БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ!!!

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық  мерейтойына орай Республикалық «ЖАС ДАРЫН» және «ӨРЛЕУ» порталдарының

ұйымдастыруымен  жасөспірімдер арасында өтетін «Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев» атты онлайн байқау жарияланады.

Байқаудың мақсаты:

Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақиық ақын  Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойын республикалық көлемде атап өту және ақынның мол мұрасын жас ұрпақтың жадында қайта жаңғырту, шығармашылығымен таныстыру, поэзияның құдыреті мен өлеңдерін, әндерін таныту. Поэзияны түсіну, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің болашақ тұлғаларын даярлау арқылы сапалы қаламгерлер мен оқырмандар қалыптастыру, ұрпақтар сабақтастығын нығайту. ҚР Білім және ғылым министрлігінің енгізген қашықтықтан оқыту жүйесінің талаптарын сақтай отырып, өскелең ұрпақты ана тілін, ұлтын, туған жері мен табиғатын аялауға, шығармашылыққа шақыру.

Байқаудың шарттары: Байқау 3 кезеңнен тұрады:

1.«Қара өлеңнің құлагері» атты бейнеролик дайындау кезеңі;

Оқырмандар ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған бейнеролик жасайды. Жазушы туралы бейнеролик түсіру көлемі 2 минуттан кем болмауы және 5 минуттан аспауы керек.

2.«Поэзия, менімен егіз бе едің?!» атты көркемсөз оқу кезеңі;

М.Мақатаевтың шығармашылығынан бір өлеңді мәнерлеп оқу. Байқауға қатысушы ақынның бір өлеңін ғана таңдап, нақышына келтіре мәнерлеп оқу, уақыты 3 минуттан аспауы шарт.

3.«Есіңе мені алғайсың» атты ақын өлеңіне жазылған әндер кезеңі;

Ақынның өлеңіне жазылған әндерді орындау. Байқауға қатысушы ақынның  өлеңіне жазылған бір әнді орындайды, уақыты 3 минуттан аспауы шарт.

Қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды.

МАРАПАТТАР: I, II, III дәрежелі дипломдар, 5 қатысушының жұмысын ұйымдастырған жетекшіге АЛҒЫС ХАТ, 15 қатысушының жұмысын ұйымдастырған жетекшіге «ӨРЛЕУ» порталы атынан

«ШЫҒАРМАШЫЛ ҰСТАЗ» төсбелгі алу үшін, жарнасы 1000 теңгеден ең көп қаралым (просмотр) жинаған қатысушыға «ЖАС ДАРЫН»төсбелгісі жолданады (саны шектеулі).

БАЙҚАУДЫҢ ӨТУ УАҚЫТЫ:01.02-10.03.2021ж.

ҚАТЫСУ ЖАРНАСЫ:  1000 теңге ( электр.диплом).

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТ: KASPI GOLD 5169 4931 4682 3888  

+ 7705 5553380

ЕСКЕРТУ: Қабылданған материалдар инстаграм желісінде orleu_portaly   парақшасында міндетті түрде жарияланады. Байқау нәтижесі 3-5 күн аралықта WhatsApp +7705 555 3380 желісінде статус бөлімінде және инстаргам парақшасы orleu_portaly актуальное бөлімінде  нәтижесі жарияланады. Қабылданған материалдарда орфографиялық қателер болмауын сұраймыз.