Абдрахимова Жадыра Жолдасбековна

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы

облысы бойынша педагог қызметкерлердің

біліктілігін арттыру институты,

«Әдіснама және педагогикалық инновация»

кафедрасының аға оқытушысы

 

«Есту қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері»

 

Есту органының күшті бұзылуы бұл – өздігінен немесе емделудің нәтижесінде есту органының жақсармауы. Есту органының күшті бұзылуы іштен туа біткен және жүре пайда болуы мүмкін. Іштен туа біткен есту органының күшті бұзылуы сирек кездеседі. Оның себептері: тұқым қуалаушылық, әйел баласының түрлі дәрі-дәрмектерді қолдануы, оның инфекциялық аурулармен ауруы.

Жүре пайда болған себептер: ортаңғы құлақтың күшті қабынуы, мұрын және жұтқыншақ аурулары, ауыр инфекциялық аурулар (менингит, скарлатина, қызылша) туылу кезіндегі баланың алған жарақаттары.

Есту функциясының бұзылу дәрежесіне қарай есту жетіспеушілігі екіге бөлінеді: кереңдер және құлағының мүкісі бар адамдар.Құлағының мүкісі бар адамдар – сөз-сөйлемді қабылдаған кезде түрлі қиыншылықтардың кездесуі. Сөз-сөйлемді қабылдағанда түрлі тәсілдер қолданылады (дауысты қатты шығару, дыбыс күшейткіш приборларды қолдану, нашар еститін адамның құлағына жақындап сөйлеу).

Есту жетіспеушілігінің түрлеріне байланысты балаларды екі топқа бөледі: кереңдер және нашар еститіндер. Кереңдердің өзі екі түрге бөлінеді: біріншісі сөз сөйлеу қабілетінен айырылған кереңдер (керең-мылқаулар); екіншісі сөз сөйлеу қабілеті бар кереңдер (есту қабілетінен кеш айырылғандар).Баланың дамуы бұзылған кезде оның қоғамда әлеуметтену процесі және әрі қарай бейімделуі қиындайды.Қамқорлаумен қатар емдеу туралы ол қоршаған ортада «Өз орнын таба ала ма, қанағаттанып толықтай өмір сүре ала ма?» деген сұрақ туады.Ол үшін не істеу қажет? Бұл үшін мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік оңалту және бәрінен бұрын оларды белсенді әрекет пен қоршаған ортаны тану үшін мүмкіндік беретін шынайы әрекеттерге тарту қажет.

ХХ ғасырдың аса көрнекті ғалымы Л.С. Выготский естімейтін балалар адам тәртібінің барлық жиынтығына, яғни белсенді өмірге қабілетті дегенді алға тартады.

Сонымен қатар, адамның өзін-өзі тануы үшін, алдымен өзіндік «Мен» кейіпін қалыптастыру қажет. Бүкіл әлемдегі психологтар мен ұстаздарды жалпы білім беру мектептерінде оқитын нақты клиникалық диагнозы жоқ, бірақ оқуы мен мінез-құлқында айқын қиындықтары бар оқушылар популяциясының көбеюі мазалайды. ҚР Білім және ғылым министірлігінің көрсеткіштері бойынша бірінші сыныпқа қабылданған балалардың 60% -да соматикалық және психофизикалық дезадаптацияның қауіпі бар, және де

олардың 35%-да психикалық жүйке-жүйесінің айқын бұзылысы балабақшаның кіші топтарында анықталған. Бұл балалардың арасында есту қабілеті бұзылған балалар ерекше орын алады. Бұл балалардың өмірде өз орынын табуы, әлеуметтік бейімделуі, өзін тұлға ретінде қалыптастыруы, өзін –өзі бағалауы мен дамытуы – қазіргі таңдағы ең күрделі мәселенің бірі. Осыған байланысты бұл категориядағы балаларды оқытуда оқытудыудың шарттарын анықтау және де оқытудың барлық кезеңдерінде психологиялық қолдап отыру ерекше маңызды.Есту қабілеті бұзылған балалардың олардың тұлғалық және психикалық дамуын жан- жақты қарастыратын жұмыс бағыты қажет. Тұлғаның үйлесімді қалыптасуы үшін, баланың өзін-өзі бағалауын дамыту үшін, міндетті түрде өзін қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас орнауы қажет, баланың қасында оны жақсы көретін және түсінетін ересек адам болу керек.

