«Теміртау қаласының білім беру бөлімі» ММ
Теміртау қаласы әкімдігінің
«Теміртау қаласының №15 қазақ мектеп-гимназиясы» КММ
Бағыты:Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Секция: Тіл бөлімі
Оқушылардың облыстық
ғылыми-практикалық
конференциясына
ұсынылған зерттеу
жоба тақырыбы:
«Абай жолы» романында кездесетін
соматикалық фразеологизмдерді екі тілде салыстыру»
Орындағандар: Жарылқасын Сымбат
Сатмаханова Эльвира
11 «А» сынып оқушылары
Жетекшілері: Айкеева Г.Б.
/қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі/
Кусаинова К.Ж.
/ағылшын тілі
пәнінің мұғалімі/
Теміртау-2019
Аннотация
«Абай жолы» романында соматикалық фразеологизмдердің түрлерінің қолданылуы өте көп кездеседі. Романдағы осы фразеологизмдердің түрлері мен ұйытқы, соматикалық фразеологизмдерді жинақтап жүйелеу, олардың қолданылуындағы стилистикалық тəсілдер тақырыптың жаңалығы болып есептеледі.
Тақырыпты зерттеу өзектілігі:
Қазақ тіліндегі соматикалық фразеологизмдері ағылшын тіліндегі соматикалық фразеологизмдерімен салыстыру мен қатар талдау жасау арқылы дұрыс, тура балама аудармасын табу.
Мақсаты: Соматикалық тұрақты тіркестерді қолданысқа енгізу. көпшілік қауымға «Абай жолын» оқуды насихаттау.
Зерттеу әдістері:
Бұл тақырыпта негізінен түсіндіру, салыстырмалы, тіл фактілеріне бақылау жүргізу т.б. лингвистикада қолданылып жүрген əдістерден пайдаланылды.
Болжамы:
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі соматикалық фразеологизмдерді дұрыс балама аудармаларын көрсету
Күтілетін нәтиже:Соматикалық фразеологизмдерді тілдік тұрғыда қолдану арқылы ауызекі тілде сауатты, жаттық, еркін сөйлеуге меңгерту.«Абай жолын» көпшілікке жеңіл түрде оқыту.
Пікір
11 «А» сынып оқушысы Жарылқасын Сымбат пен Сатмаханова Эльвира жалпы екі тілде кездесетін соматикалық тіркестерді зерттей отыра және «Абай жолы» романында кездесетін соматикалық фразеологизмдерді екі тілде салыстыру» тақырыбында бір жылдан аса жұмыс жасады.
Олар қазақ және ағылшын тілдеріндегі соматикалық фразеологизмдерді зерттеп, жыл бойы зерттелген соматикалық фразеологизмдерді ұсынып отыр.
Фразеологизм алдымен адамдардың ой-сезімін, ара қатынасын, өмір тануын білдіреді, сондықтан өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай келеді. Тіл байлығын сөз еткенде алдымен Абай атамызды еске аламыз. Абайды бүкіл әлемге танытқан біріншіден: өлеңдері мен қара сөздері болса, екіншіден: М. Әуезовтің «Абай жолы» еңбегі болды. Сондықтан зерттеу жұмысымытарының мақсаты – романдағы кездескен соматикалық фразеологизмдердің қыр-сырын ашу. Оқушылар роман- эпопеяның 2 томында қолданған фразеологизмдерді беттерімен теріп, түсініктеме жасады. Зерттеу жұмысының жаңалығы: Абай бұрынғы фразеологизмдерді өзгертіп қолданғанда, екі түрлі әдіске жүгінген: бірі- тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің бір-екеуін өзге сөздермен ауыстырып қолдану, екіншісі — тілде қалыптасқан тұрақты тіркестің идеясын алып, соның ізімен жаңасын жасау.
Осы ғылыми зерттеу жұмысында романдағы екі тілдегі соматикалық фразеологизмдер салыстырмалы түрде зерттелген. Яғни, адам дене мүшелерінің атауларынан құралған фразеологизмдерді жинақтап, оларға статистикалық талдау жасалынған.
