ТАСТАНБЕК  ТАССАУИН  ІҢКӘРБЕКҰЛЫ

Информатика пәнін және ақпараттық процесстерді оқыту әдістемесі

 Жоспар

 Информатика пәнінің білім беру жүйесіндегі орны

  • Ақпарат ұғымы және ақпараттық үдерістер

 Ақпараттық процестер тақырыбына арналған сабақ жоспарлары

 

  1. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

  • Информатика пәнінің білім беру жүйесіндегі орны

Оқушы білімінің қалыптасуы қашанда мұғалімнің сабақты ұйымдастыра білуіне, жаңа материалды жүйелі түрде баяндауда әртүрлі әдістерді қолдана отыра жеткізуіне байланысты.

Информатика пәнінен оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта-ықыласын көтеріп, олардың бұл пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы – информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу.

Информатикадан өткізетін сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік мазмұнын ұйымдастыруда және өткізуге өзіндік ерекшелігі, өзінің формасы мен әдістері бар. Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыстар мұғалімнің дайындық дәрежесіне және әдістемелік ептілігіне, оқушылардың дайындығына, мектеп төңірегіндегі өндірістік обьектілерге, информатика какбинетінің жабдығына, техникалық мамандықтарға кәсіби бағдар беру мүмкіндігіне байланысты өтіледі.

Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі – білім беру мен оқыту теориясын зерттейтін педагогиканың дидактика деп аталатын саласына жатады. Дидактиканың талабына сәйкес информатиканы оқыту тек білім берумен шектеліп қалмай, тәрбиелеу мақсатында қамтиды. Себебі, оқыту теориясы оқушыларды білім, іскерлік пен дағды қалыптастырумен бірге, олардың шығармашылық қабілетін дамытуға қамтамасыз ететін тәрбиенің біртұтас бөлігі және жеке тұлғаны қалыптастырудың, оқушының ақыл-ойы мен білімін дамытудың маңызды құралы.

Информатиканы оқыту әдістемесі ең алдымен ғылым мен техниканың дамуына тікелей байланысты. Информатика – компьютер арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек компьютерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен қолдану заңдары мен тәсілдері туралы мәліметтер беретіні болып табылады.

 

  • Ақпарат ұғымы және ақпараттық үдерістер

 

«Ақпарат» термині латынның «Information» — түсіндіру, баяндау, білу деген сөзінен шыққан. Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез – келген керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.

Жалпы тұрғыдан алғанда, ақпарат – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.

Сонымен, ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.

Ақпараттың түпкі заттық мазмұны оның негізгі қасиеттерін – дәлдігі мен толықтығын, бағалығы мен қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға көмектеседі.

Ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ ақпарат оны түсінбеушілікке және соған байланысты теріс шешім қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Егер ақпарат оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Ақпараттың толық болмауы ол жөнінде белгілі бір тұжырымға келуге кедергісін тигізіп, қателікке ұрындыруы мүмкін.

Ақпараттың бағалылығы – оны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше алатынымызға байланысты болады. Өзекті (дер кезінде берілген) ақпарат жұмыс шарттары өзгерген жағдайда өте қажет болады.

Егер бағалы әрі өзекті ақпарат түсініксіз сөздермен жазылса, оның пайдаға аспайтыны өзінен-ақ белгілі.

Ақпарат түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электрлік сигналдар, магниттік жазба және т.б.

Компьютердегі барлық ақпарат тек қана екілік санау жүйесінде өңделеді. Екілік санау жүйесінің сандарын бит (Bit) деп атаймыз. 1 байт (Byte) 8 биттен тұрады. Ақпараттың негізгі бірлігі байт болып есептеледі. Байтта тек қана бір символ сақталады.

1 байт = 8 бит

1 Кбайт (килобайт) = 1024 байт = 1000 байт

1 Мбайт (мегабайт) = 1024 Кбайт = 1 миллион байт

1 Гбайт (гигабайт) = 1024 Мбайт = 1 миллиард байт

Мысалы, 5 сыныптың информатика оқулығы 240 беттен тұрады, ал әр бетте 38 қатар, әр қатарда 68 символдан бар. Оқулықта ешқандай да сурет жоқ, тек қана мәтіннен тұрады деп есептесек, онда 240*38*68=620 160 символ немесе 620 160 байт, яғни 620 Кбайт ақпараттық мәлімет бар.

