МАҚСАТҚА БАҒЫТТАЛҒАН  БІЛІМ – ҚАШЫҚТЫҚТАН  ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЗОР МҮМКІНДІК

 

Қазіргі кезде адамзат дамуының ерекше артықшы­лығы — ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттыратын есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы болып табылады. Қашықтықтан оқыту — бұл оқу материалын жеткізіп беру үшін, оны өз бетімен оқып білу үшін, оқыту үрдісі білім беру мекемелерінің нақты орналасуына тәуелді бол­маған кезде оқытушы мен оқушы, тренер мен тыңдаушы  арасында ақпарат ал­масуды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын дәстүрлі және жаңа ақпараттық қатынастық технологияларының кең спектрін пайдалануға негізделген оқытудың аралас формасы.Анарбек Арайлым Орманбекова Лаззат Жекенқызы.

Мен, Анарбек Арайлым –Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Шиен орта мектебі мен КММ Қоғамшыл бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Алматы облысы бойынша БАИ   ұйымдастырып отырған 2020 жылдың  04.05.2020-15.05 күндер аралығында шағын жинақталған мектептерге арналған «Шағын жинақталған мектептерде біріктірілген сынып- комплектілерінде оқытудың әдістемесі» атты курсты қашықтықтан өтіп жатырмыз. Курста 25 тыңдаушы білім алуда.  Курс тренері – Орманбекова  Лаззат Жекенқызы.

Курстың ерекшелігі- сабақты онлайн түрде өтудеміз. Бірнеше аудан мұғалімдерін біріктіріп, бір-бірімізбен тәжірибе алмасып жатырмыз. Сонымен қатар оқытудың инновациялық технологияларымен танысып, акт-ны күнделікті сабақта қолдануды үйренудеміз. Өз уақытын бөліп бізді біліммен сусындатып отырған тренеріміз аға оқытушы Ләззат Жекенқызына алғысымыз шексіз!

Анарбек Арайлым, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Шиен орта мектебі мен КММ Қоғамшыл бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,

№ 37 топ тыңдаушысы