Мектеп-гимназия директоры Б.К.Нашкенов
Пікір жазғандар Г.Б. Айкеева
К.Ж.Кусаинова
Мазмұны
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
- Екі тілдегі соматикалық фразеологизмдер ұғымын анықтау.
- Соматикалық фразеологизмдердің түрлері.
- Екі тілдегі соматикалық фразеологизмдердің аударма баламалары.
- «Абай жолы» романында кездескен соматикалық тұрақты тіркестер
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі қазақ фразеологиясы –зерттелмеген тұсы әлі де көп тіл білімінің бір саласы. Тұрақты сөз тіркестерінің мәселелері қазіргі таңда тіл ғылымында өзекті мәселелердің бірі есебінде зерттеліп жүр, өйткені фразеология- тіл мәдениетін арттырып, шеберлікке үйрететін сөз өнерінің асылы. Халықтық сана-сезім, салт-дәстүр, мәдени тұрмыс тарихын бейнелейтін фразеологизмдерді оқып танымайынша, тіл байлығын, тіл ерекшелігін түсініп, толық ұғыну мүмкін емес. Осындай ата-бабалары болған біздердің келешегіміз болған жастар да солардан үлгі алып, солар көтерілген биіктерге шығатынына сеніміміз мол.
Тілімізде қолданылатын жеке сөздермен бірге көптеген ерекше қалыптасқан сөз тіркестері жəне сөйлемшелер бар. Ол сөз тіркестерінің екі не одан да көп компоненттері болады, бірақ сөз тіркестері семантикалық бірлікте болып, тұтас бір ұғымды білдіреді. Мысалы: Көз бояу, жүрегінің түгі бар, қу бастан қуырдақтың ет алған т.б. Мұндай тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасып, ел аузында көп айтылып жалпы халыққа түсінікті болып кеткен.
Осы фразеология мәселелерін ашуда академик І.Кеңесбаевтың
«Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі»2 деген еңбегі бүкіл тюркологияға қосылған елеулі үлес болды[2.174б.].
Қазіргі қазақ тілінің фразеологизмдері фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік жəне фразеологиялық тізбек болып жіктеледі.
Фразеологияның жалпы теориясына қатысты М.Т. Тагиев, С.Н. Муратов ізденістері де ғылымға соны пікір, тың топшылаулар əкелді.
Өзге мəселелерге байланысты фразеология тарауынан пайдалы пікір айтушылар тобына Ə.Наджип, М.Балақаев, А.Ысқақов, Ғ.Мұсабаев, Қ.Сағындықов, С.Талжанов сияқты ғалымдар жатады. Тұрақты тіркес категориясын тікелей зерттеп, құнды еңбек шығарып жүрген шəкірттер бар.
«Абай жолы» романындағы фразеологизмдерді зерттеу мəселесі əлі толық зерттеле қойған жоқ. Бұл бойынша ғылыми мақалалар бар болғанымен, өз алдына арнайы ғылыми- зерттеу жұмысы жазылмаған.
Осы ғылыми жұмысымызда тіліміздегі тұрақты сөз тіркестердің Мұхтар Əуезовтың «Абай жолы романында» қолдану аясына мысалдар негізінде анализ жасап шықтық.
Фразеологизмдердің ішіндегі кейбір сөздер соматикалық жағынан ерекше байқалып, түп қазық есебінде қызмет атқаратын ұйытқы сөздер жайлы айтылады. Оған мысалы: тіл, жүрек, көз, ауыз, қол, бас, т.с.с. жатады.
Абай жолы романындағы ұйытқы фразеологизмдерден бас, көз, тіл, жүрек т.б., т.б.фразеологизмдер мысалдармен көрсетіліп, екі тілде салыстырылды.
Абай жолы романындағы фразеологизмдердің қолданылуын зерттеу мəселесі əлі де жалғаса бермек.
Фразеологизмдердің құрамында дене мүшелерінің атаулары бар фразеологизмдерді соматикалық фразеологизмдер деп атайды. (грекше: soma-дене, onym-атау). Лексикологтардың айтуына қарағанда қазақ тіліндегі фразеологизмдердің 30% жуығы соматикалық атаулардан тұрады екен.
