Алматы облысы Сарқан ауданы Алмалы ауылы Ер Төстік балабақшасының тәрбиешісі Әкия Тұрсынгүл

          Балабақша мен отбасы тәрбиесінің сабақтастығы

 

Педагог қолына адам тағдыры,болашақ ел тағдыры   тұрады. Заман талабына сай   тәрбиелеу – педагогтың басты міндеті. Ел ертеңі бүгіннен басталатынына терең мән бере білсек, егеменді еліміздің тірегі – патриоттық тәрбие мен ұлттық құндылықтарымыз бен сусындатып тәрбиелеген жас ұрпаққа тікелей байланысты. Болашақта  еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасы мен ішкі жіне сыртқы саясатын дамытатын да – бүгінгі  жас ұрпақтарымыз.

Қазіргі уақытта тәрбиеленушілерді білімді, еңбекқор, сыпайы, адамгершілігі мол, өнерлі  етіп тәрбиелеуге мол мүмкіндік жасалған.   Заман талабына сай, бойында ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, парасатты ұрпақ тәрбиелеу, отбасының, балабақшаның, — басты міндеті болып отыр.   Отбасы – қоғамдағы шағын мемлекет. Ата-ана мен бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі күннен-күнге арта түсуде. Бала тұлғасы, оның дамуы – тәрбиешімен отбасының арасындағы сабақтастық байланыс арқылы жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеуге болады. Отбасында ата-анада тәрбиелі, білімді, адамгершілік тәрбиесі жоғары болуы керек. «Адамның қалыптасуы бала кезден басталады. Жақсылық та адам бойына нақ сол бала кезде егіледі», — деп П.Н.Каптерев айтқандай қоршаған ортаға, ата-анаға қарап жақсы мен жаман қасиеттерді бойына сіңіріп өседі.

Қазіргі  кезде  еліміздің білім беру саласында  да, мектеп  жасына  дейінгі балаларға да патриоттық тәрбие мен ұлттық құндылықтарымызды ұштастыра  отырып тәрбиелеу – басты міндеттеріміздің бірі болып саналады.  Тәрбие бастауы отбасынан басталады. Отбасы – адам баласының өскен алтын ұясы. А.С.Макаренконың мына сөзінде айтқандай, «…Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзге асатын… адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны». Бала өмірінің алғашқы күннен бастап ата-ана өздерінің негізгі борышы – бала тәрбиесіене көңіл бөлуге міндетті. Бүгінгі таңда отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдында үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр.

Қазақ  ағартушысы  М. Жұмабаев: «…Әрбір  ұлттың  баласы  өз  ұлтының арасында өз ұлты үшін  қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші  баланы сол ұлт  тәрбиесімен   тәрбие  қылуға   міндетті » ,  —  деген.  Еліміздің   өркендеп, дамыған  заманында  жас  ұрпаққа саналы  тәрбие  және   сапалы   білім  беру деңгейі   ең    алдымен    тәрбиешінің    өзі    патриот,   оның     оқу    іс-әрекет барысындағы және іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты. 

      Тәрбиеші – Баланың    жеке    тұлғасын    қалыптастырушы,   тәлім-тәрбие өнегесінің  бастаушысы, жрқын   үлгісі,  бала   қиялын   самғатып,  арманына қанат  бітіретін   басты   тұлға.  Мына   мақал-мәтелде   айтылғандай:  « Адам адамнан   тәлім   алады,  ағаш   ағаштан   мәуе   алады» ,  «Ұстазы  жақсының, ұстанымы    жақсы» ,  —  дегендей    тәрбиешіге    қарап    үлгі,   өнеге,   тәрбие қалыптастырады.

«Тәрбие   басы – тал   бесік»  деп   халқымыз   айтқандай,  сәби   дүниеге келгеннен  бастап,  ақылына  көркі сай,  дене  бітімінің  дұрыс  қалыптасуына ерекше  мән  берген. Адамға  ең  бірінші білім емес, тәрбие керек. Әл-Фараби атамыз  айтқандай:  «Тәрбиесіз  білім – адамзаттың  қас  жауы,  апаты»  —  деп тәрбие мәселесін жоғары бағалаған.

«Балапан  ұядан  нені  көрсе,  ұшқанда  соны  іледі»   деп  халқымыз  да, отбасы  тәрбиесіндегі ата-ананың өзі  де тәрбиелі, өнегелі, білімді, көзі ашық, көкірегі  ояу  боуды, заман  ағымына  сай  болуды,  тәрбиенің   бастуы   өзіміз   ата-анадан  басталады. Өйткені  тәрбиенің  негізі  бес  жасқа  дейінгі   кезеңде  қалыптасады. Балаға  айналадағы  қоршаған  ортаның  әсері  мол. Үкендердің  және  өзінен  ересек   балалардың   бір-бірімен   қарым-қатынасы,  көңіл   күй  ерекшеліктері,   жұрыс-тұрысы,   еңбек   әрекеті   бәрі   де   балаға  үлгі-өнеге.  Баланың   жеке  тұлға  болып  қалыптасуына  отбасындағы  тәрбиемен   қатар балабақшада берілетін тәрбиенің де әсері мол.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бала тәрбиесінде отбасы мен балабақша және мектеп, қоғам болып тәрбиелеу. Өйкені, бүгінгі ұрпақ ертеңгі болашағымыздың жалғасы.              А. Байтұрсынұлы былай дейді: «Басқа халықтардан кем болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек, күшті болуға бірлік керек». Тәрбиемен білімді ұштасырып, сапалы білім бере алсақ, көк туымызды желбіретіп, мәртебесін биікке көтеріп, басқа халықтармен теңестіретін жас ұрпақтарымыз, тәрбиелі де білімді болып өседі. Осы жас буынды тәрбиелеу барысында баланы жастан дегендей, жасынан ұлттық тәрбиемен сусындатып, ұлттық құндылықтарымызға сүйене отырып тәрбиелеу арқылы ой-өрісі дамыған жеке тұлға болып қалыптасып өсері сөзсіз. Отбасының  темір  қазығы, алтын  тіреуі, берік  діңгегі – бала.  Сол  жас ұрпақты   тәрбиелеу   отбасының   міндеті. Егеменді  еліміздің  қанат  жайып, дамуы    мен    мәртебесін   асқақтап,   қазақ   ғылымын   дамытатын  осы  жас ұрпақтарымыз!