Р.Байсейітов атындағы

«Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК

тарих пәні оқытушысы

Қуанышева Кульпаш Бадешовна

 

ТАРИХ САБАҒЫНДА ЖОБА ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

Бүгінгі ғаламдану кезеңінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігінің даму тенденциясынан ажыратып қарастыру мүмкін емес. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру, даму жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиясының бағыттарына сәйкес, халықаралық білім кеңістігіне кірігу және жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарттарын модернизациялау жалпы орта білімнің мазмұнды және процессуалды жақтарын ұйымдастырудың жаңа әдіснамалық негізіне көшуі нәтижеге бағдарланған білім моделі арқылы жүзеге асырылатыны көрсетілген.

Осыған орай, мектепте білім мазмұнын жақсартудың алғы шарттарының бірі — дарынды балаларды тәрбиелеп жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін дамытуға мүмкіндік туғызу. Баланы оқыту мен тәрбиелеуде психо-педагогикалық жағдайды шешу үшін түрлі іздену жұмыстары арқылы дарындылығын анықтап және олардың жетілуіне тиімді жағдай жасау жолға қойылған.

Оқушылардың ғылыми қоғамы — оқушыларды ғылыми ұғымдармен, зерттеу әдістері жайлы білімдермен қаруландыруға, зерделенетін әдістерді практикада қолдана алу үшін қажет біліктілігін жетілдіруге, оқушылардың ғылыми ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жауапкершілікке, ғылыми мәдениетке, ғылыми жүмыстың әлеуметтік ролін түсінуге тәрбиелеуге үйретеді.

Ел президенті Н.Назарбаевтың  Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі.  “Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”. Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан дарынды оқушымен жұмыстың негізгі  мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби  біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

^ Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:

·    дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

·    дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;

·   оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

·    дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

·    дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

·   дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

^ Дарындылықты қалай дамытуға болады?

·        оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.

·        Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);

·    Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);

·        Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);

·        Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы

  • Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;

Оқушы бойындағы дарындылық:

  1. Шығармашылық қабілеті артады, ғылыми жұмыстар жазады;
  2. Ұйымдастыру қабілеті жоғары болады;
  3. Өз ойын, пікірін толық жеткізе алады;
  4. Рөлдерде ойнай алады
  5. Жан-жақты сұрақтар;
  6. Талдау;
  7. Салыстыру;
  8. Қосымша білім көздері

Дарындылық- адамның ой-өрісінің деңгейі мен өзіндік іс – әрекетінің ерекше өрістеуіне себепкер болатын, адамның жан – жақты дамуының қайнар көзі, жеке дара қабілеттердің шарықтап дамуының нәтижесі.

Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі,сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда дарынды баланы дамыту мен анықтаудың қажеттігі туындап отыр.Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында шығармашылық тұрғыда ойлаушы,тәуелсіз жеке адамды дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, оқушылардың жеке басының қабілеттілік жақтарына терең үңіле бермейміз.Дарындылық табиғаты шексіз. Сондықтан, бала бойындағы бұл қасиетті ары қарай ұмтылдырып дамыту мектептің алдындағы басты мәселе. “Дарынды бала дегеніміз- айрықша жетістіктермен ерекшеленетін және іс- әрекет барысында осындай жетістіктерге ұмтылатын баланы айтады”,- деп “Дарындылық тұжырымдамалары ”атты психологтар дайындаған құжатта анық айтылған.Көбінесе мұғалімдер арасында “Дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы”деген пікір жиі кездеседі. Белгілі ағылшын психологы П.Торранстың зерттеулері бойынша қисынсыз сұрақтар қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбінесе түсініспеушілік туғызатын әр нәрсеге көзқарасы бөлек, нашар оқитын оқушылар арасында да шығармашыл дарын кездесетіні анықталған айтылған.

Балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы қажет.Биік танымдық қабілет тұрмыс – тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс, білсем деген қызығушылық баланың ерте жасынын туындайды.Сондықтан дарынды бала бастауыш сыныптан таныла бастайтынын үнемі есте ұстауымыз керек. “Бұлақ көрсең – көзін аш”деп дана халқымыз айтқандай баланың бойындағы дарындылықты дамыту, толықтыру оларға бағыт беру. Дарынды баланың бойындағы дарындылықты дамыту, толықтыру оларға бағыт беру дарынды баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, үнемі алға жылжуына жол сілтеу мұғалімнің міндеті.