«Анатомиялық атаулар негізгі сөздік қорға жататындықтан, көп мағыналы, туынды сөз жасауға сонша бейімділігімен ғана сипатталмайды, сонымен бірге фразеологизмдер жасаудағы белсенді қызметімен де айрықша көзге түседі». Бір сөздің өзі бір ғана ұғым бермей, әлденеше ұғымға, ортақ атауға айналып кеткен.
Фразеологизмдер құрамындағы сөздердің орын тәртібі, мағынасы, грамматикалық формалары өзгермейді, тіркес тілде дайын күйінде қолданылады.
Тіл білімінде фразеологизмдер тұрақты сөз тіркесінің жасалуына ұйытқы болып тұрған сөздеріне қарап эмотивті фразеологизмдер, соматикалық фразеологизмдер, зоофразеологизмдер, сандық ұғымдардың қатысуымен жасалған фразеологизмдер және тағы басқа болып бөлінеді.
Phraseological somatic
Somatic is use of parts of the body. The term “somatic” is derived from Greek ‘soma’ meaning “body”.
Different sense organs of human body carry out definite sensing functions. Different people’s activities are fulfilled by means of their physical organs that are by their parts of body. On the other hand, human body is an accessible object of man’s observation since his first paces. This unique fact promotes us to consider it through phraseological unit containing names of parts of body. Body parts are called “somatic” established in linguistics, traditionally is used to denote names of body parts. That names of body are one of the ancient fundaments of phraseology.
The term “phrase logical somatic” was the firstly used by E. M. Mordkovich. The opinion was supported by phraseological units consisting of body parts in English language and thus enrich. And phrase logical somatic make English language more figurative.
Kazakh language is rich for the somatic phrase logical units. Phrase logical units are connected directly with a person, understands the world, the environment, because he knows, different phenomena by himself, by comparing them with himself.
Somatic phraseological units denoting person’s characteristics: — thick-headed, — light hearted, etc.
Comparing phraseology of genetically distant language as Kazakh and English allows finding national-cultural peculiarities, their differences and similarities.
Somatic phrase logical units are used in each of these sentences happy person, portray a joyful, etc.
Somatic phase logical units denoting psychological conditions, feelings of people and emotions / to break one’s heart- қабырғасын қайыстыру, to be sick at heart-жүрегі еру; to have no face – беті шыдамау/; somebody’s head – жүрегі аузына тығылды. Somatic phraseological units is denoting human interrelations, to take to one’s heart – бауыр басу, attitudes towards each other: a positive interrelations / to set one’s on upon – жаны құмар, etc.
In English and Kazakh extracts these idioms were used to point out beloved and important persons in heroes’ lives. The idioms considerably increased the figurativeness of the extract and made it more impressive.
Somatic phraseological units is denoting human actions:
- Speaking activities: (to hold one’s tongue-жұмған аузын ашпау, bite one’s
lips – аузын бағу, to wag one’s tongue – аузы аузына жұқпау).
- Hearing activities: (with all somebody’s ears – құлақ салу, to grate
somebody’s ears-құлақ жару).
- Mental activities: (to enter somebody’s head – басына ой түсу, put your heads
together – басын қосу, not to make head or tail of something – басы қату).
- Seeing activities: (to take somebody’s eyes – көзі түсу, to open one’s eyes
көзі ашылу, to keep an eye on somebody — ала көзімен қарау).
Analyzing selected somatic phraseological units we have found similarities and differences in the languages and made the following conclusions:
- There is a group of somatic phraseological units in Kazakh and English languages.
- They can be classified into several groups according to their semantic meanings.
- In order to express emotions, passion and strong feelings English speaking writers use somatic phraseological units with somatic “heart”, while Kazakh writers express emotions with the word “soul-жан”, “mood-көңіл”. Example: to take to heart – жанына бату, light – hearted-ақкөңіл,.
- In both languages phrase logical units consisting of parts of body considerably increase figurativeness and impressiveness of the plots.
- In Kazakh and English languages there are several similarities in denoting some phenomena. Example: an apple of an eye – көздің қарашығы, somebody’s hair stands up on end – шашы тік тұру, to put somebody’s head together – бас қосу.
