АХУНОВА МЕРУЕРТ АХМЕТБЕКҚЫЗЫ

ШҚО, АЯГӨЗ АУДАНЫ

Білім  мазмұныны  жаңарту  бойынша  желілік  қоғамдастық  негізінде 

«Т.Есімжанов  атындағы  жалпы  білім  беретін  орта  мектеп» КММ

өткізілген  іс-шара жайлы   сараптамалық  анықтама

Тақырыбы: «Әдістемелік  шеберлік- шығармашылық  шыңы»

«Т.Есімжанов  атындағы  жалпы  білім  беретін  орта  мектеп» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінде  «Әдістемелік  шеберлік- шығармашылық  шыңы» тақырыбында  семинар  өткізілді.        Қазақстан  тарихы  пәні  бойынша  5- класта  «Көшпелі  мал  шаруашылығының  қалыптасуы»  тақырыбында   үлгілі  сабақ  өтті.  Мұғалімі  С.Бірталаева. Сабақтың  ұйымдастыру  кезеңінде  жағымды  көңіл-күй  қалыптастырып,  екі  топқа  бөлді. Оқушылар  топпен  жұмыс  жасауға  дағдыланған.  Үй  тапсырмасын  «Төрт  қабырға», «Қара  жәшік»  әдістерімен  орындады. Жаңа  сабақты  оқушылар  дәлелдеу  арқылы  «көшбасшы  және  тыңдаушы » әдістерін қолдана  алды. Оқушылар  өздерін  еркін  ұстап, ойларын  ашық  жеткізе  алды. Әр  топ  жарнама    жаттығуы  арқылы  Рухани  жаңғыруды  сабақпен  байланыстыра  алды.   Жағдаяттардан  шыға  алды. Екі  топ  өз-өздерін  «Жетістік  баспалдағы » бойынша  бағалады. Ұстазға  болашақта  сынып  оқушыларымен  жұмысты  жандандыра  берсе деген  ұсыныс  айтылды.

Коучинг. «Кері   байланыс-  оқу  мен  оқытудың  тиімділігін   арттырудың  негізі»  тақырыбында  Т.Накипбаева  семинар  қатысушылары  арасында  коучинг  жүргізді. Қатысушылар  кері  байланыс  жайында  ойларын   ортаға  салынып  талқылады.

Қазақ әдебиеті пәні. Мұғалім Қ.Таукенова. Зарзаман  ақыны  М.Мөңкеұлы «Үш  қиян»  толғауы  тақырыбында  8- класта  өткен  қазақ  әдебиеті  сабағы. Оқушылар  қыйма  сөздер  арқылы  топқа  бөлінді.  Топтарға сұрақтар қойылды, «Атаулар   туралы  үш  сұрақ » әдісі бойынша Қайда?, Қалай?, Қандай? сұрақтарына  жауап берген  оқушылар жаңа  сабақты  талқылай   отырып  ашты. Сергіту  сәтінде  ұстаз Рухани  жаңғыру, 100 ән  жобасын М.Мөңкеұлының  толғауын   ұтымды  пайдаланды. Сабақ соңында рефлексия  «Су  құйылған  құм»,  кері  байланыста «Ұялы  телефон»  әдісінде   әр топ  мүшелері  ұтымды  жауап бере отырып өз -өздерін бағаларын  тұсіндіріп бере алды.   Ұстаздың шеберлігі мен  тәжірибелігі   айқын  көрінді.

Орыс тілі мен  әдебиет  пәні. Мұғалімі: Ж.Нуртолеуова

6-класта  «Любимое  время  года»  тақырыбында  орыс тілі мен әдебиет  пәні бойынша    сабақ  өтті. «Клубок  мудрости»  әдісімен  үй тапсырмасын тексеріп, оқушыларды «Шкатулка»  әдісімен  топқа  бөлді. Топ көшбасшысы  бағалау  шкаласы  арқылы  топ мүшелерін бағалап отырды. Мұғалім  мен оқушы арасындағы  қарым -қатынас  жақсы. Мұғалім «Алты  қалпақ»,»Аағаш»  әдістерді тиімді, ұтымды  пайдалана  біліді.

Семинардағы алған әсерлерімен бөлісу мақсатында  педпгог-психолог М.Ахунова «Мұғалімдер арасында  жағымды қарым-қатынас  орнату» тақырыбында  тренинг  өткізді. Тренингте  ұстаздар өз эмоцияларын  түсінуге, өмірлік  күштерін  және ресурстарын  белсенді ету жаттығуларын, өзін-өзі бағалау  жаттығуларын жасады. «Сүттің  іруі» рефлексиясында ұстаздар семинардан алған әсерлері мен ұстаздардың  ұтымды сәттері  жайлы  талқыланып,  ұсыныстар  айтылды.

 

1 2