Алайда, баланың ақыл-ой дамуының кейбір бұзылушылықтары бар отбасында — бұл ата-ана трагедиясы. Даму мүмкіндігі шектеулі бала туу отбасының барлық мүшелері үшін сынақ болып табылады. Есту қабілеті бұзылған балалардың тұлғалық және танымдық қызметінің жүйелі психологиялық зерттеуі, психикалық дамудағы бұзылыстарын анықтау арқылы ғана, дамуында бұзылысы бар балалардың барлық психологиялық танымын қалыптастыратын кешенді түзету – дамытушылық бағдарлама құрастыра алады. Есту қабілеті бұзылған балалардың олардың тұлғалық және психикалық дамуын жан-жақты қарастыратын жұмыс бағыты қажет. Бұл жағдайда танымдық іс- әрекетінің ерекшеліктері,онтогенездегі психиканың дамуы, екіншілік кемістіктің айқын дәрежедегі көрінісі және тұлғаның жеке қалыптасуы – тіл кемістігі бар балалардың психикалық дамуының негізгі мәселесі болып табылады.Өзін-өзі бағалауының айқын төмендігі есебінен баланың әлеуметтік бейімделуі мен қоғамға енуінде қиындықтар туындайды. Белгілі кемістіктің бар болуына байланысты, мүмкіндігі шектеулі бала мен оның қауымы арасында өзіне тән қатынас пайда болады. Көп жағдайда кемістік баланы оқшаулап, оны шеттетеді.Сондықтан да есту қабілеті бұзылған балалардың отбасындағы тәрбиелену, оқу қоғамға бейімделу процессіне бағыныштылығы, сау баламен салыстырғанда әлдеқайда көп.

Сонымен қатар өзін-өзі бағалауының қалыпты дамуына баланың өз ортасымен,достарымен қарым-қатынасы өте маңызды болып табылады. Белгілі бір іс-әрекеттердегі жетістіктерін басқа балалардың нәтижелерімен салыстыра отырып, бала өз мүмкіндіген дұрыс және тура бағалауға үйрене бастайды. Бұл жерде баланың өз мүмкіндіктерін бағалауға оның ата-анасы көмек беруі тиіс, бірақ ешбір жағдайда баланың өзі туралы ой – пікірін жоққа шығармау керек. Жеке өзін–өзі бағалау үлкендердің бағалауы және баланың өзіндік тәжірибесі негізінде қалыптасады. Есту қабілеті зақымдалған балаларда өзін-өзі бағалауы барлық кезеңдерге сай өтеді, бірақ әр кезеңде белгілі-бір тежеулер бар. Бұл сырттан келген ақпараттың көлемінің ерекшелігіне байланысты. Себебі, кемістік аумағы есту аппараты болса, бұл өзі –өзі бағалаудың қалыптасуының негізігі орталығы. Себебі, есту қабілеті

бұзылған бала үлкендер немесе айналадағылар оны не деп бағалап жатқанын естімейді.

Сондықтан да қалыпты дамыған баланың өзін-өзі бағалауының қалыптасуында пайда болатын мәселелердің барлығы, есту қабілеті зақымдалған балалардың қалаптасуында әлдеқайда қиын үдеріс болып табылады. Баланың мектепке барғанына дейін оның дамуына отбасы тікелей әсер етсе, мектепке барған соң баланың тұлғасына әсер ететін көптеген жаңа жолдар ашылады, олар: достары, мұғалімдер, қоршаған ортасы, оқу процессі. Бірақ бұл отбасының қатынасының төмендеуіне әкеледі деген сөз емес, отбасы қатынасы әркезде де ең маңызды фактор болып табылады. Қалыпты дамыған балаларға қарағанда есту қабілеті бұзылған балалардың өзін-өзі бағалауда кезеңнен кезеңге өтуінде өзіндік тежелулер болады, және де бұл паталогия болып саналмайды. Психология тұрғысынан қарасақ, сурдопсихологияда есту қабілеті бұзылған балалардың мінезінің өзіндік ерекшеліктерін айқындап көрсетеді. Олар, невротикалық жағдайларға, астено- невротикалық және психопатиялық жағдайларға бейімділігі. Л.М.Барденштейннің зерттеулері бойынша эмоционалды-танымдық жетілмеушілік 7 – 13 жас аралығында айқын көрінеді. Т.Н.Прилепскаяның айтуы бойынша, есту қабілеті бұзылған балалар қоршаған орта жағдайына бейімделуде әлеуметтік жетілу жағынан еститін балалардан артта қалып қояды. Оларда белгілі іс- әрекет пен қажеттілік ерекшеліктерімен байланысты эмоционалды-әрекеттік бұзылыстар көп кездеседі. Себебі, мұндай балалардың көбі арнайы мектеп-интернат жағдайында болады, яғни «еститін әлемнен» оқшауланған. Ал мектеп-интернаттар арнайы есту қабілеті бұзылған балаларға арналғандықтан, мұнда жеңілдетілген талаптар мен қолпаштаулар балада өзі туралы алдамшы пікірлердің пайда болуына әкеледі. Мектепті бітіргенше балалар өз кемістіктеріне байланысты қандай да бір қиындықтарға ұшырамайды. Мұның өзі де балада өзі туралы, өзін-өзі бағалау туралы қате пікірлердің қалыптасуына әсер етеді.