- Kazakh language is richer for somatic phraseological units than English. To one English idiom we found several different Kazakh equivalents: to keep an eye on somebody – көз қадау,
Соматикалық терминін алғаш рет тіл біліміне финн-угор тілінің маманы Ф.Вакк енгізген, ол эстон тілінің фразеологиясын қарастыра отырып, адам дене мүшесінің бөліктерін соматикалық фразеологизмдер деп атаған.
Сөздердің әр ұғымға жату-жатпауын есепке алмай, жалпы адам біткенге қатысты сөздер мен фразеологизмдерді барынша түгел қамтып көрсету мақсатында сөздікте адамның дене мүшелеріне қатысты екі жүзге жуық сөздер қамтылып, бұлардан туындаған 4200 фразеологизмдер бар екені анықталды.
Қазақ тілінің анатомиялық атауларға қатысты соматикалық фразеологизмдерге соншалықты бай екені байқалды. Әр тілдегі фразеологизмдердің мол қорын жасаудағы адамның дене мүшелерінің қызметін жай кездейсоқ нарсе деп қарауға болмайды.
Адамдар өзіне тән ішкі психологиялық жай күйін, қимыл әрекетін, түрлі құбылыстарға ұқсастырып, бойындағы бар қасиетін айнала қоршаған ортаға салыстыра сөйлеуді әдет еткен.
Мысалы: сөзге шебер, шешен кісі туралы тілге жүйрік, тілі майда, тілі мен жағына сүйенген т.б. деп айтады. Keep a civil tongue in one’s head – «әдепті сөйлеу», тырнақ астынан кір іздеу – «жаманшылық қуу», аузы аққа тию -«айран, сүт ішу», тізесін батыру – «күш көрсету», т.с.с. толып жатқан ұқсас құбылыстарды соматикалық атаулар арқылы жеткізілген.
Фразеологизмдерді мағына жағынан классификациялау ең қиын мәселердің бірі. Қиындық нақты тілдегі сөз тудырушы тәсілдердің бірі болып табылатын осы категорияның өзіндік ерекшелігінен келіп шығады.
Тілі байланды деген фразеологизм «ауру-сырқаудың салдарынан тілі сөйлеуге келмей қалды» деген мағынаны білдірумен қатар, басқаша мән беріп айтатын болсақ, «үні шықпады», «аузына құм құйылды» дегендердің орнына жүретіні белгілі. Lose one’s tongue – «тілін жұтып қою», «үндемей отыру» деген мағынаны білдіреді. Кейде тұлғасы мен құрамы жағынан бір-біріне ұқсамайтын соматикалық фразеология бірліктің өзі кейде бір ғана ұғымды білдіреді. Мысалы: «мылжың», «бос сөзді» деген ұғымды – аузымен орақ ору, тілмен жағына сүйену, тілі ұзын –деп айт аламыз, ағылшын тілінде – wag one’s – «дәмсіз сөйлеу», a long tongue – «тілі ұзын» деген балама сөздермен айта аламыз.
Осы зерттеу жұмыста қолданылған барлық дерексөздерден жиналған адам дене мүшелері атауларынан құралған фразеологизмдерді жинақтап оларға статистикалық талдау жасауға тырысып көрдік.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі соматикалық фразеологизмдерге компоненттік талдау жасау мақсатында фразеологизмдер құрамына кіретін адам дене мүшелерінің атаулары таңдалынды. Олар:
- бас – head
- бет – face
- ауыз – mouth
- көз – eye
- ерін – lip
- кірпік – eyelash
- құлақ – ear
- мұрын – nose
- тіл – tongue
- тіс – tooth
- иық — shoulder
12.қол – hand
- жүрек – heart
14.бауыр – liver
15.бүйрек – kidney
- тырнақ – nail
- аяқ – foot
Сомантикалық фразеологизмдердің пайда болуының негізгі көзі мыналар болып табылады:
- Адамның іс қимылдары мен мимикалық қимылы. (тісін қайрау- to show one’s teeth).
- Адам ағзасының фразеологиялық сезімдері мен рефлекстері: (to feel one’s heart sink-жүрегі үшты).
Жалпы қазақ тіліндегі қарастырылған соматикалық фразеологимдердің
саны – 562 болса, ал ағылшын тілінде – 358 болды.
