А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында
2020-2021 оқу жылында Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмысы туралы

Елбасының «100 нақты қадам» -Ұлт жоспарындағы 13-қадамы жемқорлыққа қарсы күресті күшейту міндеттерін іске асыруда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, жергілікті әкімдіктердің қолдауымен білім беру ұйымдарындағы мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру аясында А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында 3- 11 сынып оқушылары арасында «Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубы құрылып, іс-шаралар жоспарланып, ұйымдастырылды.

Клубтың мақсаты — мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту, білім және мәдениет деңгейін арттыру. Сондай-ақ, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы рухани адамгершілікке және азаматтық патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асырып, жастардың саяси-құқықтық білімін тереңдетуге ықпал етеді.
2020 жылдың 17-қаңтары бірыңғай жалпыреспубликалық «Адалдық сағаттарын» интерактивті түрде өтуді жоспарлады. Осы жоспарға сәйкес17.01.2020ж. күні Республикалық біріңғай «Жас ұлан» жасөспірімдер ұйымының қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау жұмысы жүргізіліп мектеп-гимназия Instagram желісінде жарияланды.

Ата-аналар жиналысында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмысы туралы түсіндіріп, айтылды.

Оқушылардың құқықтық санасын қалыптастырып, дамытуда сыныптан тыс құқықтық тәрбие берудің маңызы ерекше. 8-10 сыныптар арасында мектеп әкімшілігі, ұстаздар қауымы және оқушылардың қатысуымен «Біз жемқорлықты қалай жеңеміз?» тақырыбында сынып сағаттары, бастауыш сынып оқушылар арасында
Өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансуйгіштік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департементі 2020 жылдың 17-қаңтары бірыңғай жалпыреспубликалық «Адалдық сағаттарын» интерактивті түрде өтуді жоспарлады. Осы жоспарға сәйкес №139 мектеп-гиназияда 17-18 қаңтар күндері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар легі болып өтті. 17-қаңтары күні сағат 12:00 де 7-11 сыныптар арасында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң негізінде интерактивті тақтаны пайдалана отырып «Парасаттылық,әділдік, шынайылық» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында ашық сабақтар өтілді. Қорытындысы мектеп-гимназия «Адалдық сағаты» бірыңғай республикалық акциясы бойынша есептік ақпарат
№ Аймақтың атауы Қамтылған мектептер мен оқушылар саны Жергілікті БАҚ –тағы жариялым
(сілтеме) БАҚ-қа жариялану бойынша ақпарат
(жарияланған материалдар саны) Оның ішінде республикалық БАҚ-қа сілтеме
1. Әуезов ауданы
№139 мектеп-гимназия
860 Мектеп жанынан шығатын «Елсана» газеті

2 https://www.instagram.com/p/B4yrJQmF-wb/?igshid=1aa3t8uah9ilb

https://www.instagram.com/p/B4hCLL9lxB7/?igshid=cecivs7wfpzr

Мектеп-гимназияда оқушылардың бойына адалдық пен парасаттылықты дәріптеу мақсатында тәрбие орталығының басшылығымен «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» ұйымдары жұмыс жасайды. Мектептің ақпарат тақталарында сыбайластық жемқорлыққа қарсы сенім телефондары ілінген.

Оқушылардың халқына адал қызмет ететін, отанын сүйетін азамат пен азаматшалар болып қалыптасуына ықпал ету мақсатында осындай салмақты іс-шаралар жалғасын таппақ. Парасат пайымы ұшқыр, 2050жылыға дейін дамыған 30 елдің қатарына сенімді аяқ басатын ұрпақ тәрбиелеуде мектептің алар орны мен жауапкершілігі жоғары екендігі анық. Осындай жауапкершілікті сезіне отырып оқушылардың бойына сыбайластық жемқорлыққа қарсы мәдениетті терең бекітуге атсалысамыз.
«Өз құқықтарымызды білеміз бе?», «Адамгершілік асыл қасиет » тақырыптарында 1-11 сыныптарда Zoom арқылы онлайн

тәрбие сағаттары өткізілді.
Мектеп-гимназияда оқушылардың бойына адалдық пен парасаттылықты дәріптеу мақсатында тәрбие орталығының басшылығымен «Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубына қабылдау рәсімі.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен мектепішілік «Адал ұрпақ» бұрышы жасалынды.

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Д.Қабдылов