«БЕКІТЕМІН»

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

__________________Г.Ж.Каниева

                    Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары

 

Бөлім:1 Ғасырлар даналығы
Мұғалімнің аты-жөні: Ғапураева Ақнұр Әбсаттарқызы
 Мерзімі: 13.10.2021.  
 Сынып: 3 «б»  

 

Оқушылар саны: 24

Қатыспаған оқушылар:
Сабақтың тақырыбы №7  Оқу — менің еңбегім
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

 мақсаттары

Мектеп оқушысының құқығы мен міндеттерін біледі және түсінеді, оқушы парызын (қажетті мектептік құрал-жабдықтардың және орындалған үй жұмысының, сынып жұмысының болуы) орындайды.
Құндылық

 

Дұрыс әрекет
Қасиеттер Талаптылық,, ізденімпаздық, еңбекқорлық
Сабақтың    мақсаты Оқушыларға оқудың қажырлы еңбек екендігін түсіндіру арқылы,     жалпыадамзаттық дұрыс әрекет  құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері

 

—        оқушыларға «оқу»,»білім», «еңбек» ұғымдарын ұғындыру;

—        оқу-білім алуға қызығушылықтарын арттыру арқылы  өзіне талап қоя білу қасиетін дамыту;

—         білімді болып өсу үшін ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа  тәрбиелеу.

 

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері / Уақыт Педагогтің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі   (1 мин)

 

1. Жағымды көңіл күй  (1-3 мин)

 

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.

 

 

 

Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.

 

 

Оқушылар  

жағымды күйге келіп,терең ойлауға бейімделеді.

Оқулық, мұғалімдерге арналған  әдістемелік құрал.

 

2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу) (3-5 мин)

 

Оқулық, №7 сабақ 30-беттегі

«Кел, балалар,оқылық! «

  Ыбырай Алтынсариннің өлеңі.  

Мұғалім мәтіннің мазмұнын оқушылардың қалай түсінгендерін сұрақтар қою арқылы сұрайды.

Сұрақтардың көмегімен оқушыларды «оқу»,  «білім»   ұғымдарын түсінуге жетелейді, сонымен қатар олардың өзара байланысын түсінуге көмектеседі..

Сұрақтар:

— Оқу адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

— Неліктен оқыған адамның тілегі орындалады?

— Білімді болудың ерекшелігі қандай?

-Саған  оқу оқып, білім алу үшін қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

Оқушылар өлеңді мәнерлеп айтады. Өлең мазмұнынан түсінгендерін ортаға салады  және «оқу», 

«білім» ,   ұғымдарын түсінеді.

Оқулық
3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз)    (3-4 мин) «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ».

                                            Нақыл сөз

-Білімсіз күнің жоқ сөзінің  мағынасын қалай түсіндіңдер?

          Мұғалім сабақтың дәйексөзімен таныстырады.Оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінгендерін сұрайды. Оқушылардың жауаптарына сүйене отырып өзі қорытынды жасайды.        

Дәйексөзді дәптерге жазуды ұсынады.

Оқушылар нақыл сөздің мағынасын талқылайды,оны       2-3 рет қайталайды және дәптерге жазады.  Презентация, слайд.

Жұмыс дәптерлері.

4. Оқиғалар айту (әңгімелесу)

 (4-8 мин)

 

Мұғалім    » Қарқын» Құрманбай  Толыбаевтың әңгмесін  айтып береді.

 

Бір күні тал түсте демалу үшін үлкен ағаштың көлеңкесіне жиналып отырған бір топ адамдардың үстіне Әбунасыр келіп қалады да:

– Жұмыстарың қарқынды болсын, жігіттер! – деген тілек айтады. Данышпан ғұламадан жақсы сөз, жылы лебіз естіп, құштарланған жігіттердің біреуі:

– Мәртебелі ұстаз, – дейді зор ілтипатпен. Бізге анықтап түсіндіріп беріңізші, қарқын деген не?

– Әбунасыр көлеңкеге тоқтап, малдас құрып отырады да, әлгі жігіттердің бетіне күле қарап, жауап қайырады: Қарқын – адамның жасаған әрекетінің нәтижелі болуы үшін өзінің күш-қайратын іркімей жұмсап талпынуы.

– Ал әрекет неден пайда болады?

– Әрекет – білуге құштарлықтың, білімді болудың түп қазығы. Адам өз әрекетінің нәтижесіне тек білім арқылы жете алады.

Отырғандар ғұламаның сөзі көкейлеріне қонғандай, ойға шомып қалысты.                     

 Сұрақтар:           

Әбунасырдан жігіттер не жайлы сұрады?              

Қарқын дегенді қалай түсінесіңдер?

-Оны қайда және қандай іске жұмсау керек?                       

Ойлаған мақсаттарыңа  жету үшін не істер едіңдер?            

Өз істерін сүйіспеншілікпен атқарған жігіттердің бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?

Оқушылар оқиғаның тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, ізденімпаздық пен еңбекқорлық    арқылы адам білімнің биік шыңын бағындыра алатыны туралы ойланады. «Қарқын»

Құрманбай

Толыбаевтың әңгімесі.

«Мөлдір бұлақтан»      І том 116 бет

5. Шығармашылық жұмыс

(12-15 мин)

 

Мұғалім оқушыларды 3 топқа біріктіреді және топта жұмыс ұйымдастырады.

І топ «Еңбекқорлар»

ІІ топ «Ізденімпаздар»

ІІІ топ «Талаптылар»

 

  «Еңбекқорлар»  

  1-тапсырма.

  Мақалды аяқтау

1. … көкке жеткізер
Өнер көпке жеткізер. (білім)
2. Кітап – білім бұлағы,
Білім — … шырағы. (өнер)

 

  «Ізденімпаздар»

  2-тапсырма.

   Өлеңді аяқтау
Алуан бояу іріктеп…….. (алды)
Асықпай, Мұрат ………..(суретті) салды.
Столға жайып…….(қағазды) аппақ
…….(Сарымен)   сұлу жасады бақ — бақ

 «Талаптылар»

3-тапсырма.

Оқулықта  3-тапсырма 32бет

«Білімді адам қандай болады?»Тізбелеп жазыңдар.

Оқушылар топтарға бөлінген тапсырмаларды бірлесіп орындап,әр топ өз жұмыстарын таныстырады. Флипчарттар,түрлі түсті бояуларъ
6. Үй тапсырмасы (1-2 мин) Алдын ала берілген үй тапсырмасы: Мұғалім оқулықтан  №8 сабақ 33-бет Сапарғали Бегалин  «Бала Шоқан» әңгімесін оқып, сұрақтарға жауап беруге дайындалып келулерін сұрайды. Оқушылар үй тапсырмасын жазады.  
7.  Топпен ән айту

(2-3 мин)

 

 

Мұғалім оқушылармен бірге 

Бота Бейсенованың орындауындағы «Оқуда озат боламын» әнін шырқайды

 

 

Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды. Экранға өлеңнің мәтіні көрсетіледі.

https://youtu.be/hvQeh8UasAQ

 

8. Сабақтың қорытынды сәті       (1 мин) Мұғалім оқушыларға сабақта игерген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, оны жүрегінде сақтауды ұсынады. Мұғалім оқушыларға өздеріне сенімді болып, білімді еңбекқор болуға  тілек білдіріп бүгінгі сабақ үшін рахмет айтады. Оқушылар рефлексия жасайды. Баяу композиция қойылады.

Вольфганг Амадей Моцарт

https://www.youtube.com/watch?v=Ziai7G38gY