуметтік өзгерістерге қалай әсер еткендігін сипаттайды.

Көпшілігі: Үндістанда арифметика, геометрия, астрономия, медицина ғылымдарының пайда болып, дамуына шаруашы-лығы мен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттайды

Кейбірі:  Ежелгі Үндістанның сауда орталығы болуына оның ғылымы мен шаруашылығының ықпалы бар екенін ажырата алады.

Бағалау критерийлері ü  Картадан Үндістанды, ежелгі үнділердің саудасы мен керуен жолдарының бағыттарын біледі;

ü  Ежелгі Үндістан өркениетіндегі ғылымның шаруашылық пен сауданың дамуының ықпалын түсіндіреді;

Тарихи концепт Маңыздылық
Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар оқыған ақпарат негізінде Үндістанның Тынық мұхит пен Жерорта теңізі аралығындағы сауда орталығы ретіндегі рөлі қаншалықты маңызды болғандығын анықтап сипаттай алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:  Айырбас. Эталон. Дәмдеуіш. Тауар. Үнді сауда каботаж кемесі

Талқылауға арналған сұрақтар:  Ежелгі сауда орталығы ретінде Үндістанның ролі қаншалықты маңызды болғандығын түсіндіре аласыз ба?

 

Ойлау дағдылары Білу, түсіну, қолдану
Құндылықтарды дарыту

 

 

Ежелгі Үндістанның ғылымын, шаруашылығын, саудасын сипаттау барысында оқушылар бойында шығармашылық, сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау, өзара көмек пен құрмет қабілеті құндылықтардың қалыптасуына ықпал ету;
Пәнаралық байланыстар Жаратылыстану пәні — Картадан Үндістанды, сауда  бағыттарын көрсетуі;

Қазақстан тарихы пәні— Ұлы Жібек жолы арқылы Үндістанның сауда қатынастарының нығаюы;

АКТ қолдану дағдылары «Үндістанның сауда қатынастары» бейнежазба көрсету;  Интерактивті тақта. Презентациялық слайдтар. Фотосуреттер
Бастапқы білім

 

Үндістанның орналасқан жері, табиғаты,шаруашылығы, рухани және материалдық мәдениеті, қоғамдық құрылымы, әлеуметтік құрамын айта алады;
                                                                  Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

 

2 мин

 

 

4 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты «Мозайка» әдісімен 4-топқа біріктіру:

«Үнді», «Ганг», «Тәж Махал», «Дони»

Үй тапсырмасын пысықтау: «Лездеме сұрақтар»-мен

1. Үндістан қайда орналасқан?

2. Үндістанның табиғатын сипаттаңыз

3. Үндістан шаруашылығында Үнді, Ганг өзендерінің маңызы

4. Үндістанның ежелгі қалаларының атқарған қызметі атаңыз

5. Үнді мемлекеті қалай қалыптасқан?

ҚБ:  Мұғалімнің мадақтауы

 

«Мозайка» әдісі

 

 

 

 

Сабақтың ортасы Қызығушылықты ояту:  «Миға шабуыл» әдісі арқылы тақырыпты ашу:

Әртүрлі заттар: сарий, дәмдеуіштер, піл, кашимир мата, хналар, иісті майшамдар т.б. тауарларды көрсету арқылы оқушыларға ой қозғау

Дескриптор:  Оқушылар тауарлардың қай елде өндірілгенін анықтай алады.

ҚБ: Мұғалім тақырыпты ашуға қатысқан оқушылардың білегіне жұлдыздар жапсырады, мұ-

ғалімнің мадақтауы.

 

  Жаңа сабақ:   Ежелгі сауда орталығы ретінде Үндістанның ролі қаншалықты маңызды болды?

Зерттеу сұрағы:    Үндістанның Тынық мұхит пен Жерорта теңізі аралығындағы сауда орталығы ретіндегі рөлі қаншалықты маңызды болды?

Жаңа материалды меңгеру:

Ежелгі Үндістан саудасы туралы бейнебаян

 

Топтық жұмыс:

1. «Үнді» тобына: Бейнебаян бойынша «Джигсо» әдісімен постер қорғайды. Оқулықпен, қосымша материалдармен жұмыс жасалады.

Оқушылар жұмысын смайликпен бағалайды.

 

2. «Ганг»тобына: Ұлы Жібек жолындағы Үндістанның сауда бағыттарын контур картада сызу

Дискриптор: Контур картада Үндістанның сауда бағыттарын көрсетеді,кімдермен сауда жүргізгенін айтады.(Батыста- Египет, Месопотамия, шығыста- Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, солтүстігінде- Иран, Орта Азиямен)

ҚБ: Контур картаның дұрыс толтырылуын басқа топтар тексереді ( тілімен топтар өзара топтық бағалау жасалады)

 

3. «Тәж Махал»тобына: Сауда ісін сәтті жүргізу үшін үнді көпесі қандай ғылыми білімдерге ие болу тиіс? (таразы, салмақ, есептеулер т.б.)