Оқушының бойындағы дарындылық негізі анықталған соң мұғалім белгілі бір талап және бағыт – бағдар бойынша жұмыс жүргізеді.

Осыған байланысты оқушы бойындағы дарындылықты анықтауда және жетілдіруде мұғалім іскерлігіне қойылатын талаптар мына төмендегідей болу қажет.

  • Оқушымен жақсы қарым-қатынаста болу;
  • Дарынды оқушымен жұмысқа қызығушылық таныту;
  • Түрлі әдістерді іздеу;
  • Дарынды оқушылардың ата-анасымен байланыс жасау;
  • Дарынды оқушыларды зерттеу үшін психо- диагностикалық күнделік жүргізу;
  • Дарынды оқушыларға арналған тереңдетіген бағдарламалар құрастыру;
  • Дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындау;
  • Оқушының ғылыми – ізденіс жұмысына жетекшілік ету.

Дарынды баламен жеке жұмысты жүргізген кезде мұғалімдер ұстанатын белгілі бір бағыттар болу шарт. Себебі, оқушы дарындылығын, қабілеттігін қалай анықтау керегі туралы сұрақ қоя отырып, оған талмай жауап іздеген мұғалім ғана дарынды баламен жұмыс істей алады.Мұғалім әр оқушының жеке тұлға ретінде қамтамасыз ету қажет болғандықтан баланың қабілетін дамыта тиянақтау үшін оқушыны зерттеуге дайындау керек. Оқушылардың ізденушілік қабілеттерін айқындау кезінде ғылыми әдебиеттерде түрлі терминдер кездеседі:ғылыми зерттеу жұмысы, зерттеу жүргізу, зерттей оқу т.б. Сондықтан мұғалім дарынды баламен жұмыс кезінде түрлі әдістерді,яғни зерттеу әдісін, шығармашылық ізденісті ояту әдістерін кеңінен қолданады.Шығармашылықпен жұмыс жасап ізденген адам ғана биікке қол жеткізе алады.

Зерттеушілік пен ізденушілік – дарынды баланың табиғатына тән құбылыс.

Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті,шапшандықты ерекше ой – қызметін,мол шығармашылық мүмкіндікті қажет етеді. Сол сияқты өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына бұра біу қабілеттілігіне де ие болады.

Шығармашылық тура мағынасында жаңалық ашу дегенді білдіреді. Шығармашылық тәртібінің маңызды сипаттамасы – зерттеу. Зерттеу – дарынды балалардың оқытудың негізі.Зерттеусіз баланың потенциалды қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес.

 

Сондықтан да мұғалім әр сабақ барысында оқушыларға мынадай талаптар қойып жұмыс жасау қажет:

 

  • қоршаған ортамен тығыз байланыста болу;
  • ойлау, қабылдау қабілеттерін арттыру;
  • алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;
  • өзіне-өзі сараптама жүргізіп, өзін-өзі бағалай білуді меңгеру;
  • Басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);

 

Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты-олардың щығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Бұл жерде мұғалім қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу керек.С.Л.Рубенштейн, Е.Н.Кабанова-Миллер және басқалар өз зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі алғышарты екенін дәлелдеді.

Бұл-үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептер өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиелеп шығарады.

Осы нәтижелерді ескере отырып дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдер Г.Г.Лидерс еңбегінде көрсетілген “Astor” бағдарламасын пайдалануы керек. Ол:

Кеңпейілділік;

Дарынды балалардың қызығушылығы мен қажеттілігін танып және олардың психикалық ерекшеліктерін білу;

Интеллектуалдық деңгейдің жоғары болуы;

Қызығушылығы мен шеберлігі кең көлемде болуы;

Педагогикалық білімнен басқа да жоғары білімі болуы керек;

Әр түрлі міндеттерді атқаруға дайын болу керек;

Мінезінде әр түрлі нәрсеге белсенділік басым болу керек;

Қалжындық қасиеті болу керек;

Өзінің көзқарасын қайта қарауға және өзін жетілдіруге дайын болу керек;

Шығармашылық мүмкіндігінде дәстүрлі емес жеке дүниеге көзқарасы болу керек;

Жоғары оқу орнынан кейін дарынды балалармен жұмыс істеуге бағытталған дайындық курсынан өту керек;

Мықты денсаулық және өмірлік іс-әрекетті меңгеру керек.

