Құрметті ұстаздар! Байқаудың мақсат-міндеттері:
Республикамыздың
білім жүйесіне үлкен үлес қосқан мұғалімдерді анықтау. Интелектуалды-шығармашылық
сайысты өткізу арқылы, мұғалімдерді ғылыми, креативті және шығармашылық
ізденіске ынталандырып, білім беру жүйесінің дамуына ықпал ету.
— білім беру мен тәрбиелеуде жаңа тиімді педагогикалық технологияларды анықтау:
— мұғалімдердің үздік іс-тәжірибесін тарату, кеңінен насихаттау:
— мұғалімнің қоғамдық оң имиджін қалыптастыру.
Байқауға қатысушылар:
Жалпы орта мектептері,гимназиялары, мектеп-интернаттары, мектеп-лицейлері, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының мұғалімдері мен оқытушылары, мектепке дейінгі және балабақша тәрбиешілері мен тәлімгерлері қатысуына болады.
Байқаудың шарттары:
Педагогтың еңбек өтілі 12-жылдан жоғары болуы.
Куәлік көшірмесі мен сапалы түрлі-түсті 3/4 суреті.
Білім саласындағы қызметі үшін алған марапаттауларының (Республикалық, облыстық білім басқармаларының немесе аудандық білім бөлімінің алғыс хаттары мен грамоталарының) көшірмесі (электр.нұсқасы).
Байқау критерилері: —
Мазмұнның өзектілігі,
креативтілігі;
— Тақырыпты ашу тереңдігі
мен кеңдігі; 3-5 бет
— Сөйлеу шеберлігі; мүмкіншілік болса видео-ролик 3-5 мин
— Мұғалімнің шығармашылық өнері, оның қазіргі әдістемесін қолдану шеберлігі; жазбаша немесе слайд түрінде.
— Білім берудегі жүйелікті қолдану;
— Сабақ беруде қолданылған әдістер мен шаралардың толық сипаттамасы; жазбаша 3-5 бет
— Сабақтың қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес болуы; жазбаша
— Білім алушылардыңбелсенді жұмыс жасауға жасалынған жағдайлар; слайд немесе жазбаша
— Заманауи ақпараттық технологияларды қолдануы; слайд немесе жазбаша
— Жаңа әдістемелік технологияларды қолдануы слайд