Кесте

Есту қабілеті сау және есту қабілеті бұзылған балалардың өзін — өзі бағалау ерекшеліктері Осылайша,біз көріп отырған кестеде зерттеуді жүргізу барысында есту қабілеті бұзылған балалардың өзін — өзі бағалауы 70 % жеткілікті көтеріңкі,есту қабілеті сау балалардың өзін — өзі бағалаудың нақты түрі жоқ екенін көреміз. Жоғарыда айтылғанға сүйенсек, адекватты өзін-өзі бағалауының қалыптасуы үшін, түрлі факторлар әсер етеді. Ол факторларға – отбасындағы тәрбие, оқудағы жетістіктер мен дағдылар, оқыту жағдайлары, коммуникативтік дағдылардың даму дәрежесі жатады. Естімейтін ата-аналардың естімейтін балалары мен еститін ата-аналардың естімейтін балалардың өз-өзін бағалауынын салыстырмалы түрде алғанда, алғашқысында өзін-өзі бағалау адекватты екенін көрсетті (К.Мидоу, 1980). Есту қабілеті төмен балалардың мазасыздануы және нейтротизмі (20% 10%) жоғары екендігін көрсетті. Ал есту қабілеті қалыпты балалардың сенім мен белсенділігі, табандылық сезімі (33%),қарым-қатынасқа ұмтылыс, көңілді болу(26%). Есту қабілеті (100%) қалыпты балалармен алыстырғанда, есту

қабілеті бұзылған балалар өзінің әл-ауқатсыз жағдайын тепе-теңсіздік жолымен ең төмен көрсеткіштермен көрсетті (30%). Мұндай жағдайлар есту қабілеті бұзылған балалардың әр түрлі адам сезімімен кеш танысуы, әдеби шығармаларды қиын түсінуі бұл — эмоциялық күйзелістің себебі, нәтижесінде баланың орта мен қарым-қатынаста өз тілегін және сезімін жеткізе алмай күйзеліске түсуі, оны әлеуметтік қарым- қатынаста тітіркендіріп, агрессияға, жүйке ауруына әкеп соқтырады. Жеке тұлға ретінде мінез-құлық және басқа да адамның бағалау стандарттарын тарихи нормаларын беруге байланысты құлағы нашар еститін балалардың жеке дамуы үшін мына бағыттар бойынша біріншіден, ол тұлғаның сапасының нашарлау идеясын есту қабілеті нашар балаларға мінез- құлық нормаларын эмоционалдық қасиеттерін қалыптастыру қажет. Басқа адамдардың іс-әрекеттерін түсіну қабілетін қалыптастыру және студенттік эталондық бағалау оны беруге, балалар мен ересектер — екіншіден, сіз басқа адамдардың мінез-құлқы осы қасиеттердің көрінісі, оларды көру үшін үйрету керек. Табысты тұлға аралық қарым-қатынас кілті — үшіншіден, бір жағынан, екінші жағынан, өз мінез- құлқын реттеу үшін негіз болып табылады құнсыздануы адекватты өзін-өзі бағалауды, есту қабілеті нашар балаларға қалыптастырады. Мектеп жасындағылағылар мұны істеу үшін балалар басқа балалармен жұмыстар жасай отырып, іріктеу, оларды салыстыру, олардың өнімділігін бағалау қажеттілігіне тап болады, онда осындай жұмыс нысандарын пайдалану керек. Оқыту қызметі процесінде, түрлі жағдайларда түрлі қиындықтарды шешуде автономия балаларды қамтамасыз ету үшін қажет. Мектеп жасында, ол жеке қасиеттері, эмоционалдық тәжірибе мен әдебиеті қарым-қатынастар кейіпкерлерінің талдау негізінде тұлғааралық қарым-қатынас, фильмдер, нақты өмірлік жағдайларда қатысты спектакльдер туралы есту қабілеті нашар балаларға өкілдігін байытып маңызды болып табылады.

Жоғарыдағы жағдайларды айта отырып, келесідегідей қорытынды жасауға болады:

1.Әлеуметтік ортаға кіріктіру барысында білім алуға мүмкіндіктері әртүрлі балалардың жалпы және арнайы педагогикалық жүйесінің адамгершілік баламасы болып табылады;

2.Бейімдеуге байланысқан балалар өз әлеуметтік тәжірибесін байыта отырып,бала ұжымында қалыпты қарым-қатынасты орнатуға үйренеді;

3.Мүмкіндігі шектеулі балалар әлеуметтік, адамгершілік жағынан жан жақты дамуға мүмкіндік алады.

Жалпы есту қабілеті бұзылу факторларын терең зерттеу қажет. Салауатты Қазақстан бағдарламасын жастар арасында танымалдандыру қажет, спортты үгіттеу қажет, әр түрлі зиян әдеттерден аулақ болуды насихаттау және сәйкес іс-шаралар жүргізу қажет. Есту қабілеті нашар балалардың ата-аналарын профилактикалық жұмыстар жүргізу, балаларды дамыту методикалырын үйрету қажет, ондай отбасыларын қолдау ретінде арнайы орталықтар салыну қажет, және олар кез келген азаматқа қолжетімді болу керек. Жұмыс орындарын ашу, мекемелерге Заңды түрде мүмкіндіеткрі шектеулі адамдарды жұмысқа алуды үгіттеу. Қазіргі уақытта нашар көретін

адамдар үшін іс-шаралар қолданылып жатыр, бірақ нашар еститін адамдар үшін сәйкес шаралар жүргізілмеген