It’s appeared that the names of our body parts are often used in formation of phraseologisms. They have symbolic character and images understandable for both languages: Kazakh and English. It seems that using the names of different parts of the body, a person tries to express more fully his/her thoughts and makes the greatest impression by his/her speech. It’s interesting that images are similar in these languages.
Қазақ тілі фразеологизмдері | Ағылшын тілі фразеологизмдері |
бас — head | |
Бас қосу | To put somebody’s heads together |
Басы дал болу | Head is gong round |
Су ми | Fur head |
Басына ой түсу | To enter somebody’s head |
Басы қату | Not to make head or tail of something |
Аяғы аспаннан келу | Head over heels |
Ойына сап ете түсу | To appear one’s head |
ауыз – mouth | |
Ауыз тию | To put into mouth |
Аузынан суы ағу | Mouth is watering |
Азабы көп | To have one’s hand’s full |
Ауыз біріктіру | To make common mouth |
Аузы берік | To hold one’s tongue |
Аузынан жырып беру | To share with the last of mouth |
тіл- tongue | |
Тілі қышу | Tongue itches to say |
Тіл қатпау | To wag one’s tongue |
Аузы қышу | To speak in a thick voice |
бет-face | |
Бет шыдамау | To have no face |
ерін – lip | |
Ернін шығару | To pout one’s lip |
Аузына құм құйылу | Bite one’s lips |
жүрек — heart | |
Жомарт жүрек | A big heart |
Жүрегі қақ айырылу | To break heart |
Жүрегі су ету, үрку | Somebody’s heart sink |
Жүрегі аузына тығылу | Have one’s heart in one’s mouth |
Жүрегі еру | To touch the heart |
Шын жүрекпен | At the bottom of one’s heart |
Жүректі жаулап алу | To eat one’s heart out |
Бір нәрсені жүрекке қабылдау | To take something to heart |
Мейірімді жүрек | To have heart of heart kind |
Тас жүрек | A hard heart |
Жаны құмар | To set one’s heart on upon |
Жүрек сырын ақтарды, бөлісті | To open one’s heart to somebody |
Іші жылу | To gladden somebody’s heart |
Ақ жүрек | Open hearted |
көз – eye | |
Көз қырын салу | To keep an eye on |
Көздің жауын алу | Gladden the eye |
Көзбен ату | To make eyes |
Біреудің көзің ашу | To open somebody’s eyes to something |
Көзінің қарашығы | An apple of an apple |
Көзі жарқ ету | One’s eyes flash fire |
Көзі шарасынан шығу | Eyes pepped out of their sockets |
Құралай көз | Doe-eyes |
Көз жұму, көрмеуге тырысу | To shut one’s eyes to something |
Көзді ашып жұмғанша | In twinkling of an eye |
Кірпік қақпай | In the blink of an eye |
Көзін қадау, оқтай қадалу | Fix one’s eyes/ to nag with eyes |
Көзіне шел біту | The eyelids are swollen |
мұрын — nose | |
Таңауын көтеру | Cock one’s nose |
Есте тұту | Put it into your pipe |
Мұрын астындағысын көрмеу | Not to see beyond the end of a nose |
тіс — tooth | |
Аузын басу | To grind one’s teeth |
Тісін қайрау | To show one’s teeth |
қол-hand | |
Қолдан қолға беру | Change hands |
Қолға алу | To take something in hand |
Біреудің оң қолы болу | One’s right hand |
Қолы алтын | Magical hands |
Қолы ұзын | Long hands |
Қол созым жер | Close at hand |
бауыр — liver | |
Бауыр басу | To press to the liver |
аяқ — foot | |
Екі аяғын қолына алып жүгіру | To walk on air |
Аяғы аяғына тимеу | As far as legs can |
иық — shoulder | |
Арқадан жүк түсу | A load off one’s mind |
шаш — hair | |
Шашы тік тұру | One’s hair stands on end |
Болмашы нәрсеге сөйлеу | To split hair |
саусақ — finger | |
