IMG-20160717-WA0001

Құрметті ұстаздар!!! «ШЫҒАРМАШЫЛ ҰСТАЗ» ІІ-Республикалық байқауын өткізетінін хабарлаймыз!!!

 

Байқаудың мақсат-міндеттері:

— кәсіби деңгейі жоғары және шығармашыл, талантты педагогтарды анықтау;

— білім беру мен тәрбиелеуде жаңа тиімді педагогикалық технологияларды  анықтау;

— мұғалімдердің үздік іс-тәжірибесін тарату,  кеңінен насихаттау;

— мұғалімнің қоғамдық оң имиджін қалыптастыру.

 

Байқауға қатысушылар:

Білім беру мекемелері, орта білім беру мекемелері, бастауыш, орта және кәсіби білім беру мекемелері, балаларға арналған қосымша білім беру мекемелерінің педагогтері, мектепке дейінгі және балабақша тәрбиешілері мен тәлімгерлері қатысуына болады.

 

Байқаудың шарттары:

  • Педагогтың еңбек өтілі 5 жылдан жоғары болу.
  • Куәлік көшірмесі мен сапалы түрлі-түсті 3/4 суреті.
  • Білім саласындағы қызметі үшін алған марапаттауларының (Республикалық, облыстық білім басқармаларының немесе аудандық білім бөлімінің алғыс хаттары мен грамоталарының) көшірмесі (электр.нұсқасы).

 

Байқау критерилері:

  1. Конкурсқа қатысу үшін ұстаз өзінің инновациялық білім беру технологияларының бірін қолдана отырып өткізген ашық сабақ үлгісінің  5-6 минуттық видеоролигын ұсынады. Сабақ әзірлемесінің электрондық нұсқасын қосымша жіберуі керек.

НЕМЕСЕ

2. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерей тойына орай эссе жазуы керек. /1-4 беттен аспауы тиіс/.

Орфографиялық қателердің болмауы өте маңызды.

! Жұмысты жібергенде міндетті түрде «ШЫҒАРМАШЫЛ ҰСТАЗ» байқауына деп көрсетулеріңіз қажет.

 

Байқаудың өту уақыты: II-кезең

2017 жылдың 01-қаңтардан  10-наурыз  аралығында өтеді. Қорытынды 25 наурызда шығады.

Конкурсқа келіп түскен материалдарды редакцияның арнайы коммиссиясы іріктеп қарайды. Іріктеуден ең үздік деп табылған ұстаздар фотосуреті «Өрлеу» порталының құрмет тақтасына тегін енгізіледі. Редакцияның арнайы дипломымен, төсбелгісімен және мадақтамасымен марапатталады. Байқау ақылы.

Жұмыстарыңызды  gylym-bilim@mail.ru, gylym-bilim.kz@mail.ru электронды почталарына жолдаңыздар.

Сұрақтар бойынша:  87775038186, 87055553380, 87018777002