Ақпараттың өлшем бірліктері арқылы әрбір ақпараттың бірлік уақытта таратылу жылдамдығын анықтауға болады. Ақпараттың таратылу жылдамдығы бірліктерде былай анықталады: бит/с, байт/с, килобайт/с және т.б. мысалы, телефон желісі арқылы таратылатын ақпарат жылдамдығы 4 Кбайт/с-ке тең, ал адам баласының мәтін оқу жылдамдығы 38 байт/с, сөйлеу жылдамдығы шамамен 16 байт/с-ке тең.

Информатика – есептеу техникасы құралдарының көмегімен ақпаратты қабылдау, құру, сақтау, түрлендіру, өңдеу және жеткізу тәсілдерін жүйеге келтіретін техникалық ғылыми пән. Яғни, информатика – ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым.

Ақпараттық процестерді өңдейтін негізгі құрал – компьютер. Ақпаратты автоматты өңдеу – бұл арнайы түзілген программа бойынша адамзат баласының қатысуынсыз негізгі мәліметтерді енгізгеннен кейін қандай да бір нәтижеге жеткенге дейінгі ақпараттың өңделуі.

Негізгі мәліметтер құрамы мыналардан тұрады:

Мәтіндік ақпарат – оқулықтағы мәлімет, дәптердегі шығарма, ауа райы, радио арқылы таратылған мәлімет т.б.

Сандық ақпарат – көбейту кестесі, арифметикалық мысал, хоккей ойынының есебі және т.б.

Графикалық ақпарат – суреттер, схемалар, сызулар, фотосуреттер және т.б.

Музыкалық (дыбыстық) ақпарат – дыбыс, музыка.

Бейне ақпарат – түрлі-түсті графика, дыбыс, көркем фильмдер, екі өлшемді, үш өлшемді қозғалмалы объектілер.

Информатика пәнінің негізгі мәселесі – есептеу техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу.

Ақпарат теориясы ықтималықтар теориясы, математикалық статистика, сызықтың алгебра, және математиканың басқа бөлімдерінің әдістеріне сүйенеді. Ақпараттар теориясы мен оның әдістері түрлі ақпараттық жүйелердің, яғни функционалдық негізгі ақпаратты түрлендіру үдерісі болып табылатын жүйелердің (байланыс жүйесі, теледидар, есептеу жүйелері т.б.) үдерістерін анализдеу үшін кең қолданылады.

Компьютерлік техникада ақпарат теориясы әдістері ақпаратты қорғау, жүйенің дәлдігі, шапшаңдылығы мен беріктігін бағалау, компьютерлік желінің деректерін жіберудің белгілер мен каналдарын келістіру үшін кең қолданылады.

 

  • Ақпараттық процестер тақырыбына арналған сабақ жоспарлары

 

Қысқа мерзімді жоспары
Бөлім Ақпаратты ұсыну
Педагогтың аты-жөні Тассауин  Тастанбек
Күні 03.09.2020 жыл
Сынып 5 «А» Қатысушылр саны   Қатыспағандар саны  
Сабақтың тақырыбы: Біздің айналамыздағы ақпарат
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары 5.2.1.1 – әртүрлі ақпараттың мысалдарын келтіру және ақапаратты әртүрлі нысандарда ұсыну
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар:
Ақпарат ұғымы туралы анықтама береді.
Көптеген оқушылар:
Әртүрлі формадағы ақпаратды анықтайды.
Кейбір оқушылар:
Біздің айналамыздағы ақпараттың берілуі мен ақпарат алмасу түрлеріне мысал келтіреді.

 

Сабақтың барысы:

 

Сабақтың кезені/ уақыт Педагогтың әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
Сабақтың басы 1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3. (Ұ) «Миға щабуыл» әдісі

Оқулық § 1.1, 6-бет, 1-2-сурет

-Ақпарат сөзін қалай түсінесің?