Саусақпен санағандай | To count on fingers |
Бармағынан бал тамған | Skilful clever fingers |
құлақ — ear | |
Құлағына құю | To bring in an ear |
Құлағы шалу, құлағы елең ете қалу | Listen with half an ear |
Құлақ салу | With all somebody’s ears |
Құлақтың құрышын қандыру | Have heard plenty of ear |
Фразеологизм алдымен адамдардың ой-сезімін, ара қатынасын, өмір тануын білдіреді, сондықтан өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай келеді. Тіл байлығын сөз еткенде алдымен Абай атамызды еске аламыз. Абайды бүкіл әлемге танытқан біріншіден: өлеңдері мен қара сөздері болса, екіншіден: М. Әуезовтің «Абай жолы» еңбегі болды. Сондықтан зерттеу жұмысымыздың мақсаты- еңбекте қолданылған фразеологизмдерінің қыр-сырын ашу. Біз бұл еңбегімізде роман- эпопеяның 2 томында қолданған фразеологизмдерді беттерімен теріп, түсініктеме жасадық. Зерттеу жұмысының жаңалығы: Абай бұрынғы фразеологизмдерді өзгертіп қолданғанда, екі түрлі әдіске жүгінген: бірі- тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің бір-екеуін өзге сөздермен ауыстырып қолдану, екіншісі — тілде қалыптасқан тұрақты тіркестің идеясын алып, соның ізімен жаңасын жасау. Абай қазақ әдеби тілінің,оның ішінде өлең тілінің фразеологиялық құрамын байытып, жаңа түрлерін қосты.
Currently, Kazakh phraseology — one of the unexplored area of linguistics. Idiom serve as a means of imaginative reflection of the world, they absorb mythological, religious, ethical representation of the peoples of different eras and generations. That is why the role of phraseology in our speech is very noticeable. Eaten idioms appropriate to enliven and decorate as a spoken language and literary works. Perhaps that is why, the problem of phraseology research is relevant to modern linguistics. After work on the study of phraseology is still ongoing. When we talk about the richness of the language, it immediately reminded of Abai. Abaya propelled worldwide: songs and words of edification and work M.Auezov «Abai Joly». Thus the aim of our research work uncovering the mysteries of phraseology. The novelty of the research: application of the two methods in the first place that would change the phrase used Abaya other words and use them in speech, and secondly to grasp the idea of fixed expressions and create new ones. Abai Kazakh literature using enriched in their songs turns of phrase, and made new species.
“Абай жолы” романындағы кездесетін соматикалық тұрақты тіркестер:
№ | Қазақша тұрақты сөз тіркестері | мағынасы | Ағылшын баламасы |
№ | көптің құлағына сіңген сөз (5-бет) | белгілі сөз | famous words |
1. | қомағай көздер (8-бет) | тойымсыз | hungry |
2. | салқын көз тастау (11-бет) | ұнатпау | dislike |
3. | көз ашылар күн бар ма | құтылy | get rid of |
4. | отты тілді | турашыл | relational |
5. | бас салып бақыртып тоңау | ашық тонау | robbery |
6. | мұрттай ұшқан | ауырып қалу | pain |
7. | ақ түйенің қарны жарылды (29- бет) | қуаныш | joy |
8. | қабақпен табысатын ел | тату | get along |
9. | шаш ал кесе, бас алғандай (32- бет) | сотқар | rude |
10. | шам отындай көз (36- бет ) | жарқыраған | sparkling |
11. | қолды аяқты баладай | жұмсауға жақсы | well to spend |
12. | көзіне көз қадап (42-бет ) | мұқият қарау | look carefully |
13. | салқын қабақпен қарсы алған (4 бет ) | жақтырмау | dislike |