Дискриптор: Арифметика, геометрия, астрономия ғылымдарының сауда жасауға қалай көмектескенін біледі.

ҚБ:  «Бағалау сэндвичі» арқылы кері байланыс:

1 бөлік – Позитивті комментарий, не ұнады?

2 бөлік – Сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек?

3бөлік – Келешекке арналған комментарий, маған ұнады, бірақ …..

4. «Дони» тобына:Үнділер кімдермен сауда жүргізді?

Басқа елдерге сату үшін нендей тауар апарған? Үнді тауарларын сатуға қай мемлекеттерге бағыт алған? Талдау: 1,2-лер, 3,4-лер, 5,6-тер бірігіп, бір-біріне түсіндіреді. (Әркім түсінбеген жерін сұрап алады)

  Дискриптор: Үндістанда не өсіріп, не өндірілгенін, географиялық бағыттарын, Дони- үнді сауда каботаж кемесін біледі. Ежелгі сауда орталығы ретінде Үндістанның ролінің маңыздылығын талдайды.

ҚБ:  Топтар өзара топтық бағалайды: «Екі жұлдыз, бір тілек» беру арқылы кері байланыс:

1-жұлдыз. «Өте жақсы болғаны»

2-жұлдыз. «Осы жері жақсы болды»

1 тілек. «Осы жері жақсартуды қажет етеді»

 

Жұптық жұмыс:  «Сен-маған, мен-саған» әдісі

Мақсат:

—       Тақырып бойынша білімдерін кеңейту.

—       Диалог арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

1. Үндістан саудасы жайлы айтыңыз

2. Үндістан саудаға не шығарды?

3. Дони деген не?

4. Үндістан қай елдермен сауда қатынасын жасаған?

5. Үндістанның Ұлы Жібек жолына шығуын сипаттаңыз

 

Диалог жазуға пайдалы сөздер тізбегі:

Сауда. Айырбас. Дони. Эталон. Каботаж. Дәмдеуіш. Шай;

Дискрептор арқылы кері байланыс:

1.      Жұптық жұмыс ұнады ма?

2.      Жұптық жұмысында маған не қиын болды?

3.      Тапсырманы орындауға маған не көмектесті?

ҚБ: Оқушылар көршісінің жұмысын тексереді және смайликпен бағалайды.

 

 

«Сиқырлы сандықшада»-

Үндістан саудасының негізгі тауарлары

АКТ пайдалану

 

 

 

 

 

Үндістан саудасы туралы бейнебаян

http://m.androidmafia.ru/video/Ae7QAZ5pdEo

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Карта, контур карта,

маркерлер,

ватмандар

Сабақтың соңы Жеке жұмыс:   Сәйкестендіру

Ежелгі сауда орталығы ретінде

Үндістанның ролі

Үндістанның саудаға шығарған тауарлары Египет, Месопотамия,  Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Иран, Орта Азия елдері
Сауданың дамуына қай ғылым салалары көмектескен? Сарий, дәмдеуіштер, піл, кашимир мата, хналар, иісті майшамдар т.б.
Үндістан қай елдермен сауда қатынасын жасаған? Арифметика. Геометрия, Астрономия. Медицина

Дескриптор: Үндістанның саудасы, сауда бағыттары, үнді тауарлары, сауданың дамуына ықпал еткен ғылым салалары жайлы біледі.

ҚБ:Смайликтер жапсыру (мөр басу) арқылы бағалау

Үйге тапсырма:  А) Үндістан қай елдермен сауда қатынасын жасағанын жазып келіңіз:

Батыста———————————————————

Шығыста——————————————————-

Солтүстікте—————————————————-

Ә) Үндістаннан сыртқа шығарылған  (экспортталған) негізгі өнімдерді жазыңыз.

1.
2.
3.
Сәйкестендіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ноутбук, интерактивті тақта, таратпа қағаздар

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапс-ны күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

 

Бағалау – Оқушылар өзара  қалай бағаланады?

Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

 

-Топтық, жұптық жұмыстар арқылы өзара көмек пен қолдау жүзеге асырылды.

-Барлық оқушыларға топтық, жұптық,жеке тапсырмаларды белсенді орындады.

Сабақтың өн бойында тиімді ауызша бағалау болып отырады.

Бағалауды мұғалім ғана емес, оқушы да жасады.

 

— Топтық бағалау болды: «Екі жұлдыз, бір тілек»

— Мұғалімнің мадақтауы;

— Ауызша тиімді бағалау, жұлдызшалар (смайликтер) жапсыру, мөрлер басу;

— «Бағалау сэндвичі» арқылы кері байланыс;

 

Қазақстан тарихы, Жаратылыстану;

АКТ- мен байланыс;

Денсаулық сақтау ережелері ескерілді;

Қауіпсіздік техникалық ережелері сақталды;

                                                             Рефлексия
— Сабақ,оқу мақсаттары шынайы ма?

— Бүгін оқушылар не білді?

— Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

 

 
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?