Тұрсынбай Эльмирра Тұрсынбайқызы

 

Шағын жинақты мектеп оқушылар санының аздығымен, біріктірілген сынып- комплектілермен және оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше формасымен сипатталады. ШЖМ-де оқыту көбіне аумақтық және ақпараттық  оқшаулану және оқушылар мен педагогтердің аздығы, екі, үш, кейде төрт сыныпта бір уақытта сабақтар жүргізу қажеттілігі жағдайында жүргізіледі. Осы факторлардың барлығы оқыту сапасына әсер етеді.

Білім беру процесі күндізгі сабақтарды өткізуді және қашықтықтан оқу режимде тыңдаушылардың өзіндік жұмысын үйлестіреді.

Курс бағдарламасын мұғалімдердің кәсіби дамуының құзыреттілік моделіне бағдарлау қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен оқытудың интерактивті түрлерін қолдану арқылы жүзеге асырылатын іс-әрекет тәсілдерін көздейді.  Жеке  жұмыс істеу, кері байланыс, күрделі және пікірталас сұрақтары мен мәселелерін  онлайн чаттарда талқылау,  уатцап жүйесіндегі «дөңгелек үстел», бұл біздің топтың қазіргі кезеңдегі курс барысында жүргізіліп жатқан жұмыстарымыз. Білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының белсенді қарым-қатынасы, курс жетекшісі тренеріміз  Орманбекова Ләззат Жекенқызының    тыңдаушылармен жедел кері байланысы  жүзеге асуда. Онлайн курсымызда көптеген әріптестерімізбен танысып, көптеген мағлұматтарға қанық болудамыз! Тәжірибелі ұстаз ретінде айтарым, курстан көп білім алып, біліктілігіміз артуда.

Тұрсынбай Эльмирра Тұрсынбайқызы,

№37 топ тыңдаушысы, Райымбек ауданы