Шығыс Қазақстан облысы

Көкпекті ауданы Көкпекті ауылы

Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Демеубаева Бакытгуль Казбековна

«Жаңартылған білім мазмүны:ізденіс жане тәжірибе»

         Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. ҚР Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Бағдарламалық мақаласында атап көрсеткендей, «табысты болудың ең іргелі басты факторы –білім» екенін әрқайсысымыз терең түсінуіміз керек…

          Жұмыстың негізгі бағыттары білім беру процесіне үздік білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету,    бүкіл әлемде табыстылығын қамтамасыз ететін , білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру, Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы білім беретін мектептерде интеллектуалдық, рухани және  салуатты өмір салтының дамуын қалыптастыру болып табылады. Осыған орай  ұстаздар алдында оқытудың әртүрлі  әдіс-тәсілдерін үнемі  жаңаша пайдалана  отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Осы тұрғыда  әр ұстаз   оқыту әдістерін, жаңа технологияларды сабаққа тиімді  таңдап пайдалану және ұстаздардың авторлық үлгілерді қолдану мүмкіндігі берілген. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесіне  көшіп жұмыстар жүйелі жүргізілуде.

          Негізгі мақсаты сапалы бағалау мен тұлғаны дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, тиімді өзара әрекет етуге, өздігінен білім алуға және дамуға дайын, алдына ала белгілі және нақты критерийлер бойынша объективті бағалау болып табылады. Мұнда сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуге жетелейді.  Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді   үйретеді.

        Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі.  Оған оқу мақсаттарын  карай  тапсырмаларды,  өз сабақтарымды  құрастыру барысында көз жеткіздім.Мұғалім алдында отырған оқушының болашақта нені оқу керек ? Қандай тиімді әдістерді білу керек?деген сұрақ ойға келеді.Осы орайда жаңартылған білім бағдарламасында әдіс тәсілдердің тиімділігі,қажетті 4 дағды қалыптастыруға әсері мол. Тиімді әдістерді пайдаланып өткізген сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі талқылауға  үйретеді,  оқушыларға мүмкіндік жасалынады. Сондықтан өз тәжірибемді   сыныпта және сыныптан тыс іс шараларда  жасалған жұмыстарыммен бөлісіп шығармашылықпен, зор қуатпен еңбектенеді. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, баланың болашағы үшін  деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.