Бұл арада мұғалімнің психология, физиология және гигиена саласындағы біліктілігін арттыруының да маңызы бар. Белгілі бір топтағы шәкірттердің түсіну, ұғу, ойлау қабілетінің психологиялық ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін білу, оларды жалықтырмай, шаршап-шалдығудан сақтандыру, сабақ кезінде балалар арасында шығармашылық ахуал туғызу оқытушы жұмысының тиімді болуының қажетті шарты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауында: «Бәсекеге қабілетті елге айналуымыз үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс» деп атап көрсеткен. Олай болса, қазіргі таңда мектеп қабырғасынан бастап оқушылардың дарынын тану мен оны шыңдау ХХІ ғасыр мұғалімінің басты міндеттерінің бірі.
Шығармашылық дегеніміз – оқушылардың даралық бейімділіктері мен қабілеттерінің көрінуі. Ал бейімділік бұл – адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бет-бұрысы, оған көңілінің аууы, қабілеттің алғашқы бейнесі.

Қабілетіне қарай тапсырма беру арқылы оқушының қабілетін ашып, дамытуға жан-жақты жағдай жасағанда ғана мақсатқа қол жеткізуге болады.

Қорыта келгенде айтарым, дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, білімге деген құштарлыған арттыру – біздің басты парызымыз. Дарынды балаларды тәрбиелеуде шығармашылықпен еңбек ету- бүгінгі өмір талабы, ал жаңа технологиялар соған зор мүмкіндіктер беріп отыр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңының» 1 тарауында «жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту қажет»,- деп көрсетілген. Дарындылыққа тән ақыл, ой, білім, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді бойына сіңіріп, дұрыс бағытта тәрбиеленген адам, елінің өркендеуіне пайдалы үлес қоса алатыны сөзсіз. О.Бальзактың “ұдайы еңбек ету — өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық  қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.

^ Мұғалімнің ТЭЖ тақырыбы: 

«Тарих сабағында жоба технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру»

3 кезеңдегі ТЭЖ-дің жоспары

Міндеттері Шешу жолдары мерзімі
Тәжірибеге зерттеу, ізденіс бағдарламасын енгізу Әдістемелік апталықтарында ашық сабақ өткізу Жыл көлемінде
Қазіргі кздегі жетістіктердің талдамасы Тақырыптық тесттер, эссе жазу Қыркүйек, қазан
Жаңа технологияларды енгізу арқылы оқушылардың түйінді құзіреттіліктерін қалыптастыру қалалық семинар,

ашық сабақ

ақпан
Оқушылардың бойындағы тақырыпқа деген қызығушылықтың қалыптасуы Әдістемелік бірлестікте қарастыру, педагогикалық кеңесте баяндама жасау қараша
Осы кезеңдегі нәтиженің тиімділігі Психологиялық диагностика желтоқсан
Түзету жұмыстары, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану Оқушылардың мектепішілік қалалық жоба сайыстарына қатысуы Қараша, сәуір

^ ТӘЖ- дің сараптамасы

1. Тәжіребеге зерттеу бағдарламасын жалғастыру және енгізу, мұғалімнің жұмыс түрін анықтау арқылы оқушылардың түйінді құзіреттіліктерін қалыптастыру.

2. 5-8 сынып оқушыларының бойындағы түйінді құзыреттіліктердің қалыптасуын анықтайтын аралық байқау-бақылау жұмыстары жүргізілді, мектеп психологтарымен талдау жүргізілді.

3. Тақырыптық- эксперименттік жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында мұғалім жаңа педагогикалық курстық дайындаудан өтті.(СТО технологиясы).

4. Оқушылардың бойындағы түйінді құзіреттіліктердің қалыптасуы ҰБТ-ға дайындық кезінде және жобалық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болғанынан көруге болады.

Өз сабақтарымда дарынды балалармен мына салаларда жұмыс істеймін:

  • Ғылыми-зерттеу жұмыстармен айналысу (Тақырыптары: «Өлкеміздегі оралмандардың жағдайы», «Ұлы Отан соғысына қатысқан шығысқазақстандықтар», «Өскемен қаласындағы мүгедектер мәселесі», «Ертіс өзенінің ластануы»)
  • Қашықтық жобаларға қатысу;
  • Қалалық олимпиадаларға қатысу;
  • Тақырыптық түрлі сайыстар;

Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп  оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Қолданылған әдебиеттер:

1.     ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.

2.     Н.Назарбаев “Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек”.//”Егемен Қазақстан”. 31 мамыр. 2000 ж.

3.     Бабаева Ю.Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1997г.

4.     Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. – Алматы. “Ғылым”. 1988г.