РАЙЫМБЕК1.12:46, 19.04.2020] M.ZH.: Батырдың аты өлмейді

Райымбек батыр-235

Уа туған жер, топырағыңнан жаралдым,

Алабыңнан арманыма нәр алдым.

Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі

Алтын арай таңғы жұпар самалдың.

Әбу Сәрсенбаев

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа жол: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «…Туған жер-әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегіміз әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды»-деп айтады.

Туған жеріміздің батырларын ұмытпауға міндеттіміз.

Қара су қақ жарылып жол беретін хас батыр-Райымбек батыр ұрпаққа үлгі.

Райымбек батыр 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанды. Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер т.б. батырларымен жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы «Ойрантөбе» деген жерде өткен шайқаста ерекше көзге түсті. Көзі тірісінде «әулие» атанған. Алматы облысының Кеген Нарынқол аудандары, қазірде Райымбек атымен аталады, батырға ескерткіш орнатылған.

Әрқайсысымыз Отанымыздың тарихын жете біліп, ардақтауымыз керек, ел тарихын, шежіресін келер ұрпаққа насихаттаушы біз.

Ф.Қозыбақова,

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Тарих және этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, ғылыми жоба жетекшісі. Камшат Есмагамбетова, Филология және әлем тілдері факультетінің 1-курс студенті.