14. | тұмсығың тасқа тигендей (54-бет ) | сый көрмеу | don’t respect |
15. | жүдеу қабақпен айтқан сөз (54-бет) | шарасыз | incompatible |
16. | салқын, сызды қабағын ашқан жоқ | ұнатпау | dislike |
17. | арсыз тіл (60 бет ) | ұятсыз | obscene |
18. | надан кеуде | білімсіз | uneducated |
19. | жүрегі тоңазып, қатты бүрісіп кетті (60-бет ) | түршігу | impatience |
20. | сөзі қақ бастан қамшымен ұрғандай болды (63-бет) | төбеден түскендей | down the head |
21. | тісті тіске қойып отырған шақ (74-бет) | аштық | hunger |
22. | оттай қызып қайнаған кеуде (81-бет) | ыза кернеген | anger |
23. | көптің көз жасына ұшырап отыр (92- бет ) | қарғыс алу | curse somebody eyes |
24. | қырым еті жоқ қу басын неғыламын (104-бет) | жалғыз кедей адам | only poor man |
25. | басы ауырып, балтыры сыздаса (101-бет) | жаны ашыса | head is gong round |
26. | көзіне көк шыбын үймелеу (102-бет) | пәлеге қалу | to open somebody’s eyes to something |
27. | жарғақ құлағы жастыққа тимей (165-бет ) | тынымсыз | with all somebody’s ears |
28. | отқа қолы күйген (165 бет) | жамандық көрген, жолы болмаған | to take something in way |
29. | түнді көз ілмей өткізді(168 бет) | ұйқысыз | in the blink of an eye |
30. | ұстаған жерде қолы, тістеген жерде тісі кетерлік (169-бет) | айтқанын істейтін | to show one’s teeth |
31. | табанын көк жалаған етіктер (170-бет) | көп жаяу жүрген | walked with a long way |
32. | көз қырынан қақас қалмау (176-бет) | бақылау | to keep an eye on |
33. | сөздерді тіл ұшымен айтқан болады (228-бет) | жай айтқандай | to wag one’s tongue |
34. | көзбе –көз отырып сөйлесу (245-бет) | екі адамның сөзі | fix one’s eyes/ to nag with eyes |
35. | көзі көш жерде (245-бет) | алыста | far away |
36. | құр алақан қалдыру (265-бет) | ештенесіз қалдыру | nothing left |
37. | ауыз жаласу (285-бет) | сөз байласу | to tell with the last of mouth |
38. | мұрты астынан езу тарту ( 314-бет) | күлімсіреу | smile under the |
39. | құлағы жастыққа тимейді ( 331-бет) | дамылсыз | unstable |
40. | шойын жұдырығымен ( 375-бет) | үлкен | with huge fist |
41. | иыққа иық тіресу (393 –бет) | өзара көмек | help each other |
42. | жүрегім аузыма тығылып оянамын (410-бет) | шошу | have one’s heart in one’s mouth |
43. | отты көздер ( 411-бет) | ашулы | gladden the eye |
44. | маңдай термен жеген (420-бет) | еңбектенген | eat with forehead |
45. | сақ құлақ (59 бет, 2 том) | тез ұғатын | |
46. | таңдай қағып(60 бет, 2 том) | таң қалу | |
47. | көз тоқтатты(64 бет, 2 том) | қарады | |
48. | ыстық жүрекпен(5 бет ,2 том) | жылы лебізбен | |
49. | көз шырымын алдым(5 бет, 2 том) | демалып алу | |
50. | салқын көзбен(9 бет, 2 том) | сұқтана қарау | |
51. | өз бойын тежеп(9 бет, 2 том) | өз-өзін ұстау | |
52. | еті түгіл, сүйегінен өтті(15 бет, 2 том) | ауыр сөз | |
53. | қоян-қолтық(4 бет, 2 том) | жақын араласу | |
54. | басыма күн туды(284 бет) | қиыншылық туды | |
55. | аузына келгенін айтты(285 бет) | ойланбай сөйлеу | |
56. | бас бұрмау(32 бет) | мән бермеу | |
57. | басы қалғыр(32 бет) | беріліп кету | |
58. | көзі жетпесе(34 бет) | дәлелденбеген | |
59. | жоғалт көзін(36 бет) | алып кетіңдер | |
60. | қолы бос (2 том) | ештеңе істемеу | |
61. | құлағын төсей (2 том) | мән беріп тыңдау | |
62. | басыңа әңгір таяқ орнатады 2 том | таяқ жейсің | |
63. | табанымнан таусылып 2том | көп жүру | |
