Біз үйдеміз!

Болашақ ұрпаққа қызмет ету міндетіміз!

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жыл 11 мамыр күні Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында бүгінгі күні төтенше жағдай режимі аяқталғанын айта келіп, «… кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр, індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп ашылады, …. Облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер қала береді. Сондықтан өзіміздің аман-саулығымызға, ең алдымен, өзіміз жауапты болуымыз керек» деді. нұрсауле

Соған орай  Өрлеу БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты өз қызметін онлайн режимінде жалғастыруда. 4 мамырдан  онлайн режимінде қысқа мерзімді курстар өткізуде, соның аясында облыс педагогтерінің біліктілігін арттыру жұмыстары ұйымдастырылуда.   Институт оқытушылары  елімізде болып жатқан  өзгерістерге  бейімділік танытып, курс тыңдаушыларына қажетті  білімді меңгерту қабілеттерін көрсетуде.

 

 

Курсаралық жұмыстар да назардан тыс қалмақ емес. Әріптестер жоспарланған жұмыстарды, яғни  әдістемелік көмек бағытындағы әдістемелік семинар, семинар-кеңес, инновациялық бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру жолдары мен  жаңартылған бағдарлама аясындағы шараларды   қашықтықтан облыстық білім беру ұйымдарымен бірлесе жүргізуде. Әлі де алда атқарар істер баршылық.

Әріптестер, әр істеріңізге сәттілік серік болсын!  Біз біргеміз!

                                        Валиева Майра Уалиқызы

«Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар»

кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к.