r4SBf9pjSaU (1)«Үздік автор»
Республикалық сайысының
ЕРЕЖЕСІ

«ӨРЛЕУ» Білім-ғылым, технологиялар Порталымен
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Үздік автор» сайыс нәтижесінде ұстаздарға «Үздік автор» төсбелгісі беріледі.

1. Жалпы ережелер:
1. «Үздік автор» төсбелгісін беру аса маңызды моралдық ынталандыру, еңбегі сіңген ғалымдардың, педагогтардың, ұстаздардың, авторлардың жемісті қызметіне, олардың таланты мен бастамашылығына портал әкімшілігі тарапынан ілтипат сезімін білдіру болып табылады.
2. «Үздік автор» төсбелгісі ғалымдардың, педагогтардың, ұстаздардың, авторлардың ерекше сіңірген еңбегінің белгісі ретінде:
— республикалық (облыс, қалалық, аудандық) ғылым мен мәдениеттің, білім мен тәрбие саласының дамуына үлкен үлес қосқаны үшін;
— мемлекеттік және білім беру саласындағы қызметте, жариялылық және әлеуметтік прогресті, рухани және зияткерлік әлеуетті, шығармашылықты дамытуда жетістіктерге жеткені үшін;
— республикалық (облыстық, қалалық, аудандық) еліміздегі білім саласына және ұрпақтың болашағын кемелдендіріп арттыруға қосқан зор үлесі үшін беріледі.

2. «Үздік автор» төсбелгісін беру мақсаты мен міндеттері:
1. Республикадағы педагогтар мен ғалымдарымыздың жеткен жетістіктерін ақпараттық-имидждік жария ету.
2. Республика ұстаздарының өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан дамытуы мен кәсіби өсуі үшін моральдық ынталандыру.
3. Портал кітапханасын ашу және кітпахана қорын жинақтау, материалдарды медиялық айналымға енгізу.

3. Байқауға қатысушылар.
ҚР білім беру туралы заңы бойынша
12-бап. Білім беру деңгейлері
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлерін:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды;
2) бастауыш білім беруді;
3) негізгі орта білім беруді;
4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беруді);
5) орта білімнен кейінгі білім беруді;
6) жоғары білім беруді;
7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды. (http://talmetod.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=26&Itemid=151 ).
Қатынасушылар педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, мектепішілік және аудандық, облыстық (қалалық), республикалық байқаулардың жеңімпаз оқушылары, 3 жыл ішінде 5-10 мақала, авторлық әдістемелік құралы болуы шарт (көрсетілген құжаттардың сканерін немесе сілтемесімен тізімдеп Word нұсқада жіберуі керек: марапаттар көшірмесі немесе тізімі; баспаға шыққан мақалалар, авторлық әдіст.құралының мұқабасы, мақаласы және мазмұнының көшірмесі немесе тізімде сілтемеге ФИО, кітап атауы, баспасы, мерзімі, жұмысының атауы, беті көрсетілуі тиіс).
3.1. Республикалық (облыстық, қалалық, аудандық) мектеп мұғалімдері «Үздік автор» төсбелгісін алу үшін толық құжаттарды жинақтап, портал әкімдігіне ұсыныс енгізеді. Құжатнамада «Үздік автор» төсбелгісіне үміткердің негізгі өмірбаяндық деректері, оның облыс (қала, аудан) алдындағы жетістіктері мен сіңірген еңбегін растайтын құжаттармен бірге қысқаша сипаттама, сондай-ақ үміткердің 3*4 көлеміндегі фотосуреті, жеке куәлік көшірмесі электронды түрде беріледі.

4. Байқауды өткізуді ұйымдастыру:
Байқау 2016 жылдың 1-желтоқсан мен 2017 жылдың 1-наурыз аралығында өтеді. Қорытынды 10 наурызда шығады.
Байқауға келіп түскен материалдарды редакцияның арнайы коммиссиясы іріктеп қарайды. Ең «Үздік авторлар» суреттері orleu.kz порталының құрмет тақтасына енгізіледі. Редакцияның арнайы төсбелгісі, куәлігі және мадақтамасымен марапатталады. Байқау ақылы түрде өтеді.

Байқауға қатысушылар электронды құжатнамаларын gylym-bilim@mail.ru, gylym-bilim.kz@mail.ru электронды пошталарына жолдаңыздар.

Сұрақтар бойынша: 87775038186, 87055553380, 87018777002