64. | көзіңді ағызайын 2 том | жылату | |
65. | иегі кемсеңдеп 2 том | жылау | |
66. | аузы аштырмау 2 том 15 бет | сөйлетпеу | |
67. | бетпе-бет отырып. 2 том | қарама-қарсы | |
68. | жүрегі елжіреп. 2 том 74 бет | аяныш сезім | |
69. | жаны ашып. 2 том | сезім | |
70. | аузы-аузына жұқпай . 2 том | тез сөйлеу | |
71. | қамшы өз бетіңе тиген. 2 том | өзіңде опық жеу. | |
72. | көзі күлімдеп. 2 том 118 бет | мейірімділік | |
73. | жүзі ду ете қалды 2 том 118 бет | ызалану | |
74. | сүйсіне қарау. 2 том 120 бет | жақсы көріп қарау | |
75. | ақылды көзбен қарау 2 том ,121 бет | дұрыс жағынан. | |
76. | Еті тірі 2 том, 128 бет | ширақ адам | |
77. | қатал қабақ 2 том 128 бет | ашулану | |
78. | өмірі көз алдынан өтті. 2 том | қорқу | |
79. | жүрегінен орын алған. 2 том , 142 б | бауыр басу | |
80. | |||
81. | |||
82. | |||
83. | |||
84. | |||
85. | |||
86. | |||
87. | |||
88. | |||
89. | |||
90. | |||
91. | |||
92. | |||
93. | |||
94. | |||
95. | |||
96. | |||
97. | |||
98. | |||
99. | |||
100. |
Қорытынды
Қазіргі кезде көп тілді білу, соның ішінде соматикалық фразеологизмдер қолдану білімді, сауатты адамға қажет.
Әр тілдің әдеби айшығын келтіретін дүниелерді атасақ: фразеологизмдер, идиомалар, мақал – мәтелдер екенін білеміз. Екі тілдегі кейбір соматикалық фразеологизмдер лексикалық, грамматикалық өзгешеліктері болғанымен, құрылымы ұқсас, мағыналық түйіні бірдей екені белгілі болды.
Қорыта келгенде, дене мүшелерінің атаулары – сөздік қордың өте ертеден келе жатқан көне тобы болып табылады. Сол себепті де соматикалық атаулардың фразеологизмдер құрамында көптеп кездесуі заңды. Соматикалық фразеологизмдердің жасалу жолдарын қарастырдық, олардың арасында біріншіден логикалық байланыс, екіншіден образ тұтастығы бар екен.
«Абай жолы» романында кездескен соматикалық фразеологизмдерді аудару арқылы яғни екі тілдегі соматикалық фразеологизмдерді зерттеу, оны ауызекі тілде игерумен қатар пайдалану — біздің зерттеу жұмысымыздың ең негізгісі болмақ.
Алдағы уақытта «Абай жолы» романындағы кездесетін соматикалық фразеологизмдерді одан әрі тереңдете зерттеп, ағылшын тілінің соматикалық фразеологизмдерімен салыстыра отырып, санын ұлғайтумен айналысамыз деген ойдамыз.
Қолданылған әдебиеттер: алфавит бойынша кою
- Сопоставительный анализ соматических фразеологизмов английского языка. www.lib.ru.net
- Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы, 1977 жыл, 712 бет.
- 3. Вакк Ф.О. О cоматической фразеологий в современном языке. Таллин, 1964. – 18 бет.
- 5. Мордкович Э.М. Семантико-семантические группы сомантических фразеологизмов. Новосибирск, 1971 жыл, 429 бет.
- 6. Өтебаева Ш., Садыбекова Б.А. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі соматикалық фраезологизмдер. Білім — №6, 2010 жыл, 33-36 бет.
- Авакова Р.Ә Фразеологиялық семантика. Алматы, 2002 жыл, 53-55 бет.
- Болғанбаев Ә., Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: Санат, 1997. – 255 б.
9. Сатенова С. Қос тағанды фразеологиялық тіркестердің авторлық қолданысына қарай өзгеруі / Тіл тарихы және сөз табиғаты. – Алматы: Ғылым, 1997. – 85-89 бб.
10. Смағұлова Г. Фразеологизмдердің синонимдік қатарлары . Тіл тарихы және сөз табиғаты. – Алматы: Ғылым, 1997. – 89-96,бб.
11. Қоңыратбаева Ж. ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдер – Алматы: 2002. – 30 б.
12. Мұхтар Әуезов. «Абай жолы» романы. 2 том