«Жан  сыры сыры  деп жазылған, психология  деген  пән»

«Т.Есімжанов  атындағы  жалпы білім  беретін  орта мектеп» КММ-де   «Жан  сыры сыры  деп жазылған, психология  деген  пән» тақырыбында  апталық өткізілді.  Оқушылардың көңіл-күйлерін көтере отырып, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту. Өзіндік жеке ерекшеліктерімен  жеке қызығушылықтарының  құндылықтарын  арттыру  мақсатында жұмыстар  жүргізілді. «Мен  жақсылықты  көріп, сезінемін!», «Мен  өмірді  сүйемін!» тақырыптарында 5-11 сынып  оқушыларына  өмір  ұғымының  адамгершілік  құндылық  ретіндегі  мәнін  аша  отырып, өмірге  құштарлықпен  қарауға,  өмірді  сүе  білуге,   қадірлей  білуге, өмірді  мағыналы-  мәнді  өткізуге  қажетті    ақыл -кеңестер  айтыла отылып, тренинг барысында  оқушылар    өз  ойларымен де  бөлісті.   Баланың  мінез  құлқының    қалыптасуына  отбасы  ерекше  әсер  етеді.  Ата-аналар  арасында «Отбасы  бақыт  мекені » тақырыбындағы  тренингте  балаға  ата-ана  махаббатының   маңыздылығы  туралы ойлар  талқыланып, баланы  жақсы  көрудің  тәсілдерін  жаттығулар  арқылы  қызықты  жұмыстар  жүргізілді. «Жанұямыздың  таңбасы» тақырыбындағы  сайста  2-сынып  оқушысы  Тұрсынғали  Ақниет  , «Қамқор  әке- бақытты  балалық» эссе  сайсында Кеншибаева  Мадина , «Өз  отбасыңның  тыныштығын  сақта» қабырға  газетінің  сайысының жеңімпазы 8 -сынып  оқушылары  марапаттарға  ие  болды. Тәуелсіз  еліміздің стратегиялық  дамуын  қамтамасыз  етуде  отбасы  құндылығын  дәріптеу,  әкелер  мәртебесін  көтеру  арқылы  саналы,  рухы  жоғары,  бәсекеге  қабілетті,  білімпаз  ұрпақ  тәрбиелеу. Бүгінгі  қоғамда   өскелең  ұрпақ  тәрбиесіндегі  әкелер  жауапкершілігі   мен   белсенділігін  көтере  отырып,  тәрбиеде  отбасылардың  үлгі-өнегесін,  әкеге  деген  құрмет  сезімін  арттыру мақсатында  апталықтың  соңында   «Әке  болу-  үлке  жауапкершілік»  тақырыбында  мектепшілік  ІҮ әкелер форумы  өтті.

5 6 7


Педагог-психолог: М.А.Ахунова