-Адам ақпаратты қайдан алады?

-Адам қабылдаған ақпаратын қалай ұсыныу мүмкін?

-2-суретте адамның ақпаратты қабылдауының қандай түрлері бейнеленген?

-Адам, жануар мен өсімдік қоршаған ортадан ақпаратты қалай қабылдайды?

 

ҚБ: жұлдыз /1балл/

1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.

4Сұрақтарға жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұлдыз

/1балл/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

Сабақтың ортасы Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Күнделікті өмір сүріп отырған қоршаған ортадан түрлі ақпарат алуға болады. Мысалы, біз терезеден қарап, бүгінгі ауа райының қандай екендігі туралы ақпаратты бере аламыз.

Ақпаратты біз әр түрлі нысандардан аламыз: кітап оқығанда, теледидар көргенде, әуен тыңдағанда, затпен жаңасқанда, асты ішіп жегенде, суреттерді көргенде.

«Ақпарат» латынша «informario» — «түсіндіру, баяндау, мәлімет» деген ұғымды білдіреді.

Ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс және т.б.) туралы символ мен сигнал түрінде берілетін мәлімет.

Ақпараттың қабылдау түріне қарай жіктелуі.

/сурет/

Қоршаған ортада берілетін ақпараттың өзі әртүрлі болып беріледі. Бейнелеу тәсілдеріне қарай ақпарат

· мәтіндік,

· графикалық,

· дыбыстық,

· сандық

· бейнеақпарат болып бөлінеді.

Ақпараттың негізгі түрлерін қарастырайық. Мысалы: сөз, мәтін, әңгіме түрінде берілген ақпаратты мәтіндік ақпарат деп атаймыз. Ал кейбір ақпараттар бізге сурет, сызба, кесте түрінде беріледі, оны біз графикалық ақпарат деп атаймыз. Енді кейбір ақпараттар бізге сандық көрсеткіш түрде беріледі. Мысалы, сандар, арнайы өлшеммен жасалынған ақпараттар, кейбір есептеулер. Мұндай ақпараттарды сандық ақпараттар деп атаймыз.Санмен берілген ақпарат суретсіз де, мәтінсіз де бізге түсінікті болады.

 

Жеке жұмыс.1-тапсырма. «Кестені толтыр»

Дескриптор:

-Ақпаратты қабылдау түріне қарай жіктейді.

 

ҚБ: жұлдыз /3балл/

 

Жеке жұмыс. 2-тапсырма. «Ақпарат түрлерін анықта»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор:

-Ақпараттың берілу формаларын жазады.

 

ҚБ: жұлдыз /4балл/

 

Жеке жұмыс. 3-тапсырма.

-Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?

 

Дескирптор:

-ақпаратты қалай және қайда сақталатының мысалдар келтіреді.

 

ҚБ: жұлдыз /2балл/

 

Мұғалімді тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптерге анықтамасын жазады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптерге ақпарат түрлерін жазады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте толтырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпараттың берілу формаларын жазады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұлдыз

3балл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұлдыз

2 балл

Сурет/слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет/слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет/слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таратпа материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы 1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс: «Бір ауыз сөз»

Ұнады, қажет, пайдалы, білдім,

үйрендім, қызықтым, есте сақтадым

Өзін-өзі бағалау.    
Үй тапсырмасы § 1.1, 9-бет 1-тапсырма      

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы. – Алматы: ТОО «Издательство «Норма-К». – 202, 40 б.
  2. Кусайнов Г. М. Новая педагогическая технология: методология, теория, практика. – Усть-Каменогорск, 1997,242 с.
  3. Іргебаева Ә. И. Оқыту технологиясы ұғымы, мәні, сипаттамасы // Білім берудегі менеджмент №2, 61-65 б, 2000 ж.
  4. Барсай Б. Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамалары // Бастауыш мектеп, №8-9, 1999 ж.
  5. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии: Учеб. М.: 1997 ж.
  6. Қойбағарова Т. Қ., Ельтинова Р. А. Информатиканы оқыту әдістемесі – Павлодар : ПМПИ, 2013 ж., 204 б.